Кестелер. Кестелерді құру

 Сабақтың тақырыбы Кестелер. Кестелерді құру
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға кестелермен және мәтіндік процессор құралдары арқылы оларды құрудың ережелерімен таныстыру және жұмыс жасауды үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақ типі: Жаңа материалды меңгерту
Күтілетін нәтиже -кесте ұғымымен, оның элементтерімен танысады;

— кесте құру жолдарын біледі;

— ұяшықтар арасында ауысу, кестеге жолдар қосу командаларын үйренеді.

Түсіндірме сөздік  Кесте –әліметтерді жолдар мен бағаналар қиылысында орналастыру арқылы ұсыну тәсілі

Ұяшық – бағандар мен жолдардың қиылысы

Баған-тігінен орналасады, жол – көлденеңінен орналасады

Аударма сөздік: Кесте-Таблица-Тable                     Ұяшық-Ячейка-СellЖол-строка-lines                             Баған-столбцов-columns
Пәнаралық байланыс Математика, ағылшын тілі, орыс тілі
Сабақтың ресурстары Оқулық, таратпа қағаздар, интерактивті тақта, компьютер
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, Джигсо, түсінік, талдау, ой толғаныс, тесттік жұмыс
Қолданылған модульдер  Сыни тұрғыдан ойлау; Оқытуды басқару және көшбасшылық;Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; Диалогтық оқыту.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Уақыты
 

Ұйымдастыру

 

 

 

Психологиялық дайындық

 

 

 

 

Топқа бөлу

 

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындықтарын қадағалау

 

 

Аспан шайдай ашылып,

Күннің нұры шашылып.

Ақпанның 8-і сәрсенбісі сәтті күн,

Қонақтар келді бізге бүгін.

Орнымыздан тұрайық,

Амандасып алайық.  (Сәлеметсіздер ме!)

 

Оқушыларды түрлі түсті қағаздан жасалған қызғалдақ, сарғалдақтар арқылы 2 топқа бөлу.

 

Кезекші сабақта жоқ оқушыларды баяндайды. Сабаққа қажетті құралдарын дайындайды

 

 

Орындарынан тұрып амандасады.

 

Әр оқушы өзіне ұнаған қызғалдақты немесе сарғалдақты алу арқылы  екі топқа бөлінеді және топ басшыларын сайлайды.

І топ: Қызғалдақтар

ІІ топ: Сарғалдақтар

 

 

 

1 минут

 

 

 

 

1минут

 

 

 

 

 

1минут

Үй тапсырмасын сұрау

 

 

 

Әр оқушыға өз жапырақтарындағы сұрақтарға жауап беруді бұйырамын

Сұрақ-жауап әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. (сынықтан өткізу, түрткі болу, қайта бағыттау техн.)

1. Жоларалық интервалдың түрлері және оны қалай өзгертеміз?

2. Word бағдарламасын қалай іске қосамыз?

3. Word бағдарламасының терезе элементтері?

4.Құжатты ашу, сақтау командасы?

5.Құжатқа символды кірістіру командасы?

6.Қаріптің түрін, өлшемін өзгерту командасы?

7. Тізімнің түрлері қандай және оны қалай құрамыз?

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді және әр топ оқушылары қарсы топ оқушыларына сұрақ қою техникалары бойынша сұрақтар қояды және қарсы топтың жауаптарын толықтырып отырады.

5 мин
Жаңа білімді меңгертуге дайындық Сөзжұмбақ шешу:

1.      Осы тапсырманың бүгінгі сабақпен  қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар?

2.      Сабағымыз не туралы болуы мүмкін?

3 .Кесте  дегеніміз не?

–Проблемалық жағдай тудыру

 

 

Сөзжұмбақтың сұрақтарына жауап береді және жауабын жаза отырып жаңа сабақтың тақырыбы мен мазмұнын ашады.

2 мин
Жаңа сабақты түсіндіру Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау. Оқушыларға оқулықтан және ғаламтор беттерінен алынған мәліметтер беру.

Интерактивті тақта арқылы Word бағдарламасында кесте құру жолдарын түсіндіру. Термин сөздер мен кесте құру командаларын дәптерге жаздыру.

Оқушылардың жаңа тақырыпты қаншалықты түсінгендерін білу мақсатында жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою.

 

Зейін қойып тыңдайды. Оқулықты және таратпа қағаздарды оқиды. Топ ішінде талқылайды, түйінді сөздерді дәптерлеріне жазады.

 

 

Мұғалім сұрақтарына жауап береді, бір-бірлерінің жауаптарын толықтырады.

10 мин
Сергіту сәті Тұрады ол жолдармен бағандардан,
Және тұрар ұяшықтар ағымынан
Кәне ойланып көрейік ол не екен?
Баған менен жолдарды қиылыстырған 

Кестенің бір негізгі элементі
Көлденең ұяшық құру қызметі
Ұяшық емес, баған емес ол не екен?
Кестенің негізгі болған қызметі

Тіктөртбұрышқа ұқсайды,
Елемей кетуге болмайды,
Баған менен жолдардың қиылысы
Кестеде қай элементті құрайды?

Оқушылар жұмбақты шешеді және жауабын үш тілде айтады

Кесте
Таблица

 

Жол
Строка

 

 

Ұяшық
Ячейка

2 мин
Жаңа сабақты бекіту Оқушылардың дербес компьютерлерге отырғызып тақырып соңындағы А, В, С деңгейлі тәжірибелік жұмысты орындауға нұсқау беру Word бағдарламасында деңгейлік тапсырманы орындап, өз шығармашылықтары бойынша жұмыстар жүргізеді 10 мин
Қорытындылау  

сайты арқылы құрылған сәйкестендіру тест сұрақтарын және оны орындауларын бақылау.

Жаңа сабаққа байланысты қосымша сұрақтар қою.

Тапсырмаларды жеке-жеке орындайды, тест соңында жауаптарымен танысады.

 

Қосымша сұрақтарға жауап береді.

5 мин
Бағалау Топ жетекшілерінің өз тобындағы білімін бағалауын тындау, оқушылардың білімін бағалау. Топ жетекшісі топтағы оқушылардың қоытынды балын шығарады және тақтадағы бағалау крийтерилері бойынша баға қояды 2 мин
Үйге тапсырма

 

 

Кері байланыс

Кестелер. Кестелер құру тақырыбын  оқу, және конспект жазу.

 

Стикерге бүгінгі сабақ бойынша ой-пікірлерін жаздыру.

Не ұнады___________________

Не ұнамады_________________

Не үйрендім_________________

Кітаптарына және күнделіктеріне тапсырманы белгілейді

 

 

 

Стикерге бүгінгі сабақ туралы ой-пікірлерін жазады.

 

 

1 минут

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *