Жастардың діни сауаттылығын арттыру .

Дін, мәдениет, тарих. Бұл үш сөз аса ұлы құндылықтарымыз. Жастардың діни сауаттылығын арттыру. Жастардың діни сауаттылығы қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Жастардың рухани санасын оятуда діннің алар орыны ерекше. Дін-ол сонау Пайғамбарлар заманынан келе жатқан сенім жүйесі. Жастардың діни сауаттылығын арттыруда әрине бірінші кезекте ислам дінінен ақпарат беру маңызды. Өйткені қазіргідей қоғамда дінді бұрыс бұрмалаудың нәтижесінде, оның ішкі-мазмұнына үңілместен қаралайтын да жағдайлар кездеседі. Ислам діні адамзат баласын тазалыққа, ілім-бімге, талапты болуға шақыратын дін. Құран Кәрімдеде бұл жайлы баян еткендей Ислам дінінің білім-ғылымға қаншалықты көңіл аударғаның о бастан-ақ аңғартты. Ислам дінінің білім-ғылымға қаншалықты көңіл аударғаның о бастан-ақ аңғартты. Жастардың діни сауаттылығын арттыру үшін маңызды қадамдар жасалуы керек. Және ислам дінін бір жақты қарамай, ілімге қаншалықты көңіл бөлумен қатар, сауатты болуға қаншалықты ынталандырады деген мәселені қарастыру да аса маңызды. Өйткені, жастардың арасында діни сауатсыздықтың салдарынан өзге ағымға кетіп жатқандары немесе исламдағы айтылған хадис мәтіндерінің мағынасын тікелей түсіну арқылы, сауатсыздыққа жол ашып жатқанын қазіргі қоғамымызда көрініс тауып отырған жағдайлар куә бола алады. Атап айтсақ, жастардың діни сауатты болуына арналған еліміздегі заманауи оқу үрдісіне сай университет мамандарда дайындауда. Білім және ғылым министірлігінің ұсынысымен мектептерге дінтану пәні де енгізілді. Сонымен қатар діни сауаттылықты аттыру кезінде кітап оқу арқылы да белгілі бір дәрежеде діни сауаттылығымызды арттыруға мол мүмкіндігіміз бар. Себебі, ғаламдық мәдениеттің бір бөлігін кітап құрайды. Кітап оқу-білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді. Қазіргі қоғамымызда жастардың діни сауаттылығын дінге жаңадан бет бұрған жастарымыздан көруге болады. Біздің мемлекетіміз зайырлы дін болғанымен енді дінімзге кең еркіндік беріп жатыр. Жастарымыз шет мемлекеттерге шығып діни ілім алып, елге келіп, белді қызмет орындарында лауазымды қызметтер атқарып жатыр.
Жастар рухани әрі саяси сауатты болса, қоғам жаңарады, әрі өркендейді.

Жақсылықбай Перизат
Әл-Фараби атындағы Қазақ     Ұлттық Университеті
Исламтану мамандығының

2-курс студенті.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *