2019-2020 оқу жылының жалпы балабақша бойынша жарты жылдық есеп қортындысы

МКҚК №113 бөбекжай-балабақшасының   2019-2020 оқу жылының жарты жылдық есеп қортындысы

 

 

МКҚК я / с №113 1981 жылы пайдалануға берілді.

Мекеме 295 орынға есептелген.   Балабақша ғимараты типтік, екі қабатты.

Мекеменің мекен-жайы: Навои көшесі 330 үй

Жұмыс кестесі: бес күндік жұмыс аптасы 8.00-ден 18.30-ға дейін; сенбі, жексенбі-демалыс

Топтардың жалпы саны – 12, 4 топ қазақ тілінде, 8 топ орыс тілінде.

Мақсаты: мектепке дейінгі баланың жан – жақты дамуы үшін бірыңғай білім беру кеңістігінде педагог, ата — аналар – педагогтарының өзара тиімді қарым-қатынасын қамтамасыз ету.  2019-2020 оқу жылына арналған басым міндеттер

  1. Балалардың танымдық белсенділігін, қызығушылығын дамыту , жобалау және эксперименттеу әдісін іске асыру арқылы экологиялық білімді кеңейту
  2. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін театрландырылған іс-әрекет және драматургия арқылы дамыту.

Мемлекеттік стандартқа сай  мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып, бес сала бойынша жылдық жоспар құрылды.

Білім беру салалары: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық»,

«Қатынас» білім беру саласы бойынша жалпы балабақша І деңгей-4 бала, ІІ деңгей-125 бала, ІІІ деңгей-212 бала бойынша көрсеткіш көрсетті.

«Қатынас» білім беру саласының мақсаты: баланың коммуникативті

қабілеттерін, байланыстыра сөйлеуін,  тілдік қорын дамыту,  көркем әдебиет,  мемлекеттік және ана тілін үйренуге, ересектермен және құрдастарымен қарым – қатынас жасауға талпынысы бар мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын дамыту. Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Сөйлеуді дамыту. Сөйлеуді дамыту оқу іс – әрекетінде. Көркем әдебиет оқу іс – әрекеті бойынша халық ауыз әдебиеті мен балалар көркем әдебиеті шығармаларына эмоционалдық ықыластылығын дамыту. Балаларға ертегі оқып бере отырып, кейіпкерлердің өзара қарым – қатынасын бағалай білуді, тақпақ пен әндерді мәтінімен орындай білуді, үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы, отбасы туралы, жыл мезгілдері туралы әңгімелей білуді үйренді. осының нәтижесінде балалардың көркем әдебиет оқу іс – әрекетіне қызығушылығы артып, зейін қойып тыңдай біледі Түзінгенін еркін айта алады. Ертегі тыңдағанды жақсы көреді, кейіпкерлерін сахналай алады. Өз ойларын анық әрі ашық айта алады

Балаларға ертегі, өлеңдер, мысалдар, әңгімелер оқып беру арқылы, балалар толық мағлұмат алды. Осының нәтижесінде балалар ертегіні мұқият тыңдап, сахналай алады. Мақал – мәтел, жаңылтпаштар, жыл мезгіліне, үй жануарларына және жабайы жануарларға, құстарға, отбасы, ойыншықтар, әр түрлі мерекеге байланысты тақпақ, өлеңдер жаттау арқылы, балалар өз ойларын ашық айта алады. Балалардың тілі, тілдік қоры дамиды. Төрт жолдан тұратын өлең шумақтарын жатқа айта алады.

Тәрбиешінің жетекші сұрақтарына жауап бере отырып, тақтадағы суретке қарап  әңгіме құрастырып айта алады. Бір – бірімен жақсы қарым – қатынаста. Достарына көмектесуге әзір тұрады.

«Таным» білім беру саласы бойынша жалпы балабақша І деңгей-8 бала, ІІ деңгей-125 бала, ІІІ деңгей-215 бала бойынша көрсеткіш көрсетті.

«Таным» білім беру саласының мақсаты: қоршаған әлем жайлы қарапайым

Түсініктер мен танымдық іс – әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген, игерген дағдыларын күнделікті қолдануға қабілетті, қарапайым құрастыру дағдыларын үйрету. Қағаз бен құрылыс материалдарынан тиімді жұмыс жасауды, балалар өз қиалдарымен түрлі тақырыптарда конструкторлармен құрастыруларды, оларды сюжет мазмұнына қарай біріктіруді, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді, құрастыру материалдарымен еркін,  ұқыпты жұмыс жасай білетін, мектепке дейінгі тұлғасын қалыптастыру.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Математика негіздері, құрастыру оқу

іс – әрекетінде 1 ден 10 ке дейін санауды, оң және кері санауды,

жоғары – төмен, биік – аласа, ұзын – қысқа, оң және солын, көлем, геометриялық фигураларды (үшбұрыш, төртбұрыш, доңгелек, шаршы, сопақша) бір – бірінен ажыратып біледі. Жыл мезгілін, 1 жылда 4 жыл мезгілі бар, ал 4 жыл мезгілінде 12 ай, 1 жыл мезгілінде 3 ай бар, 1 тәулікте 4 мезгіл бар (таңертең, түс, кеш, түн) осы  мезгілдерді ажырата алады. 1 аптада 7 күн бар (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі) білімдерін жетілдірді. Осының нәтижесінде сандарды салыстыруды, оң және сол жақты, ауқытты бағдарлауды, жыл мезгілдерін бір – бірінен ажырата алуды, геометриялық фигураларды салыстыра отырып, айырмашылығын ажырата алады. Қызыл, жасыл, ақ, қоңыр, көк, сары, күлгін, қара,  сарғыш түстерді біледі.

Құрастыру оқу іс – әрекеті бойынша балаларға қарапайым құрастыру дағдыларын, қағаз бен құрылыс материалдарынан қуыршаққа арналған жол, жаяу жүргіншілер мен көліктерге арналған жол, биік – аласа қақпалар, көп қабатты және бір қабатты үйлер, көпір, аққала, жануарларға арналған қоралар, т.б сол сияқты құрастыруларды құрастырып үйретудің нәтижесінде, балалар өз қиялдарымен түрлі құрастыруларды орындап, оларды сюжет мазмұны бойынша ұйқастырып, біріктіруді, жасаған жұмысын аяғына дейін жеткізуді, ұқыпты, таза жұмыс жасай білуді үйренді. Балалар құрастыру материалдарымен еркін жұмыс жасай алады. Балалардың ұсақ қол моторикасы дамиды.

       «Әлеумет» білім беру саласы бойынша жалпы балабақша І деңгей-5 бала, ІІ деңгей-92 бала, ІІІ деңгей-323 бала бойынша көрсеткіш көрсетті.

 «Әлеумет » білім беру саласының мақсаты: қарапайым әдептілік ережелерінің негізінде қоршаған ортамен қарым – қатынас пен өзара әрекетке қатысуға, баланың әлеуметтік тәжірибесін кеңейту, оны қоғамдық қатынас жүйесіне қосу, ертегілерді түсіне отырып, сахналай білу дағдысын, өлеңді, тақпақта мазмұнына сәйкес мәнерлеп айта білу, еңбек дағдыларын қалыптастыруға дайын  мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын дамыту.

Ұйымдастырылған оқу іс –әрекеті: өзін-өзі тану, экология/қоршаған ортамен таныстыру. Экология оқу іс – әрекеті бойынша табиғатпен, өлі және тірі табиғатпен, үй жануарлары мен жабайы жануарларды, өсімдіктер мен құстар, жемістер мен көкөністер, ауа – райының түрлі құбылыстарымен, өзгерістерімен, адамдардың төрт жыл мезгіліндегі еңбегімен, киімдер, түрлі тұрмыстық заттармен танысып, түсінік алды. Осының нәтижесінде балалар экологияға қызығушылығы артып, табиғатты аялай білуге, суреттегі әртүрлі сюжеттерге әңгіме құра алады. Байланыстырып сөйлей алады.Бөлме өсімдіктері мен дала өсімдіктерін ажырата отырып табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктеріне күтім жасағанды жақсы көреді. Ағаштардың әр жыл мезгілі кезінде өзгеріске ұшырайтынын, ауа – райын бақылағанды ұнатады.

Қоршаған ортамен таныстыру оқу іс – әрекеті бойынша балаларға табиғат және табиғат құбылыстары мен өзгерістері туралы, қоршаған орта туралы, жыл мезгілдері, жануарлар мен құстар әлемі туралы, жемістер мен көкөністер, балалабақша, онда жұмыс жасап жатқан адамдар туралы, әр түрлі мамандық иесі туралы, топтағы тәрбиеші апайларының есімін атап білуді, қарапайым мәдени гигиеналық шараларды, серуен кезінде қоршаған ортадағы өзгерістерді бақылауды үйренді. Осының нәтижесінде балалар жемістер мен көкөністерді ажырата алады, жылдың төрт мезгілін біледі, құстар мен жануарларды, өлі және тірі табиғатқа не жататынын, түрлі ауа – райы құбылыстарын, өздері келіп жүрген балабақша және тобының атауын атап, тәрбиеші апайларды аты мен тегін айтуды, қоршаған ортада өзін – өзі дұрыс ұстау қабілеттері мен қарым қатынасын, әлеуметтік мәдени негіздерді, қоршаған орта туралы түсініктері қалыптасты.

«Шығармашылық » білім беру саласы бойынша жалпы балабақша І деңгей-5 бала, ІІ деңгей-104 бала, ІІІ деңгей-243 бала бойынша көрсеткіш көрсетті.

 

«Шығармашылық» білім беру саласының мақсаты: балалардың шығармашылықтары арқылы көркемдік қабілеттерін, бір – бірімен жақсы қарым – қатынаста болуға, ұжымдық жұмысты бірігіп жасай білуге, балалардың дүниеге эстетикалық көзқарасын дамыту.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: сурет салу, жапсыру/мүсіндеу.

Балаларға қарындаш пен қылқаламды дұрыс ұстай білуге, әр түрлі сызықтар сызуға, бейнелерді гуаш бояуымен, акварель бояуымен біркелкі бояуды, көрнекілікте берілген бейнені сала білуді үйренді. Нәтижесінде балалар суретті еркін сала алады. Дайын қиындыларды ақ бетті қағазға жапсыра алады. Желімді тиімді пайдалана алады. Ермексаздан әр түрлі бейнелерді, жануарлар сұлбасын,т.б берілген бейнелерді мүсіндей алады. Сурет салі, мүсіндеу, жапсыру оқу іс – әрекетін жетекші маман жүргізеді. Қауіпсіздік ережесін сақтайды. Әр оқу іс – әрекеті кезінде ескертіліп отырады.

        «Денсаулық» білім беру саласы бойынша жалпы балабақша І деңгей-6 бала, ІІ деңгей-100 бала, ІІІ деңгей-242 бала бойынша көрсеткіш көрсетті.

«Денсаулық» білім беру саласының мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру, бала ағзасын жетілдіру, балалардың дене бітімін, қимыл қозғалысын дамыту. Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: дене шынықтыру. Дене шынықтыру оқу іс – әрекеті бойынша жәй жүру, жүгіру, әртүрлі биіктікте, әртүрлі бағытқа секіруді, ұлттық ойындар, спорттық ойындар, қимыл қозғалыс ойындарын үйренді. Осының нәтижесінде балалар негізгі және жалпы дамыту жаттығуларын еркін жасай алады.

Ұлттық ойындар мен қимыл қозғалыс ойындарын шарты бойынша ойнай алады.

«Дені саудың жаны сау» — дегендей балалардың денсаулығын сақтау жолында күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жүргізіліп отырады. «Шынықсаң шымыр боларсың» — дей отыра ата – аналар мен балалар арасында эстафеталық, спорттық сайыстар өткізіліп отырады.  Күннің ІІ – ші жартысында балалармен дидактикалық ойын, қимыл қозғалыс ойыны, ұлттық ойындар, сюжетті рөлді ойындар, жеке жұмыстар жүргізіледі. Осының нәтижесінде балалар д/о: «Түстерді ата», «Көкөністер мен жемістер», «Ойыншықтарды орналастыр», «Пішіндерді ата», «Төлдерін тап» т.б осы сияқты ойындарды шарты бойынша еркін ойнай алады.

Қ.қ.о: «Поезд», «Ақ серек көк серек», «Түлкі мен балапандар», «Ақ қоян», «Маған қарай жүгіріңдер», «Кеглиді құлат» т.б ойындарды ойнай алады.

С.р.о: «Шаштараз», «Дүкенші», «Отбасы», «Дәрігер» т.б ойындарды еркін меңгерген..

  1. Қыркүйек айында барлық топтарда «Алтын куз» атты ертеңгілігі өз деңгейінде өтті.
  2. Ата- аналармен бірлесе отырып «Күз көрмесі» өткізілді.
  3. Бірінші желтоқсан «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты ересек және мектепалды даярлық топтарында тақырыптық оқу қызметі өтті.
  4. «Тәуелсіздік туы желбіре» атты тақырыптық іс-шаралар барлық топтарда өткізілді.
  5. «Салем саған Жаңа жыл» атты мерекелік ертеңгілі барлық топтар арасында өткізілді.
  6. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік  білім беру бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның  өмірі мен қызметіне арналған Жалпы республикалық ашық сабақтар өткізілді.

Байқаулар бойынша жеткен жетістіктер.

Байқау 2020 жылдың 14 қазанда аудан көлемінде өтті.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған «Педагогикалық шеберлік қырлары» атты аудан көлемінде өткен байқауға әдіскер Ерикнова М.К. қатысып бас жүлдеге ие болды.

Байқау 2020 жылдың 3-7 ақпан аралығында Алматы қаласының  мектепке дейінгі білім беру ұйым педагогтарының «Шексіз талант» ІІ қалалық шығармашылық фестиваліне бірнеше педагогтар қатысты.

ЭССE «Менің инновациялық кәсіби мансабым» тақырыбындағы презентация  тақырыбында қазақтілі пәні мұғалімі Атарова Ш.Б. қатысып ІІ- орынға ие болды.

БЕЙНЕЛЕУ, ДЕКОРАТИВТІ-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР. Абай Құнанбайұлының «Күз», «Қыс», «Жаз», «Желсіз түнде жарық ай» шығармалары желісінде тәрбиеші батик техникасын қолдана отырып өз тәрбиеленушілерімен жұмысын көрсетіп Долженко Т.В. ІІ-орынға ие болды.

ХОРЕОГРАФИЯ  бойынша балабақша тәрбиешілері Абай Құнанабаевтың «Желсіз түнде жарық ай»  әуенімен халық биін қазылар алқасына  ұсынып ІІ-орынға ие болды.

Байқау 2020 жылдың 17 ақпанда «Педагогикалық оқулар» байқауына жас маман Бабай Жазира қатысып мақтау қағазын иеленді.

Тақырыбы «Ас –тағам атауларын мектепке дейінгі мекемеде меңгерудің жолдары»

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *