Еліміздгі дүниежүзі тарихын оқытатын бірден бір кафедра туралы

Еліміздгі дүниежүзі тарихын оқытатын бірден бір кафедра туралы
Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарихында өзіндік орыны бар. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дүниежүзі тарихы кафедрасы, ерте дүние және ортағасырлар тарихымен шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихы кафедраларының бірігуі негізінде 2007 жылдың 1 қыркүйегінде «Дүние жүзі тарихы» кафедрасы болып қайта құрылды. 2011 ж. дүниежүзі тарихы кафедрасына тарихнама және деректану кафедрасы қосылды. Кафедра тарихына үңілсек, 1948 жылы«жалпытарих»атауымен құрылған. «Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану» кафедрасының алғашқы меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Т.Жұмағұлов. болса, 2016 жылдан бастап кафедраны т.ғ.д., профессор Г.С. Сұлтанғалиева басқарып келе жатыр.
Қазіргі уақытта Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ғылыми-оқытушылық құрамы 33 адамнан тұрады. Кафедра қазіргі уақытта университет қабырғасында тарихшы маман даярлаудағы орны маңызды жалпы саны 15 асқан дара пәндердің басын қосқан. Олар — Ежелгі Шығыс тарихы, Грек және Рим тарихы, орта ғасырлар тарихы, орта ғасырлар тарихы, Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы, әлемдік діндер тарихы, антикалық және орта ғасырлар кезеңіндегі саяси ағымдар тарихы, Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы, Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы, халықаралық қатынастар тарихы, шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихы.
Соңғы жылдары — тарих ғылымындағы қазіргі пәнаралық зерттеулер, Қытай тарихы, Америка тарихы, әлемдік өркениеттер тарихы, Ресей және Кеңес мемлекетінің тарихы, тарих ғылымындағы теориялық методологиялық мәселелер сияқты жаңа таңдау курстары енгізілді. Студенттік алмасу және академиялық мобильділік бағдарламаларының аясында кафедра студенттері мен магистранттары, докторанттары шет елдік университеттерге тағылымдамаға жіберіліп отырады. Білім алушыға берілетін мүмкіндік пен білім жоғарғы деңгейге сәйкес келеді деп толық айта аламын.

Орымбай Қымбат Бақытқызы
Әл-Фapaби aтындaғы ҚaзҰУ,
Тapих, apхeoлoгия жәнe этнoлoгия фaкультeтiнiң 2-куpc мaгиcтpaнтты

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *