Дос болайық бәріміз

«» тобының ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы

 

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімдері:
Көркем әдебиет

 Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз»

Мақсаты: «Дос», «достық» құндылығы туралы түсінік беру, жаңа материалды көрнекіліктер арқылы түсіндіру, сұрақтарға жауап алу, сөйлемдерді аударту, сөздікдерді қайталау, суретпен жұмыс орындату, орысшадан-қазақшаға аударту;
Дамытушылығы: Достарға деген мейірімді қарым-қатынасқа үйрету. Балалардың ауыз екі сөйлеу тілін, көру, есту, есте сақтау, ойлану қабілеттерін жан-жақты дамыту;
Тәрбиелігі: Адал дос, достаса білуге, адамгершілікке, сыйластыққа,үлкенді сыйлай білуге, үйретіп тәрбиелеу.

 Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату, аударма өзара сөйлестіру әдістері қорытындылау.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: тақырыпқа сай суреттер, ертегі кейіпкерлері, қорапшалар, слайд.

Блингвалды компонент: Дос — друг. Достық — Дружба.

Іс-әрекет кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің оқу қызметіне қонақтар келді. Бүгін қандай керемет күн. Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сендерді «Дос болайық бәріміз» атты шаттық шеңберіне шақырамын.

— Балалар біз барлығымыз шеңберге тұрдық, біздің шеңберіміз қандай тамаша! Бізді достық пен сүйіспеншілікке шақыратындай.

Армысың досым,

Кел, маған қосыл

Алақанға салып алақан,

Шеңберге бірге тұрайық

Жер шарындай айналып,

Әлемге жарық ұқсайық

Қолымызды көтеріп,

Күннің нұрын алайық

Ортамызда күн нұры,

Құшаққа оны алайық

 

Балалар бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы « Дос болайық бәріміз» — деп аталады.
Дос, достық дегеніміз адамдар арасындығы жақсы қарым — қатынасты, бір — біріне деген сүйіспеншілік, жанашырлық сезімін айтамыз.
Достар бір — бірін ренжітпейді, керісінше нағыз достар бір — бірін құрметтейді, сыйлайды, кешірімді болады.
Достық сезім тек қана адамдар арасында емес, ел мен елдің арасында да болады. Мысалы біздің Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен достық қарым — қатынаста. Балалар сендер де бір — бірлеріңді ренжітпей тату — тәтті ойнасаңдар, бір — біріңе сыйлы болыңдар, сендерде де достық сезім пайда болады.

Таңғажайып сәт:

(Осы кезеңде топқа есікті қағып Дымбілмес кіріп келеді)
Тәрбиеші: Балалар қараңдар бізге қонақ келіпті. Бұл кім болды екен?
Тәрбиеші: Дымбілмес сен неге есікті қатты қақтың?. Сені біреу ренжітті ме?
Дымбілмес: Менімен ешкім сөйлеспейді, ойнамайды, ешкім дос болмайды.

(Дымбілмес жылайды).
Тәрбиеші: Балалар қалай ойлайсыңдар. Дымбілмеспен неге ешкім дос болмайды?
Тәрбиеші: Балалар дұрыс айтады. Осындай жаман қылықтарың үшін ешкім дос болмайды. Сен жаңа балалармен амандасқан жоқсың ғой.
Дымбілмес: Мен сәлемдесуді білмеймін. Маған оны ешкім үйреткен жоқ.
Тәрбиеші: Балалар достық сәлемдесуден басталады. Қанекей біз Дымбілместі сәлемдесуге үйретейік.

 

 

 

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

қолымен шақырады

 

қолдарынан ұстайды

 

айналады

 

қолдарын көкке созады

 

құшақтасады

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші айтқандарын мұқият тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дымбілмес

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ол балаларды ұрады, мазақ етеді, жаман сөздер айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

иә

Ұйымдастыру-іздестіру Ойын: «Сәлемдесу»
Достар бір — бірімен қалай танысады, амандасады.

Дымбілмес: О, қандай керемет!. Мен сендерден танысуды, дос болуды үйрендім.

Тәрбиеші: Дымбілмес сенің үйренерің көп, сол себепті оқу қызметіне балалармен бірге қатыс.

«Дос іздеген бота» ертегісінің сахналық көрінісі. Ж. Қалжанова.
Қойылымның мақсаты:
Балаларды таныс ертегі кейіпкерлерінің рөліне, диалог, монолог түрінде сөздерді дыбыс ырғағына келтіре айтуға үйрету. Ертегіге деген қызығушылығын арттыру арқылы сахнада өзін — өзі еркін ұстауға қалыптастыру.
Көрнекілік: Жайлау бейнесі, аңдардың киімі.

Қатысушы кейіпкерлер:
Боталы түйе
Мысық
Ит
Әтеш
Бақа
Лақ
Қозы
Ара

Жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты. Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.
Бір күні анасы:
— Боташым, мен саған жақсы достан басқаның бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. Доссыз өмір қызық емес,- дейді.
Бота әндете жолға аттанады.
Бота, бота, ботамын,
Ақылды боп атандым
Тостақандай көзім
Әдемімін өзім.
Мысықты кездесіреді:
— Бө — ө — ө, мен дос іздеп жүрмін,- дейді бота боздап.
— Мяу — мяу, мияулаған мысықпын,
Өзім тым пысықпын,
Кел екеуміз дос болайық.
— Жоқ — жоқ сен сияқты дос емес.
Бота итті кездестіреді.
— Аф, аф,
Атым менің Саққұлақ,
Жүремін ылғи шапқылап.
Кел екеуміз дос болайық.
Бота әтешті кездестіреді.
— Ку — ка — ре — ку,
Алқызыл менің айдарым
Таңмен ерте тұрамын,
Кел екеуміз дос болайық.
Бота бақаны кездестіреді.
— Бақылдаған бақамын,
Қызыққа күнде батамын.
Бота лақты кездестіреді.
— Мен ақпын,
Секеңдеген лақпын
Кел екеуміз дос болайық.
Бота қозыны кездестіреді.
Мен қозымын,
Момақанның өзімін.
Кел екеуміз дос болайық.
Бота Араны кездестіреді.
— З — з — з, кел екеуміз дос болайық,
Гүл терейік, бал жинайық.
— Жоқ, жоқ сен сияқты дос емес.
Ара ашуланып қуа жөнеледі. Бота зорға дегенде қашып құтылады.
Анасы: Дос таптың ба, ботам?
— Жоқ, анашым, сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз. Тура мен сияқты ешкім жоқ екен.
— Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, боташым. Досты жан тазалығымен таңдау керек.
Бота қуанып достарын шақырып алады.

 

Сергіту сәті:

(Қимыл — қозғалыспен көрсету.)

Орнымыздан тұрамыз

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз солға бір.

Бұрыламыз оңға бір

Біз мейірімді баламыз.

Біздер тату боламыз

Гүл – гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ

Жақсы сергіп қаламыз.

 

Тәрбиеші: Балалар біз бүгін достық туралы әңгіме айтып отырмыз. Балалар үстелдің үстінде сиқырлы қорапшалар тұр ішінде сиқырлы сөз жазылған сол сөзді табуымыз керек. Оны табуымыз үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер жұмбақты шешсеңдер барлық әріптер ашылады.
Сол аяқпен – оң аяқ,
Кезек оны тебеді,
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді.

Тәрбиеші: Доп сөзінде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

Әжем көрпе тігеді,
Бетіне өрнек салады.

Сырт — сырт етеді,
Уақыт өтеді.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы қандай сиқырлы сөз шықты.
Балалармен бірге оқимыз

 

Енді балалар біз достық туралы қандай мақал – мәтел біледі екенбіз, достық туралы мақал — мәтелдер айтып көрейікші.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дымбілмес: Жарайды балалар, енді мен қайтайын, сендерге көп рахмет, мен көп нәрсе үйрендім.

 

Тәрбиеші: Балалар сендерге мынандай көңіл күй шарын әкелдім, сендердің көңіл күйлерің қандай болса, соған сәйкес шарларды таңдап алыңыздар, бұл шарлардың жартысында күліп тұрған бейне, жартысында мұңайып тұрған бейне бейнеленген. шарларымызды жоғары ұстап

— Денің сау болсын!.
— Әрдайым күліп жүрейік!.
— Әрқашан күн сөнбесін!.
— Елімізде тыныштық болсын!.
— Досымыз көп болсын!.

 

Менің атым Арина, Сәлем!
Сәлем, менің атым Гүлназ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ертегіні мұқият тыңдап, көрнісін тамашалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар түсінгендерін айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сергіту сәтін орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Доп

 

 

 

Д – дыбысы. Д — ды дыбысы ашылады

 

Ою О — ды дыбысы ашылады

 

Сағат С — дыбысы ашылады

 

ДОС

 

Назира: Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Рахым: Жақсы дос жанға – серік,
Жаман дос – малға серік.
Ердәулет: Жолдасы бардың олжасы бар.
Салтанат: Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.

Дымбілмеспен қоштасады.

 

 

 

 

 

Шарларға қуанады.

Шарларды таңдап алады.

Рефлексивті түзетішілік Тәрбиеші: Балалар енді оқу қызметінен алған жақсы көңіл күйлерімізбен қолымыздағы шарымызды қонақтарға сыйлаймыз.
Қорытындылау. «Өзің жақсы болсаң досың да көп болады».
«Жолдасы көптің олжасы көп» деген осыдан шыққан, бәріміз дос болып, қуанышымызды бірге бөлісейік.
 

Балалар ән әуенімен шарларын ата — аналарына, тәрбиешілерге сыйлайды.

 

Балалар келген қонақтармен қоштасады

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: достықты,татулықты,бауырмашыл болып өсуді;                                                                                            Қандай түсініктерді игереді: сұрақ-жауап арқылы әңгімелеуді, ертегі желісін.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: достықты қадірлей білуді; Досына қиянат жасамауға үйренеді.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *