Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі

Қысқа мерзімді жоспар

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:  Парасат пайымы Мектебі: Достық жалпы орта білім беретін мектебі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Касимова Арайлым Кубайдоллина
Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау;

10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану;

 

Сабақ

мақсаттары

Өлеңдегі ақын бейнесін шығарма оқиғасына қарап анықтау;

Көркем шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтау

Бағалау

критерийлері

     —  Өлеңдегі ақын бейнесін шығарма оқиғасына қарап анықтай алады;

— Шығарманың  негізгі  идеясын анықтайды;

— Автор қолданған  көркемдегіш құралды анықтайды;

— Шығарманың жанрлық белгілерін  анықтай  алады.

 

Құндылықтарды

дарыту

Шешендікке баулу, тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйрету.
Пәнаралық

байланыстар

Тарих пәні
АКТ қолдану

дағдылары

Презентация, видео
Бастапқы білім Оразақын Асқардың шығармалары туралы біледі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері  

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

 

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Оқушылар деңгейлеріне қарай стикерлер арқылы 3 топқа бөлінеді.

Сабақ тақырыбын бейнеролик және сұрақ арқылы болжату

. 1. Бейнеролик не туралы? 2. Мына бейнероликтен  не түсіндіңдер?  4. Сонымен, бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болмақ? Жарайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.

Болжатудан кейін сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады

 

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=uqnE_-bU408

 

Сабақтың ортасы

7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23 минут

1-тапсырма.

Тыңдалым.Айтылым.

«Шетте жүрген бауырлар» өлеңін аудиожазба арқылы тыңдайды

Тыңдалған шығарма бойынша сұрақтарға жауап береді.

«Серпілген сауал» әдісі арқылы қызығушылығын ояту мақсатында сұрақтар қою.

1-топ

1. Өлең не себепті «Шетте жүрген бауырларға» деп аталған?

2. Олар қай кезден бастап атамекенге орала бастады?

3. Ақын шетте жүрген қандастарды неге атажұртқа оралуға шақырды?

2-топ

4. Оразақын Асқар қай жылдары өмір сүрді?

5. Қазақтар шетелге қандай себептермен барған?

6. Шетелдегі қандастар туралы қандай мәліметтер білесіңдер?

3-топ

7.Еліміздің тәуелсіздік алуы шеттегі қандастарға қалай әсер етті?

8. Оразақын Асқар неше жасында Қазақстанға көшіп келеді?

9.Елге оралған қандастарымыздың жағдайы қандай?

ҚБ: «От шашу» әдісі

2-тапсырма.

1-топ тапсырмасы. «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі. Оразақын  Асқардың «Шетте жүрген бауырластарға» өлеңін оқып, автор бейнесін ашу.

 

Авторға тән мінез Шығарманың қай тұсы дәлел бола алады?
 

 

 

 

Дескриптор:

—          Шығарманы оқып, түсінеді, автор бейнесін аша алады;

—          Автор бейнесіне өлеңнен дәлел келтіре алады.

Мұғалім:

—          Жанр дегеніміз не?

—          Поэзия жанрының ерекшелігі қандай?

 

Қосымша дерек:

Жанр” сөзі француз тілінде “тек”, «түр» ұғымын білдіреді

Поэзия жанры — өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. Поэзия сөздің ырғақтық құрылысына, ұйқасына негізделеді.Поэзиялық шығармаға сезім күйі, әсерлілік тән, Поэзияның көркемдік сипаты мен бейнелеу құралдарын, тілдің ырғақтық, интонация байлығын қолдануында елеулі өзгешеліктер бар. Поэзиялық шығармаларға тән айрықша қасиет — өмір құбылыстарын терең эмоциялық сезімталдықпен қабылдап, соған сәйкес әсерлі, тартымды көркем бейнелеу.

 

Шығарманың жанрлық белгілерін мысал келтіре отырып анықта.

2-топ тапсырмасы. Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырластарға» өлеңін оқып, СТК (Сатылай кешенді талдау) жасаңыз.

1.Авторы:

2.Тақырыбы:

3.Жанр түрі:

4.Идеясы:

5.Шумақ:

6.Тармақ:

7.Бунақ:

8. Буын:

9. Ұйқас түрі:

10. Өлеңнің негізгі түйіні.

 

 

Декриптор:

—          Шығарманы оқып, оған СТК жасай алады;

—          Өзіндік көзқарасын білдіре алады

3-топ тапсырмасы:

Автор  айрықша көркемдік шеберлікті жанр ерекшелігін сақтауда қалай қолданған? Көркемдік тіліне талдау жасау.

 

Дескрипторлар:

—          Жанрлық ерекшеліктер бойынша талдау жасайды;

—          Көркемдегіш құралдарды дұрыс анықтай алады.

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі

«Төрт сөйлем тапсырмасы»  әдісін жазбаша түсіндіреді.

Ой Себеп Дәлелдер мен фактілер Қорытынды
       

 

       

 

 

 

ҚБ: «Үш шапалақ» әдісі

 

Аудиожазба
Аяқталуы

5 минут

Кері байланыс

«ПОПС» формуласы

 

Ақынды шетелдегі қандастардың тағдыры неге алаңдатады?

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,… »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім …»

Рефлексия. «Даналық ағашы»

Үйге тапсырма:

«Шетте жүрген бауырларға» өлеңін жаттау

 

 
 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *