«Талантыңмен таныл» ойыны түріндегі сыныптан тыс жұмыс.

«Талантыңмен таныл» атты танымдық сыныптан тыс шара.
Мақсаты: 1.Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту.
2. Ұйымшылдыққа , топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.
3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Математикалық сайыс
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, бүктеме қағаздар, ” Білімді азамат- ел ертеңі”,“Адамның даңқы – оның ойлау қабілетінде”, “Білегіңе сенбе – біліміңе сен” жазулары, ұпай парақтары
«Адамның ақыл — ойының кеңейе түсуіне математиканың тигізетін әсерін айтып жеткізу қиын. Математика ой, ақыл шегін кеңейтеді» О.А. Жәутіков
Ойын түрінде өткізілетін сыныптан тыс жұмысқа 5«а» және 5«б» сынып оқушыларынан құралған 3 топ болып бөлініп қатысады. Өздері топ басшыларын сайлап, топтың атын, ұранын және төсбелгі ойлап табады.
І кезең: Таныстыру 5ұпай
ІІ кезең: “Миға шабуыл” (әр топқа 6 сұрақ және 1 логикалық сұрақтан беріледі)
ІІІ кезең: “Сиқырлы сандар” (10,20,30,40 көлемінде логикалық сұрақтар қойылады)
20 саны «Қара мысық» туссе жолыңыздың болмағаны, ойын кезегі келесі топқа беріледі.
10 саны « От » келсе , жинаған ұпайларыңыздың 10 ұпайы күйіп кетеді.
10 саны «Лотерея билеті»- керісінше 10 ұпай сыйлыққа беріледі.
30 саны «Қамалға» келсеңіз , қиын есепке ие боласыз. Ол арнайы сұрақ болады.
30 саны «Алтын сандық» -олжаға кенелеміз. Сыйлық аламыз, ойынды жалғастырамыз.
20 саны «Өрмекші торына» туссеңіз, логикалық сұрағына ие боласыз. Сұрақтың
дұрыс жауабын таппаса, тордан шыға алмайды.
ІҮ кезең: ““Сөз тапқанға..” (әр топтан 1 оқушы шығып мұғалім айтқан сұрақтарға өзіне берілген әріптен бастап сол сәтте жауап беруі тиіс)
Ү кезең: «Ұшқыр ой» ойыны.
Яғни қай топтың ойынын ұшқыр екенін анықтаймыз. Ол үшін алдарында тұрған қағазға 1 — ден, 9 ға дейінгі сандарды жазыңдар. Енді сол сандардың орнын ауыстырмай, мәні 99 шығатындай «+» амалын қойып шығындар. Орны ауыспаған қалыпта екі таңбалы сан қолдануға болады.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9=12+3+4+56+7+8+9=99
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9=1+23+45+6+7+8+9=99 немесе 1+2+3+4+5+67+8+9
Қане балалар жазып болсақ, топ басшыларын оқып шықсын.
Ендеше тақтаға қарайық. (Дұрыс нұсқасын көрсетемін немесе дұрыс орындаған топтың тапсырмасын үлгі ретінде көрсетемін)
ҮІ кезең: Математикаға байланысты сөздер мен сандарға қатысты мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.
ҮІІ кезең. «Талантыңмен таныл» (берілген тапсырманы орындау, қойылым көрсету)
ҮІІІ кезең “Тілек жолдау” (бір бірімізге математикалық тілде тілек жолдаймыз)

Ойын барысы:
1 – жүргізуші – мұғалім
2 – жүргізуші – оқушы
1- жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар!
2- жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар! “Талантыңмен таныл” атты кешімізге қош келдіңіздер.
1- жүргізуші: Әлемдік өркениетке ұмтылған Тәуелсіз еліміздің басты құндылығы – білімді ұрпақ. Білімді азамат – ел ертеңі.
2- жүргізуші: Иә, еліміздің кемел келешегі – біздің қолымызда. Ал біздің қазіргі міндетіміз-түрлі пәндерді игеріп, терең білім алу. Ал соның ішінде ғылымдардың патшасы саналатын математика пәнінің мен үшін де, менің достарым үшін де алатын орыны ерекше . Әл- Фараби бабамыз айтқандай математика басқа ғылымдардан жоғары бағаланады, ұлы Ломоносов сөзінше математика ақыл–ойды тәртіпке келтіреді, сондықтан оны оқу керек.
1- жүргізуші: Бүгін біздің кешімізде екі топ оқушылары өздерінің математика пәні бойынша білімдерін көрсетіп, сынға түспекші.
2 – жүргізуші:
Шақырамыз үш топты ортаға
Қол соғады көрермендер таңдана.
Сайыскер өнеріңді ортаға сал,
Осы кеште біліміңді сынап ал.
Білмегеніңді осы бүгін біліп ал.
1- жүргізуші . Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!
(Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейік)
2- жүргізуші. Ал, қанеки сайысты біз бастайық
Ұрандарымызды айтып,
Өзімізді таныстырып тастайық.
(сөз кезегін әр топқа береміз)
1) І топ. «_____» Ұраны: Білікті бірді жығар ,
Білімді мыңды жығар.
ІІ топ : «______» Ұраны: Өнер- ағып тұрған бұлақ,
Білім- жанып тұрған шырақ.
ІІІ топ. «_____» Ұраны:
Командалардың өздерімен таныстыруы, сәлемдесуі.
Ойынды бастайтын команданы анықтау үшін, капитандары ортаға шақырылады,
« К » әрпінен басталатын математика терминдерін кім көп айтады, сол команда
бірінші бастайды.
І кезең: Таныстыру (Әр команда өздерін таныстырады) 5ұпай
ІІ кезең: “Миға шабуыл” (әр топқа 5 сұрақ және 2 логикалық сұрақтан беріледі)
1-топқа:
1. 5 сынып Математика кітабының авторлары? (Алдамұраова, Байшоланов)
2. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)
3. Берілген фигуралардың қабырғаларының қосындысы? (периметр)
4. 461 жай сан ба, құрама сан ба? (жай)
5. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)
6. . Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Мадина поездың
соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. поезда неше вагон болған? (13)
Логикалық есеп
1. 1. Қашан теңеседі
Бір ананың үш қызы болады.
Шешесі 42 жасқа келгенде, үлкен қызы 19-ға, ортаншысы 11-ге, ал сүт кенжесі 2 жасқа толады.
Қанша жылдан кейін анасы мен үш қызының қосынды жасы теңеседі? Ойлынып көр.
Жауабы:Алдымен үш қызымен шешесінің жас айырмасын табу керек. Ол 10 жас. Бір жылда шешесінің жасы 1-ге, үш қызынікі 3-ке артады. Олай болса 3-тен 1-ді шегеру керек. 2 саны шығады. Ол 10 айырмаға сай келеді, яғни 1 санына 5 жас сәйкес. Демек, бес жылдан кейін шешесі мен үш қызының жасы бірдей болады.
2-топқа:
1. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі? ( 180°)
2. 45 минут сағаттың қанша бөлігі (¾)
3. Кері сандардың көбейтіндісі (1)
4. Кім барлық тілде сөйлейді (жаңғырық
5. Қайсысы көп : 2 метр ме, әлде 201 см ме? ( 201 см)
6. Қандай 3 натурал санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (1,2,3)
Логикалық есеп
Ертеде кедейлікпен күн кешкен жалғыз кемпір болыпты. Түн ішінде кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып, ұрылар келеді.
Кемпір: — Ә, бұлар менің сиырымды ұрламақшы екен, мен бұларды алдайын деп ойлайды. Сөйтіп бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтады:
«Сапырып-сапырып, Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер.
Есіктегі екеуге бер.
Өзің іште маған бер» — деген екен. Мұны естіген ұрылар: «Қой мұнымыз жарамас, бекер екен. Бұл үй-толы кісі екен, әрі бір адамға бізден артық екен, кетейік»,–деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сұрақ: Сонда үйдегі адам нешеу? Ұрылар нешеу? Ж: (6 адам, 5 ұры)
3-топқа:
1. Үстелде 3 стақан сүт бар.Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)
2. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі (ғасыр)
3. 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)
4. 5 санына кері сан? ( )
5. Қай бөлшек артық: дұрыс бөлшек пе, бұрыс бөлшек пе?
6. Жай сандар кестесін жасаған математик? (Эратосфен )
Логикалық есеп
1. (әзіл есеп) «Қу түлкі» Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса,жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған. Ж: 127

ІІІ кезең: “Сиқырлы сандар” (10,10,20,20,30,30 көлемінде сұрақтар қойылады)

10 саны қызыл түс « От » келсе , жинаған ұпайларыңыздың 10 ұпайы күйіп кетеді.
10 саны көк түс «Лотерея билеті»- керісінше 10 ұпай сыйлыққа беріледі.
20 саны қызыл түс «Қара мысық» туссе жолыңыздың болмағаны, ойын кезегі келесі топқа беріледі.
20 саны көк түс « «Өрмекші торына» туссеңіз, логикалық сұрағына ие боласыз. Сұрақтың
дұрыс жауабын таппаса, тордан шыға алмайды.
1. (әзіл есеп) “ Түлкі мен қасқыр”.
Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?
Ж: Ең көп балықты түлкі алды -110, 10 балыққа артық. Қасқыр-100
2. Жандостың үйінің бақшасында кәрі бір ағаш бар. Әр жылы 25 сантиметр өседі. Жандос 8 жасар кезінде жерден 140 сантиметр биіктіктегі ағаштың діңіне ЖАНДОС деп есімін жазады. Жандос 12 жасқа толғанда бұл жазу қанша снтиметр өскен болады?
Жауабы: Еш өспейді. Өйткені кәрі ағаштың діңгегі емес, бұталары өседі.
3. Екі бөлмеде 76 адам болған, олардың біреуінен 30 адам, екіншісінен 40 адам шығып кеткенде бөлмелердегі адамдардың саны тең болды. Алғашқыда әр бөлмеде неше адам болған?
Жауабы: 33 адам және 43 адам
30 саны қызыл түс «Қамалға» келсеңіз , қиын есепке ие боласыз. Ол арнайы сұрақ болады.
Математематика пәнінің жоғары санатты мұғалімі Айгүл Жолдығалиқызы сіздерге сұрақ қояды.
30 саны көк түс « «Алтын сандық» -олжаға кенелеміз. Сыйлық аласыз әлде сұраққа жауап бересіз бе?, ойынды жалғастырамыз.
Сұрақ: 3. Cұрақ белгісінің орнына тиісті санды қойыңыздар
8, 6, 7, 5, 6, 4, ? (5)
ІҮ кезең: ““Сөз тапқанға..” (әр топтан 1 оқушы шығып мұғалім айтқан сұрақтарға өзіне берілген әріптен бастап сол сәтте жауап беруі тиіс)
“1-топқа ” тобына қойылатын сұрақтар.
(М,Б,Е,О әріптері)
1)”Математиканы білмесең дұрыс өмір сүрмейсің”-деген пікірге не айтасыз?
2)Математиканы меңгеру үшін адамға не қажет?
3) Интернет желісіне қалай қосыласыз?
4)Сенің жақын құрбыңның әжесінің жасы нешеде?
5) Дүкенге барған кезде неше теңгеге сауда жасайсыз?
“2-топқа ” тобына қойылатын сұрақтар
(Т,Қ,Ж,П әріптері)
1. “Математика-ғылымдар патшасы”дегенді қалай түсінесіз?
2. Математикадағы қасиетті сандар туралы не ойлайсыз?
3. Геометриялық фигуралардың бірін ата?
4. Компьютерде жұмыс жасай аласыңба?
5. Сенің ойынша ең үлкен қай сан?
“3-топқа” тобына қойылатын сұрақтар
(Н,а,с, ұ әріптері)
1. Математика ғылымы туралы өзіңіздің пікіріңіз қандай?
2. Математика ғылымы қызықты ма?
3. Математикалық термин
4. Математика пәнінен соңғы рет қай тақырыпты өттіңдер?
5. Аспаннан қанша жұлдыз көріп тұрсыз?
Ү кезең: «Ұшқыр ой» ойыны. 10ұпай
Яғни қай топтың ойынын ұшқыр екенін анықтаймыз. Ол үшін алдарында тұрған қағазға 1 — ден, 9 ға дейінгі сандарды жазыңдар. Енді сол сандардың орнын ауыстырмай, мәні 99 шығатындай «+» амалын қойып шығындар. Орны ауыспаған қалыпта екі таңбалы сан қолдануға болады.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9=12+3+4+56+7+8+9=99
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9=1+23+45+6+7+8+9=99 немесе 1+2+3+4+5+67+8+9
Қане балалар жазып болсақ, топ басшыларын оқып шықсын.
Ендеше тақтаға қарайық. (Дұрыс нұсқасын көрсетемін немесе дұрыс орындаған топтың тапсырмасын үлгі ретінде көрсетемін)
ҮІ кезең: Математикаға байланысты сөздер мен сандарға қатысты мақал-мәтелдер, қанатты сөздер жазады. 2мин уақыт
Қызықты үзіліс
Ойыншылар тапсырманы орындағанша, көрермендерімізбен қызықты үзіліс өткізейік.
Шарты: жасырылған ұғымды немесе іс-әрекетті оқушылар ешбір дыбыс шығармай тек іс-қимылмен бейнелеулеріңіз қажет.
Жасырылған сөздер:
1. Турист
2. Күнтізбе
3. Координаталық жазықтық
4. Боран
5. Піл
Сұрақтар қою:
1. Бұл заттың пішіні тік төртбұрыш тәрізді. Ол қашық тұратын адамдар келгенде көбінде бар. Ауылға жақын тұратын адамдарда біреуінде де жоқ. Оны сен жай алмайсың. Әрі ол бір жерден сатып алынады. Бұл не? (жол билеті)
2. Бұл зат біреуінің қалтасында, біреуінің сөмкесінде. Бетіңде сандар бар. Ол сан заттар ауысып кетпеу үшін жазылған. Бұл не? (Киім тапсырғанда берілетін белгіше)
3. Онымен ертеректе дүкендерге қолданылған. Әр сатыларында дөңгелек тоқаштар ілінген. Оны қолданғанда өзі сарт-сұрт етеді. Қарапайым калькулятор деп атауға болады. (Есепщот)
4.Электр поезы шығыстан батысқа қарай жүріп келе жатты. Ол сағатына 60км шапшаңдықпен жол жүрді. Сол бағытта шығыстан батысқа қарай жел соғып тұрды. Бірақ, оны шапшаңдығы сағатына 50 км. Жел поездың түтінін қай жаққа айдап әкетті? (электр поезында түтін болмайды)
5. Бөлмеде 2 ит , 3 құс , 1 шыбын бар.Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын
қосып есептегенде қанша болады? (20)
6. Екі адам 5метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті
кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6 минут)
7. Ағаш үстінде 30 торғай отырды. Аңшы 1 торғайды атып алды. Олардың
қаншасы қалды? (1 торғай қалды, басқалары ұшып кетті)
8. Төрт тяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар? (14)
9. Таныс емес қалаға келген математик шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің алқам-салқам киімін көріп, шашы қалай болса солай алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, математик бірінші шаштаразға барды. -Неге? (қалада екі ғана шаштараз болғандықтан әрқайсысы да бірін-бірі қырқады. Демек, біріншісі – жақсы шашатараз)
ҮІІ кезең. «Талантыңмен таныл» (берілген тапсырманы орындау, қойылым көрсету) 10ұпай
1. Мектеп өмірі
2. Біздің үй
3. Банк (мысалы банктен кредит алу)
ҮІІІ кезең “Тілек жолдау” (бір бірімізге математикалық тілде тілекті стикерге жазып жолдаймыз)

Жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер, — деп бүгінгі танымдық шарамызды қорытындылаймыз. (Сайыс
нәтижесін әділқазылар хабарлайды)

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *