Жасөспірімдердің бейімделуі мен әлеуметтендірілуі

Тақырыбы: Жасөспірімдердің бейімделуі мен әлеуметтендірілуі

Орындаған:
У.Е.Абилдаева

Жасөспірімдердің бейімделуі мен әлеуметтендірілуі.
Табиғатта жерден жұлынып алып, құнарсыз құмға тастаған өсімдіктердің өмір сүруі мүмкін емес екені сияқты, адамның да қоғамнан тыс болуы мүмкін емес.А.Н.Толстой
Мақсаты: Бала жанын түсіну, сезімін, көңіл-күйін, ықыласын, тілегін, қажеттілігін сезіну; Оқушының тұлғасын қалыптастыру және дамытуда оны әлеуметтік тұрғыда қолдау.
Әлеуметтендіру дегеніміз не? Белгілі бір себептермен күйзеліске душар болған, торығу нәтижесінде қатардан шығып қалған не болмаса саяқтық, оқшаулану секілді қоғамдық ортада өмір сүруіне кедергі болатын мінез-құлқын тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу, қалыбына келтіру арқылы тұлғаны қатарға қосу. Әлеуметтендіру дегеніміз — сана-сезімі, психикасы, мінез-құлқына нұқсан келген не болмаса басқаларға ұқсамайтын ерекше қабілетті жасөспірімдерді қоғамдық ортада толыққанды өмір сүруіне қайтару үшін істелетін жұмыс жүйесі.
Адам туған сәттен бастап әлеуметтендіру ықпалына түседі. Отбасы тәрбиесі, мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының барлығы да оқушыларды әлеуметтендіруге арналған деуге болады. Себебі сол арқылы балалар болашақта қоғамдық ортада қатарынан қалмай өмір сүруге үйренеді, қажетті білім, білік, дағдыларды бойына сіңіреді. Бұл әрекеттерді меңгере алмаған, оқу-тәрбиеге көнбеген балалар арнайы әлеуметтендіру шаралары арқылы әлеуметтендіріледі.
Әлеуметтену дегеніміз не?Әлеуметтену- адамның әлеуметтік нормалары мен мәдени құндылықтарын игеру процесі мен нәтижесі. Ал , біздің, әлеуметтік педагогтардың мақсатымыз — оқушыларға әлеуметтік көмек ұйымдастыру, тек көмек күтуші емес, проблеманы шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу, рухани жан-дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру болады. Бұл процестер тәрбиелеу, білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу арқылы жүзеге асады.
Әлеуметтену процесінде екі мәселе шешіледі:
1. Әлеуметтік бейімделу- жеке адамның ортаға бейімделуі, барлығымен бірге болу. Балаға барлық бағытта көмектесу. Баланың әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған.
2. Әлеуметтік оқшаулану — ортамен бірге бола отырып, өзімен-өзі болу, іс әрекеті мен қарым-қатынастарында табанды болмай, тұлғаның өзін бағалай білмеуі.
Жасөспірімдердің әлеуметтік өзгерістерге бейімдеу олардың қажеттіліктерінің негізінде жоспарланып, мынадай негізгі бөлімдерден құралады.
Оқушымен жеке жұмыстың мәні — оның тұлғасын әлеуметтендіру, оның өзінің жетілу мен өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажетсінуін тәрбиелеу. Мұндай жұмыс біздерден
• сезімталдықты
• кішіпейілділікті
• қайырымдылықты
• ілтипаттылықты
• ықыластылықты
• зер салуды
• қамқорлық жасауды қажет етеді.
Ол үшін мынадай жағдайларды ескеру керек:
• Бала жанын жақсы түсіну, яғни оның сезімін, көңіл күйін, ықыласын, тілегін, қажеттілігін сезіну
• Баланың таңдау еркіндігін қолдау. Сенің көзқарасыңа сай келмейтін болса да, баланың шешімін сыйлау қажет
• Жасөспірімнің тұлғасын қалыптастыру және дамытуда оны әлеуметтік тұрғыда қолдау. Баланың дамуына және тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік беретін жағдайды туғызу
• Мақсатты әлеуметтік қолдау көрсету. Көп балалы, табысы аз отбасына, мүгедек, жетім балаға, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға көмектесу
Жасөспірімнің әлеуметтік бейімделуінде психологиялық қиындықтар кездеседі.
Олар:
• Қателесуден қорқады
• Ойлағанындай өзін көрсете алмаудан
• Өзін-өзі төмен бағалайды
• Өзгелердің сынауынан қорқудан
Әлеуметтік бейімделу және бейімделе алмау проблемалары
• ағымдағы әлеуметтік өмір нормаларына үйрену және меңгеру кезіндегі қиындықтар, баланың денсаулығы мен өміріне қатерлі әлеуметтік қауіпті нормаларды бұзу кезінде туындайтын қиындықтар;
• әлеуметтік педагог кешенді дәстүрлерді, әдіс-тәсілдерді, психологиялық-педагогикалық диагностиканы: бақылау, байқау, пікірлесу, тестілеу, анкета жүргізу, іскерлік ойындар өткізу, балалар шығармашылығын пайдалану, т.б. жүргізе алады.
Жұмыс барысында:
Әрбір балаға өзінің сезімі мен эмоцияларын шығаруға мүмкіндік беруі қажет екендігін ұмытпаған жөн. Бұл өзара тиімді іс-әрекет жасау және жемісті жұмыс істеу үшін қажетті болған қолайлы жағдайдың қалыптасуының негізгі шарты болып табылады.
Нәтижесі:
Әрбір тұлға өз-өзін құрметтей отырып, өз ісіне талдау жасап, өзінің жасаған іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарайтын болады;
Бала өзін ің жақсы жақтарын танып өз бойындағы адами құндылықтарын оң қалыпты дәрежеде қалыптастырады. Өзін жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, басқаларға сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға болып қалыптасады.Оқушы алдында тұрған міндеттердің шешімін табуға, жағдаяттарды тез арада шеше білуге, өз пікірін еркін, ашық айтуға, сыныптастарымен, ұстаздарымен жағымды қарым-қатынас орнату қажеттігін түсінеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *