«Менің үйім» ересек топтағы ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Ересек топтағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: Менің үйім.
Мақсаты : «Менің үйім» тақырыбы бойынша білімдерін кеңейту.
Міндеттері:
1.Білімділік: үй туралы түсінік бере отырып, жаңа сөздерді үйрету. «Мынау не?» сұрағына жауап беруді жетілдіру. Жаңа сөздерді, 2-3 сөзден тұратын сөйлемді құрастырып айтуды үйрету. Сөзді дыбыстау мәдениетін қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Сөздік қорды, зейінді, танымдық қызығушылықтарын, байланыстырып сөйлеуді, мәнерлеп айтуды дамыту.
3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, тілдік жатығулар, дидактикалық ойындар.
Қажетті құрал-жабдықтар: үйдің макеті, отбасы мүшелерінің суреті
Сөздік жұмыс: үй, бөлме, қабырға, есік, шатыр, терезе, биік, әдемі

Іс-әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Балалармен амандасады. Өздерінің тобын мақтауды ұсынады.

Әдемі үйдің макетін көрсетіп, онда кімдер тұратынын білуге шақырады.
Әркімнің қандай үйде тұратынын біледі. Сәлемдеседі. Орындарынан тұрып:
Алақай!Алақай!
Қуанады балақай!
Біздің үй – үлкен үй.
Біздің терезе, анау тұрған кебеже
Біздің кілем, әдемі ғой білем.
Мынау — теледидар
Мынау – үстел,
Мынау – орындық
Келіп оған отырдық — деп айтады.
Балалар отбасы тақырыбы бойынша сөздерді айтады.
2-3 бала өз үйлері туралы айтады.
Ұйымдастырушылық – іздеушілік

Үйдің макетін көрсете отырып, жаңа сөздерді меңгертеді.
Келесі сұрақтарға жауап беруді қалыптастырады:
-Балалар, мынау не?
-Үй қандай?

Сергіту сәті. Тамшы туралы немесе күз туралы өлеңді қимыл-қозғалыс арқылы айтуларын өтінеді.

Тілдік жаттығу:
Үй-үй — үлкен үй
Ға-ға – биік қабырға
Зе-зе – таза терезе
Ік-ік-үлкен есік.

«Үйде кім бар (жоқ)?» дидактикалық ойыны. Шарты: тірек суреттер арқылы 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрастыру керек.Мысалы: Үйде атам жоқ. Үйде әкем бар. Балалар әдемі үйді тамашалап, жаңа сөздерді еске сақтайды. Мысалы: Мынау — үй. Үй – үлкен, биік т.б.

Балалар орындарынан тұрып, бой сергіту жаттығуын өлең сөзіне сәйкес көрсетіп айтады.
Тамшы тамса тырс-тырс,
Айтады гүл:
-Дұрыс!Дұрыс!
Тамшы тамса тырс-тырс,
Айтады қыр:
-Ырыс!Ырыс! немесе «Көктем» әні.

Жаттығуды жекелей және хормен айтады.

Балалар ойынды шартына сәйкес орындайды.

Рефлексивтік – түзеушілік

«Кім жылдам?» ойыны арқылы меңгерген сөздерін пысықтайды. Шарты: балалар мұғалім көрсеткен үй бөлшектерін жылдам атау керек.

Алғыс білдіреді. Қоштасады. Балалар дұрыс жауап беруге тырысады.

Белсенділік көрсеткен балаларға алғыс айтады.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі :
1. жаңа сөздерді дұрыс айтуды;
2. сөз ішіндегі төл дыбыстарды дұрыс дыбыстауды;
3. сұрақтарға толық, нақты жауап беруді;
4. тілдік жаттығуды құрастырып айтуды.
Қандай түсініктерді игерді?:
1. үй туралы жалпы түсінікті;
2. баспананың адам өміріне қажеттігі, оның пайдасы туралы түсінікті.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері :
1.жаңа сөздерді қазақша айтуды;
2.Тірек суреттер арқылы екі-үш сөзден құралатын сөйлемді құрастыруды;
3. тақпақты хормен айтуды, қимыл-қозғалыспен дұрыс көрсетуді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *