Бар мейріміміз балаларға

Қараторғай орта мектебі

1 – маусым
Халықаралық балаларды қорғау күні

Мерекелік іс — шара

Мақсаты:
Білімдік-танымдық: Балалардың білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, адамгершілік бағытын жетілдіру арқылы сөйлеу тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін шыңдау. Әр ортада өздерінің жан-жақтылығын жетілдіру, таныту, толеранттылыққа баулу. Балалардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
Тәрбиелігі: Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.

Міндеті:
1. Бәсекеге қабілетті дені сау, жан-жақты, білімді, сауаттылығы жетілген тұлға даярлау.
2. Балалардың өз ойларын ортаға салып, ашып айта біліуге дағдыландыру.

Көңілді музыка әуені ойналады
1-жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар,
Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!

2-жүргізуші: Құрметті балалар! Бүгінгі 1 маусым әлем балаларын қорғау күні мерекесімен құттықтаймыз!

1-жүргізуші: Балалар, сендерге арналады,
Бүгінгі мерекенің салтанаты.

2-жүргізуші: Балалар, сендерге сыйланады,
Өмірдің ең керемет мархабаты.

1-2-жүргізуші: Мектебымызде бүгін ұзақ ойнайық,
Балаларды қорғау күнін тойлайық!
Құтты болсын, құтты болсын мереке,
Ашық аспан астында той тойлайық балалар!

1-жүргізуші: Бүгінгі мерекеге арналған құттықтау сөз кезегін мектеп басшысы Жұрсын Ұлысбайқызына беріледы.

2-жүргізуші: Гүлмен келсін келер күн,
Бала бағы бар елдің.
Балалардың күлкісі,-
Көркі, сәні әлемнің!

1-жүргізуші: Біз сүйеміз бейбіт күнді,
Бейбіт күнде туғанбыз.
Біздің өмір күндей нұрлы,
Бақыт құшақ ұланбыз.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»
«Пусть всегда будет солнце» /хор 2 тілде/

2-жүргізуші: Біз бақытты баламыз,
Әсемдеп сурет саламыз.
Қорғайды бізді күлкі әлем
Әлпештеп ата-анамыз.

Балалар «Бейбітшілік әлемі» тақырыбында сурет салады

1-топ:Біз бақытты баламыз,
Үлкеннің тілін аламыз.
Үлкендерден үйреніп,
Үлгі-өнеге аламыз.

2-топ:Біз бақытты баламыз,
Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытта.
Тату-тәтті достармыз.

1-жүргізуші:Бүгінгі мейрам, шаттанатын ел шағы,
Әуелетіп бейбітшілік салшы әнін.
Бүкіл бала достық биін билейік
Қол ұстасып, қоршап алып жер шарын.

1-оқушы: Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай-ау,алақай
Той тойлайық,балақай
Қызырғанша алақан
Кел,соғайық балақай.

2-оқушы: Бейбітшілік әніміз
өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
Жадырайды жанымыз

3-оқушы: Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
өмір қандай тамаша

4-оқушы: Гүлмен келсін келер күн
Бала-бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.

5-оқушы: Басты қоссақ бәріміз
Біздер елдің сәніміз
Шаттық, бақыт, қуаныш
Елімізге сыйлаймыз.

Ән: «Лагерь жыры» /хор/

1-жүргізуші:Денсаулық ол – күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

«Спорт- денсаулық кепілі» тақырыбында балалар спорттық ойындарға қатысады

Балалар сыйлықтар мен марапаттау қағаздарымен марапатталады

2-жүргізуші:Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата — ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын

1-жүргізуші:Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.

«Көңілді күн» разминка

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *