Бақ-бақ гүлі

Білім беру салалары: Таным

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: «Бақ-бақ гүлі» (киндердің қорабымен мақта таяқшалардан)

Мақсаты: Киндердің қорабын қосымша бөлшектермен толықтыру арқылы гүл жасау .

Міндеттері:

  1. Киндердің қорабын қосымша бөлшектермен толықтыру арқылы гүл жасауға үйрету.
  2. Саусақ қимыл – қозғалыстарын, көз мөлшерін дамыту.
  3. Тиянақты жұмыс жасауға тәрбиелеу

Қостілділік  компонент (сөздік жұмыс): бақ-бақ –одуванчик, сары-желтый, мақта таяқша- ватные палочки, көгал-лужайка, ақ -белый ,

Құрал-жабдықтар:  кішкене  смайликтер, әрбір балаға киндер  қораптары, мақта таяқшалары және «Сиқырлы сандық».

Қызметтің кезеңдері Тәрбиеші әрекеттері Балалардың әрекеттері
         Мотивциялық — түрткі болатын   «Сиқырлы сандық » үстел үстінде.

— Балалар  біздің топта сандық  тұр ғой.

— Кәне, сандық ішінде не бар екенін білгілерің келеді ма? Ол үшін сиқырлы сөздерді айту керек.

Сөйтіп сандық ашылады.( балаларға жұмысқа арналған тастанды заттар шығады)

Балалар мына тастанды заттарды қараңдар.

— Мен сендерді сиқырлы көгалға шапшаң жеткізейін.

( бір –бірімізді мықтап қолдан ұстаймыз , көзді қаттырақ жұмамыз)

Балалардың  қызығушылықтары артады.

 

-Иә білгіміз келеді.

« Сандық ,сандық ашылшы,

Ішінен шашу шашылшы!»

 

Балалар қуанып қалады.

 

Балалар мұқият қарайды.

 

 

 

(балалар екі шеңбер айналып тоқтайды, көздерін ашады)

Ұйымдық – іздену

 

 

 

 

 

1. Тақырыпты хабарлау:

( үлгімен жұмыс)

-Тамаша балалар, міне сендермен сиқырлы көгалдамыз.

— Айнала қандай тамаша, көптеген гүлдер.

– Мына гүл бақ-бақ деп аталады.

 

 

— Ол сендерге ұнады ма?

— Ол неден жасалған?

 

— Онда біз бүгін бақ-бақ гүлін өз қолымызбен жасап көрейік.

— Тамаша! Онда, маған назар аударып мұқият қараңдар.

 

 

Балалар риза болып қалады.

 

 

 

Бірге қайталап «бақ-бақ»-дейді.

(2-3 рет хормен және жекелей қайталайды)

— Иә ұнады.

— Ол киндер қорабы мен мақта таяқшасынан жасалған.

Балалар келіседі.

2. Көрсету, түсіндіру: ( үлгі жасау)

Берілген киндер қорабындағы дайын тесіктерге мақта таяқшаның бір ұшын тыға бекіту.

— Балалар мынау не?

— Қорап қандай?

— Мынау не?

— Мақта таяқшаны қалай орналастырдым?

— Міне, бақ-бақ гүл дайын болды.

 

Мұқият қарайды зейін қойып тыңдайды көзбен көреді.

 

-Кидер қорабы.

-Қорап сары, ұсақ тесіктері бар.

-Ол мақта таяқша.

-Таяқшаны қораптың тесіктеріне тығу.

Балалар қызығушылық білдіреді.

3.Сергіп дем аламыз.

Орнымыздан тұрайық,

Мойнымызды бұрайық,

Бір отырып, бір тұрып ,

Жаттығуды жасайық

 

 

Бірге қайталайды.

4. Балалардың жұмысы:

( қиынсынған балаларға көмектесемін)

Балалар көргенін жасауға тырысады.
5. Қайтала, есте сақта: бақ-бақ –одуванчик; сары-желтый мақта таяқ- ватные палочки ,көгал-лужайка, ақ -белый .
6. Сабақты талдау:

Сиқырлы сандықтан қандай заттар шықты?

— Қандай гүл жасадық?

— Біз бақ- бақ гүлді неден жасадық?

 

— Рахмет, балалар бүгін тамаша жұмыс жасадыңдар! Жарайсыңдар!

 

— Киндер қораптары, мақта таяқшалар.

— Бақ –бақ  гүл.

— Бақ-бақ гүлін киндер қорабынан  жасадық.

Балалар риза болып қуанып қалады.

Рефлекстік – түзету

 

-«Сиқырлы сандықтан»  сыйлық сұрайық?

Ол үшін тағы да сиқырлы сөздерімізді айтайық.

Сандықтан  әр балаға смайликтер шығады оны әр балаға таратып беремін.

Балаларды мақтап мадақтап қоямын.

 

 

« Сандық ,сандық ашылшы,

Ішінен шашу шашылшы!» -деп айтады.

Сөйтіп қуанып, жақсы көңіл күйде болады.

Күтілетін нәтиже :

Түсінуге тиіс:

  • Киндердің қорабын қосымша бөлшектермен толықтыру арқылы гүл жасау

Білу :

  • Дайын тесікке бекіте білу
  • көзбен көргенін қолмен жасай білу

Істей білу керек:

  • өз бетімен жұмыс жасау

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *