Мен қандай педагогпін?

Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.
Сенека
Бүгінгі дамыған заманда озық ойлы,тереңнен ойлай алатын шәкірт қалыптастыру-білікті ұстаздың міндеті.Мұғалім мамандығы жаупты мамандық болғандықтан,ол ізденімпаз, сыни ойлай алатын, шығармашыл болуы тиіс. Еліміздің ертеңі бүгінгі оқушыларымыз болып табылады.Сондықтан баланың біліміне бей-жай қарамай,үнемі ізденіп, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып сабақ өткен жөн.
Білім мен тәрбие беру ісінде мектептің маңызы ерекше.Біз оқушыларға білім беру мен оқыту ісінде өзіміздің біліміміз бен барлық күш-жігерімізді жұмсай отырып, олардың ертеңгі қоғамда өз орнын табуына зор үлесімізді қосып келеміз.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша курсқа барып оқып,тәжірибе жүзінде сабақ өткен соң бұл бағдарлама бойынша ақпарат толық қалыптасты.Жақсы тұстары-оқушыға шектеу жоқ,өз ойын ашық айта алады,тек мұғалінің бағалауымен емес,бірін-бірі бағалауға, өз-өзін бағалауға үйренеді.менің түсінігім бойынша, жаңартылған бағдарламамен сабақ өту тек топпен жұмыс жасау деп түсінетінмін,кейіннен білгенім-сынып оқушыларына жұппен де, жеке де тапсырма беруге болады екен.
Жаңартылған білім берудің мақcаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда, яғни өмірдің кез келген сатысында тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.Осы ережені есте ұстай отырып, жаңа бағдарламаның оқушыға пайдасы мол екенін түсіндім.
Оқушыларға берген білімнің оң нәтижесін ала білу-мақсатым.Өзім оқушыларға бағыт-бағдар беруді,бір-бірін оқытуға мүмкіндік беруді, сабақта түрлі әдістер қолдануды , өз-өзімді реттеуді меңгердім.Сапалы даму жұмысымда мен оқушылардың бойынан талқылауды, сараптауды, өзін-өзі бағалай білуді АКТ-ны пайдалана білуді, өткен нәрсеге шолу жасай білуді үйренгенін байқадым.
«Ізденген жетер мұратқа» деген қағиданы ұстана жүріп өзімді,өз тәжірибемді дамыта беремін.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *