Ертеңгілік «Желбіре жеңістің жалауы»

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы

«Басықара ауылдық округі әкімі аппаратының №8 «Тілашар» бөбекжай-балабақшасы»

Тәрбиеші:М.Рахмет

 

Желбіре жеңістің жалауы

Хор: «Дос болайық бәріміз»

Құрметті апайлар ,балалар 7 мамыр мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекесі де келіп жетті.Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек .Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар өмірдің мәні көңілдің жыры  әр отбасының алтын қазығы . Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз ер азаматтарымыз бен «Жас өркен» тобының жігіттеріне арналады.

Жүрекке адалдақтың ескен гүлін

Ғажайып келешектің төккен үнін.

Ардақты ағаларға шын жүректен,

Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.

1992 жылы 7 мамырда Елбасымыз Қазақстан Қарулы Күштерін құру туралы жарлыққа қол қойды.Ал 1998 жылдан бастап бұл күн еліміздің күнтізбесіне Отан қорғаушылар күні ретінде тіркелді. Биыл Қазақстан Қарулы күштеріне 27 жыл.Құрметті бүлдіршіндер Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік ертеңгілігімізді бастамас бұрын алғашқы құттықтау сөзді балабақша меңерушісі Жаримбетова Гайни апайға береміз.

Рахмет апай

Тәуелсіздік рухы күшті ғажап күн ,

Артта қалды бодан болған аза күн .

Елім, жерім, қазағым деп тебіренем.

Өйткені мен тәуелсізбін азатпын.

Қазақ елі желбіреп көк байрағың ,

Гүлге оранды ауылың мен аймағың.

«Сарбаздар» бір топ жігіттердің орындауында қабыл алыңыздар.

Рахмет балалар.

Біз туған жеріміз, алтын бесігіміз-кең байтақ Қазақстан.Қазақстан біздің Отанымыз.Ал біздер Тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз.Сондықтан өз елімізді өз жерімізді әеклер мен аталар сияқты қадірлеуге, сүюге ,қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық.

«Мәңгілік ел жастары»  қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Қазақтың қайсар ұлдары атты балабақша тәрбиеленушілеріне арналған республикалық онлайн байқауы өткізілуде  байқауға қатысушы Темірбек Нұртас  мына өлең жолдарын оқиды.

Авторы: Майдангер ақын Бүркіт Ибрагимұлы Ысқақов.

Отан –сенің ата-анаң,

Отан-досың бауырың.

Отан-өлкең астанаң,

Отан-аудан ауылың.

Отан-тарих , Отан-тіл

Жасаған елің, ер халқың,

Отан өлең, Отан жыр.

Көтерген көкке ел даңқын.

Отан осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

«Отан» деп өс жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл.

Рахмет

Ән: «Достық»

Орындайтындар: Айзере мен Айару

Би: «Кішкентай жұлдыздар»

Балбақша бүлдіршіндері, апайлар, бүгінгі 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік ертеңгілігімізді әрі қарай жалғастырайық.Ең алдымен тарихқа көз жүгіртіп өтсек.Әлемді дүр сілкіндірген 2 дүниежүзілік соғыстың қасіретін ешкім де ешқашан да ұмытпақ емес.Бұл оқиға бейбіт тыныш жатқан елді 1941 жылы жаздың жайма шуақ күні дүр сілкіндірді.

Бірақ сол кезден Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында батыл ержүрек ата-апаларымыз 1945 жылы 9 мамырда бұл сұм соғыс Ұлы Жеңіспен аяқталды.Тарих көші жаңаланып отырады емеспе ? міне содан бері 74 жыл мерзім уақыт өтті.

Дәл осынау жайдарынқы жай күні.

Болсадағы қай ғасырдың , қай жылы.

Ұлы Отаным басын иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

(1 минут үнсіздік)

Талай тарих кезеңдерін өткізіп,

Сырын жырын заманына  шерткізіп,

74 жылда елім менің жаңарған

Жеңіс күннің даңқын жатыр жеткізіп.

Ән: «Әніміз бар тамаша»

Орындайтын: Айша

Жеңіс, Оны сан мыңдаған  адамдар 4 жыл бойы минуттап күтті емеспе?

Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына бүгінгі арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға,апаларымызға басымызды иіп тағзым етеміз.

Тыныштық! Жаңа тыныштық,

Осы сөз бізге тым ыстық .

Көркейе берсін еліміз

Көркейе берсін ырыс-құт

Бақытты болсын балалар,

Соғысты сүйме адамдар.

Өркендей берсін қалалар

Гүлдене берсін далалар.

Би «Бипыл»

Балалардың мерекелік тақпақтарына  берейік.

Айша

Жауынгер біздің саңлақтар

Жауды жеңген солдаттар.

Ардақта Отан ел үшін

Бақытты туған жер үшін.

Айсұлтан

Ағайын туған бар адам

Адамдық үшін жаралған

Бар қымбат туыстық

Баянды болсын тыцныштық.

Үміт

Ұлы Отан қамы үшін

От пенсуды кешеміз.

Жіберместен намысты

Солдат болып өсеміз.

Берекет.

Солдат болған атамда

Солдат болған әкемде

Солдат болған ағамда

Кезек келді маған да

Жанару

Ақ көгершін қалықтап,

Аспанда биік самғасын

Тыныштық болып елімде

Қанаты оның талмасын.

Қадір-әлі

Жеңіс келді далама

Жеңіс келді қалама

Жеңіс келді әке боп

Елдегі бар балаға.

Би: Өзбек биі

Балалардың тақпақтарына берейік.

Айшабибі

Ол жеңісті көген жоқ

Келді кейін азат күн.

Бірақ мәңгі өлген жоқ.

Батыр қызы қазақтың.

Т.Айару

Сонау жылы жер көкті.

Соғыс бұлты торлаған,

Сонда Мәншүк әпкеміз.

Жауды елден қорғаған.

Раяна

Аталар сапқа шықпасын.

Аналар қабақ шытпасын.

Бақытқа жетіп бар адам,

Сәбилер тыныш ұйықтасын.

Бибінұр.

Даламыздың даңқысың

Балауса гүл балғын қыз

Жанын қиып халқы үшін

Жанып түскен ақ жұлдыз.

Би: Орыс биі

Біз Жас ұлан, Отан ана өркені.

Үміт артқан болашағы ертеңі.

Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,

Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.

Хор: «Тәуелсіз елдің ұланы»

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *