«Мен және менің Анам»

Мақсаты: Баланы ата-анамен бірлесе отырып жан-жақты тәрбиелеп, дамыту. Отбасындағы тәрбие – өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білу, отбасы мен балабақша арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Құрал-жабдықтар: айна, әйнек, түрлі-түсті бояу, ыдысқа толтырылған су, мақта ілінген қыстырғыштар, қатты қағаз.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, үйрету.
(Арттерапия, изотерапия, дәстүрден тыс сурет салу)
Барысы:
І. Сәлемдесу.
Мақсаты: Ата-аналарды орындарына отырғызу, жақсы көңіл-күйді қалыптастыру. «Сәлем – сөздің анасы» демекші кез-келген жерде, қандай жағдай болмасын адамдар қарым-қатынасқа жеңіл өту үшін алдымен амандасып, сәлем алысқан. Дүниежүзіндегі сан алуан халықтардың сәлемдесу салты да түрлі-түрлі болып келеді.
1. «Еуропалықтар»-қолын қысады
2. «Жапондықтар»-иіледі
3. «Оңтүстік африкалықтар»-арқаларымен үйкелеседі
4. «Үндістер»- алақандарын бір-біріне қойып, жоғары қаратып, қастарына тигенше көтереді.
5. Ал, енді өзіміздің ұлттық қазақша амандық-саулық сұрап, қал-жағдайымызды білгенге не жетсін!
Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтыңыз.
Мысалы: Мен бақытты – Бақытгүлмін.
Педагог келесі сұрақтарды қояды:
— Сізге, кімнің таныстыруы есте қалатындай әсерін тигізді?
— Сіз үшін кімнің таныстыруы өте ерекше?
— Кімнің айтқан ойы сізге түсініксіз, немесе таң қалатындай болды?
Бұл сұрақтардың көмегімен қатысушылардың тілдік белсенділігін шақыру. Әрбір бала – дара тұлға. Бала тәрбиесінде ата-ана балаға қысым көрсетуден, бала көзінше дөрекі сөйлеуден, жат қылық көрсетуден аулақ болып, үлгі болу керек. Сонда ғана білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз.
№1 тапсырма. Дәстүрден тыс сурет салу әдістері.
— Мақта мен қыстырғыштың көмегімен
— Қатты қағаз көмегімен
— Ысқыштың көмегімен, бастыру арқылы сурет салу
№2 тапсырма. Әйнекке сурет салу.
Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты: Ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ересектердің пікірімен санасу.
Психологиялық сәт. «Ана мен бала»
Мақсаты: Ана мен бала бір біріне жүректен шыққан жағымды сөздерін жеткізу арқылы көңіл күйлерін көтеру.
Мысалы: — Ана сіз бақыттысыз.
— Ана сіз әлемдегі ең керемет жансыз.
— Ана сіз мейірімдісіз.
№3 тапсырма. Айнаға сурет салу.
Мақсаты: Анасы мен баласына өз жылуын сурет бетіне бейнелейді.
Қорытынды:
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады мағанда (өзін көрсетеді)
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады сағанда (досын көрсетеді)
Ж.Ж.Руссо «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесіде бала сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген екен. Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Олай болса, әр кез жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге ат салысайық!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *