Тақырыбы: Менің жұмсайтын шығындарым

 

Пән: Математика

Тақырыбы: Менің жұмсайтын шығындарым

Мектеп: Озерки жалпы орта білім беретін мектебі

Күні: 03.10.2019

Мұғалімнің аты-жөні:Бексултанова А.К
3-сынып

Қатысқандар саны:20 Қатыспағандар саны: 0
Оқу мақсаттары 3.5.1.4. Шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару.

Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар:
шамалар арасындағы тәуелділікке қатысты есептер шығару.
Бірқатар оқушылар:
шамалар арасындағы тәуелділікке қатысты есептерді зерттеу.
Кейбір оқушылар:
Кері байланысты үштік есеп құру.
Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:
Шамалар арасындағы тәуелділікті қалыптастырады: баға, құн, сан.
Пәндік лексика және терминология:
Шамалар арасындағы байланыс, сызба, қысқаша жазбалар.
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:
Түсінік деген не?
Басқа екі шаманы біліп тұрып, бір шаманы қалай табуға болады?
Жазылым:
қысқаша жазба, шешім, есептің жауабы.
Тірек білім, білік, дағдылар БАҒА, САН, ҚҰН туралы түсінік.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет қоры

Амандасу.
Бір- бірімен қол ұстасып амандасу, бір- біріне күлімдеп қарау. Оқушылар өздерінің таңдау бойынша «Заттың бағасы» , «Заттың құны», «Заттың саны» деген сөздерді таңдап 3 топқа бөлінеді.
Ынталандыру: сынып басшысы оқушылардан көбейту кестесін сұрайды.
Әр топта оқушылар өз рөлін атқарады: топ басшысы, спикер, спикердің көмекшісі, уақыт бақылаушы, хатшы және өкіл.
Ой қозғау
Мұғалім оқушылардан сұрайды:
-Топтың атауы сендерге таныс па?
-Неліктен сендер осылай біріктіңдер?
– Осы сөздер қандай ой тұғызады?
– Осы сөздерді күнделікте қай жерде кездесуге болады?
– Қайтқан ақшаны санадаңыздар ма?
–Дүкенде математика сабағында алған білімің қажет пе?
— Заттың саны, заттың құны, заттың бағасы туралы сендер не айтасыңдар?
( Балалардың жауаптары)
Балалар, біздің бүгін сабақта өтетін тақырып «Менің жұмсайтын шығындарым».
Сабақтың мақсатын хабарлау: Шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару. Сөздер жазылған үлестірмелі қима қағаздар

Жаңаны ашу.
Мәселелі жағдайды шешу үшін мұғалім сұрақтарға жауап беруді ұсына отырып, жұмыс жоспарын құрады:
–24 теңгеге қанша кәмпит алуға болады, егер бір кәмпиттің бағасы 8 теңге болса?
– Қандай амалмен осыны анықтадыңыз?
Оқушылар тауардың санын анықтау үшін,сатып алу сомасын бір заттың бағасына бөлу керек. Мұғалім оқушыларға үшбұрышты қарап, бұл символдық ереже, оқушылар мұғалімнің нұсқауымен, осының көмегімен белгісіз шаманы табуды түсіндіреді.
С=Қ: б

-8 тг 3 қарындаштың құны қанша болады?
Қ= б*с

Құн — тауар өндіруге жұмсалған және осы тауар түрінде затқа айналған қоғамдық еңбекті көрсететін саяси экономия санаты; бір заттың ақшалай құндылығы немесе оған жұмсалған шығынның мөлшері.
Құны 45 тг. Заттың саны- 5. Заттың бағасы қанша болады?

Б=Қ:с

Есеп құрастыру.
Әр топқа бір ойыншық беріледі, оқушылар осыған байланысты есеп құрастырып, заттың құнын табады.
Әр топқа есептің дескрипторы беріледі. Осыған сай олар жұмыс жасайды. Тақтаға шығып спикер жұмыстарды қорғайды.
Жақсы жұмыстар жұлдызшылармен бағаланып отырады.
Сергіту сәті. 10 рет шапалық соғамыз.

Осы тура мәтінді есепке оқушылар құрастырады бір кері есеп.

«Дүкен» ойынын жүргізу. Оқушыларға 200 тг беріледі.
Осы ақшаға дүкеннен не сатып алуға болады және қанша зат алуға болады? Керекті оқу құралдар.
 Рефлексия.
1.Мен бәрін түсіндім, заттың санын, құнын және бағасын таба аламын.
2.Мен заттың құнын таба аламын, бірақ бағасын, санын таба алмаймын.
3.Заттың құнын табуды қиналамын Ағашқа оқушылар стикерге жазылған сөздерді дауыстап оқып, жапсырады.
Үй жұмысы. Есеп құрастыру

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *