Дене мүшелерінің қызметі

Ашық сабақ
Әлеуметтік дамыту
3 топ
Сабақ тақырыбы: Дене мүшелерінің қызметі
Сабақ мақсаты: Білімділік
1 Адам денесінің негізгі бөліктері туралы түсінігін пысықтау, орналасу ретін ажыратуға, қажеттілігін түсініп, атқаратын қызметін білуге үйрету, қоршаған орта туралы білімін толықтыру.
Түзете-дамытушылық:
Тақырыпқа байланысты көрнекілік пайдалана отырып, балалардың ой-өрісін, көріп, естіп, қабылдауын, көрнекі әрекетті, бейнелі ойлауын, көріп, естіп, есте сақтау қабілеттерін, зейін қиялын, сенсорлық білімдерін, сөздік қорларын, ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Тәрбиелік: Белсенділігін, өзін-өзі бағалап, күтіп ұстауға, ұйымшылдыққа, гигиеналық талаптарды орындауға, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: суреттер, дене мүшелері салынған плакаттар, ойындарға байланысты кеспе суреттер, доп, бет әлпетке шыны мольберт, слайд.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, ойындар.
Пәнаралық байланыс: Құрастыру, бейнелеу, математика, тіл дамыту, сауықтыру, сенсорлық қабылдау.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Баланы сабаққа психологиялық дайындау
-Балалар қараңдаршы бүгінгі біздің сабағымызға біздің орталықтың мамандары келіп отыр.
-Қонақжайлылықты қалай көрсетеміз?!
Біз бақытты баламыз,
Өсті ақыл-санамыз.
Қонақтармен ең алғаш,
Амандасып аламыз.
-Қонақтарымыз сендердің білімдеріңді, не үйренгендеріңді, оны өмірде қалай қолдана алатындықтарыңды көруге келді.
Олай болса бәріміз сабаққа атсалысайық.
-Қазір қандай сабақ?
Балалар:- Әлеуметтік дамыту.
-Әлеуметтік дамыту сабағынан не үйренеміз?
Бізді қоршаған табиғат, құстар, жыл мезгілдері, жануарлар, көліктер туралы білеміз.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс.
-Қыс мезгілінің айларын атаңдаршы?
-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
-Қазір қай ай?
-Ақпан.
Бүгін ақпан айының нешесі? (21)
Аптаның нешінші күні? (бейсенбі)
-Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтайықшы. ()
-Қар жауады, суық, аяз, үскірік, боран соғады.
-Ендеше, қар жауғанын қимылмен көрсетейікші.
-Боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
-Үскірік аяз болып, тоңғанда не істейміз?
— Балалар, қолдарын жоғары көтеріп, әрі-бері шайқалып, ауыздарымен гуілдеп дыбыс шығарады. Балалар қолдарын қуыстырып, аяқтарын тыпырлатады.
-Жарайсыңдар балалар! Отыра қойыңдар!
-Жаттығу жасаған кезде біз көзімізбен көрдік, құлағымызбен естідік, қол-аяқтарымызды қимылдаттық.
-Олай болса, бүгін сабақта дене мүшелерінің қызметімен танысамыз.
-Қане балалар, өткен білімдеріңді пысықтайық.
-Балалар экраннан не көріп тұрсыңдар?
-Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?
Адамның дене мүшелері: бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, иық.
-Ендеше балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын тыңдаңдар.
Жер бетінде ең ақылды, ең күшті кім?
-Балалар: Адам
Адам табиғаттың ең керемет бөлігі. Адам өз өмірін сақтау керек, сондықтан да ол өзін танып білуге міндетті.
Олай болса, мен сендерге қызықты ертегі айтып берейін, тыңдаңдар!
1.Ғажайып түс
Бірде Арман түс көреді:
Түсінде оның дее мүшелері дауласады.
Бас бірінші болып былай дейді:
-Мен бәріне баспын, менде көз, ауыз, құлақ, мұрын бар. Мен болмасам адам ештеңені көрмейді, естімейді, иісті де сезбейді, сөйлей де алмайды, тіпті аштан өлер еді…
-Егер мен болмасам сені ары-бері жан-жаққа кім бұрар еді дейді мойын.
Осы кезде бәсекеге қолдар да кірісіп кетті.
-Білесіңдер ме достар, егер мен болмасам жүкті ары бері тасу, тамақты дайындау, кңірді жуу, үтіктеу, жазу, сурет салу, әртүрлі аспапта ойнау да өте қиын болар еді.
Көп ойланып кеуденің де шыдамы кетті.
-Мен ше?! Егер мен болмасам адам болар ма еді?!
-Мойын сен қайда қалдың, қолдар, аяқтар сендер ше?!
-Егер мен болмасам не істер еді адам?!-дейді аяқтар.
Біз бәріңді жұмысқа, мектепке, дүкенге, киноға апарамыз. Күні бойы жүгіреміз, сонда да рахмет ала алмаймыз.
Бұл айтыстың қалай аяқталатыны Арманды өте қатты қызықтырды, брақ та ең шиеленіскен жернде ол оянып кетті.
-Бұл түсте дауласқан кімдер?
-Адамның дене мүшелері.
Ал, балалар,мына ертегіде не үшін бәсекеге түсіп, дауласып жатыр?! Неліктен деп ойлайсыңдар?
-Себебі бұл дене мүшелері өздерінің атқаратын қызметі мен артықшылықтарын көрсетіп жатыр.
-Ал сендер қалай ойлайсыңдар, адамға қандай мүшелері керек?
Барлық мүшелері керек маңызды. Арманға түсін аяқтауға көмектесейік.
Осы дене мүшелерін құрастырайық.
2. Ойын: «Адам денесін құрастыр» (фетрадан, пішіндерден)
Шарты: Алдарыңда тұрған тарелкадан адам денесінің бөліктерін алып, құрастыру керек.
(бас, мойын, кеуде, аяқ-қолдар)
3. Суретпен жұмыс
Адам денесі бес бөліктен тұрады: бас, мойын, тұлға, жоғары бөліктер, (қол), төменгі бөліктер, (аяқ) баста-ми және беттік; тұлғада-арқа, кеуде, іш және жамбас.
Қолда; иық, шынтақ, білек, білезік және саусақтар; аяқта-сан, тізе, жіліншік, табан және башпайлар.
Әр бөлік өзінің қызметін атқарады. Баста-ми, тұлғада жұлын орналасқан. Мойын бастың қозғалуын қамтамасыз етеді және бас пен тұлғаны байланыстырады. Аяқ-негізі тірек мүшелерінің бірі. Қол шынтақта бүгіле алады. Бұл оның жақсы қозғалғыштығын қамтамасыз етеді, қызметін жоғарлатады. Қолдың көмегімен адам түрлі іс-әрекеттер жасай алады.
Қолдарыңа қараңдаршы, саусақ аттарын атап шығайық.
Бас бармақтың басқа саусақтарға қарама-қарсы орналасуының арқасында адам бір нәрсені ұстай алады. Аяқ бөліктері (сан, тізе, жіліншік, табан, башпайлар) буындардың қозғалғыштығына, аяқ басындағы бәшпай санына аударамын.

ІІ. Сергіту сәті
Суретін мен бір адамның,
Салайын деп қалам алдым.
Дөңгелетіп басын салдым,
Екі сызып қасын салдым.
Міне мынау мұрын болды,
Аузын сап ем жаңа енді,
Күлімсіреп шыға келді.
Ең соңында көзін болдым,
Айнымаған өзім болдым.

4. Ойын: «Не жалғыз, не екеу?»
Шарты: дене мүшелерін нұсқау бойынша жина немесе сәйкес санды қой.

5. «Артық затты тап?»
Шарты: Суреттегі артық затты тауып, қоршап қою.
Себебін түсіндір.

6. «Тазалық-денсаулық кепілі» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?
Дене мүшелерін таза ұстау керек. Беті қолды сабынмен жуып, тісті тіс щеткасымен тазалап отыру керек. Шашты шампуньмен жиі жуып, құлақтың ішін сабынды сумен жуып тұру керек. Денсаулықтың кепілі-тазалық.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Партада түзу отырып, денені тік ұстау керек.

ІІІ. Сабақты қорытындылау
Шеңбер құрып, доп лақтыру.
-Балалар екі көз не үшін керек?
-Жақсыларды көру үшін
Екі құлақ не үшін керек?
-Ақыл-кеңес тыңдау үшін
-Екі қол не үшін керек?
-Елге көмек беру үшін
-Екі аяқ не үшін керек?
-Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін.
-Ал басың не үшін керек?
-Бәрін-бәрін ойлау үшін.
Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің барлық дене мүшелеріңе саулық тілеймін.
Мадақтау.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *