Отан тарихын дәуірлеу

Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздік алуы ғылымды жаңа өзгерістерге алып келді. Сондықтан да Қазақстан тарихы ғылымына қоғамдық жаңа ұлттық тарихымызды жазуға әлемдік тарих ғылымында өткен дәуірлеу мен қазіргі кезеңдегі тарихи құбылыстардың кезеңдік межелерін айқындау тәжірибесі бар екені мәлім. Кезеңдеу — тарихи процестерді сараптау құралы ретінде қызмет ететіні белгілі. Сондықтан ол ең алдымен тарихи дамудың дәуірлері мен кезеңдерінің шартты белгілері эра, эпоха, период, этап ұғымдарына назар аудару.
Дәуірлеу мәселесі осыған сәйкес белгілі бір тарихи мерзім ішінде өндіргіш күштердің, қоғамдық қатынастардың, қоғам ахуалының, мәдениетінің даму кезеңдері сараланып шығады. Қазақстанның тарихын кезеңдерге бөлу қаншалықты күрделі болса, соншалықты жүйеге түспеген мәселе.
Сондықтан да ғылымның алдында мынадай міндеттемелер айқындала түсті: Біріншіден, тарихи материализмге негізделген маркстік-лениндік идеология мен методологияның тоқырауы қазақстандық тарих ғылымының алдында тарихты кезеңге бөлудің теориялық жаңа негізін жасау мәселесін туғызды.
Екіншіден, бұл қазіргі кезеңдегі көкейкесті мәселе, өйткені уақыт өлшемімен алғанда тарихи процестерді кезеңдерге бөлудің жүйесі болмайынша, өткенді зерттеу, қорытындылаушы еңбектер жазу, Қазақстан аумағында өткен тарихи процестердің схемасын құру.
Түйін сөздер: кезеңдеу, кезеңдер, тaрихи оқиғaлaр, эра, эпоха, период, этап.

Хронология истории страны

Независимость государства Казахстан привела к новым изменениям в науке. Поэтому известно, что у науки истории Казахстана есть опыт написания новой социальной истории нашего общества, у науки мировой истории есть опыт определения хронологических границ прошлых и настоящих исторических явлений. Известно, что поэтапность — это инструмент для анализа исторических процессов. Поэтому прежде всего необходимо обратить внимание на понятия эпохи, эпохи, периода, этапа, которые являются символами эпох и этапов исторического развития.
Проблема хронологии соответственно дифференцирует этапы развития производительных сил, общественных отношений, состояния общества, культуры на протяжении определенного исторического периода. Чем сложнее деление истории Казахстана на периоды, тем более бессистемно оно.
Поэтому стали понятны следующие обязательства перед наукой: во-первых, стагнация марксистско-ленинской идеологии и методологии, основанной на историческом материализме, поставила вопрос о создании новой теоретической основы для разделения истории на этапы, предшествующие казахстанской исторической науке.
Во-вторых, это актуальная проблема на современном этапе, поскольку без системы хронологического разделения исторических процессов по времени, изучения прошлого, написания аннотаций, составления схемы исторических процессов в Казахстане.
Ключевые слова: периодизация, периоды, исторические события, эпоха, эпоха, период, этап.

Chronology of the history of the country

The independence of the state of Kazakhstan has led to new changes in science. Therefore, it is known that the science of history of Kazakhstan has the experience of writing a new social history of our society, the science of world history has the experience of determining the chronological boundaries of past and present historical phenomena. It is known that phasing is a tool for analyzing historical processes. Therefore, first of all, it is necessary to pay attention to the concepts of an epoch, epoch, period, stage, which are symbols of epochs and stages of historical development.
The problem of chronology, respectively, differentiates the stages of development of productive forces, social relations, the state of society, culture over a certain historical period. The more complicated the division of the history of Kazakhstan into periods, the more haphazard it is.
Therefore, the following obligations to science became clear: firstly, the stagnation of Marxist-Leninist ideology and methodology based on historical materialism, raised the question of creating a new theoretical basis for dividing history into stages preceding Kazakh historical science.
Secondly, this is an urgent problem at the present stage, since without a system of chronological separation of historical processes in time, studying the past, writing annotations, drawing up a diagram of historical processes in Kazakhstan.
Key words: periodization, periods, historical events, era, era, period, stage.

Кіріспе: Біз бұл мақалада тарихты дәуірлеу — тарих ғылымы методологиясының аса маңызды тұстарының бірі кезңдерге бөлудің жеке құрамы мен ондағы өзгерістерге тоқталуды жөн көрдік. Сондықтанда методология – белгілі бір зерттеудің ғылыми әдістемелерін қарастыра отырып кезеңдеу тарихындағы эра, эпоха, период, этап ұғымдарын қарастырамыз.
Дегенменде тарих ғылымында батыстық зерттеу тәсілдері мен жолдары, теориялық жетілдіруді және үздіксіз ізденістер арқылы қалыптасуды талап етеді (Bloch 1960: 41). Алайда методологиялық негіз объективті, тарихи принциптерді басшылыққа алып шынайы деректерге сүйеніп салыстырмалы зерттеу жүргізу барысында зерттеушінің ой-пікір түйіндеуі қажет (Koselleck 1990: 69).
Ресей ғалымы В.В.Журавлев «…зерттеу әдісін ұстанып, оны біржақты дəріптеуге немесе елеусіз қалдыруға болмайды…» (Журавлев 1995: 25). Автор сөзіне назар аударсақ тарих методологиясы нақты тарихи зерттеу әдістемелерді, ұстанымдар, мен ғылыми тарихи түсініктердің танымға жетелейтін ойға мүмкіндіктер берері анық.
Мұндай көзқарастарғада бастыс ғалымдарда үлес қосуда «…әлемдік тaрихты болсын не жекелеген мемлекеттердің кезеңдерге бөлу мәселелері болсын үздіксіздік пен өзгеріс түсініктеріне негізделген» (Green, 1992).
Әлемдік тарихнамаға әсер ететін нео-кантианизм, позитивизм, содан кейін марксизм отандық тарих пен методологияға да әсер еткенін атап өткен жөн. Оның үстіне, позитивизм, нео-кантианизм және тіпті марксизм отандық ғылым әдіснамасы тарихнамалық ағымдардың көптеген қондырғыларының тұрақты синтезі болды.
Әдістеме: Тарих ғылымының тарихнамасына шолу оның дамуының аз зерттелген, қарама-қайшылықты жақтарын, басымдықты проблемаларын, осы зерттеулерді қазіргі жағдайда және қазіргі көзқарастар тұрғысынан ынталандырудың одан әрі зерттеу перспективаларын (Ankersmit 1995: 159), әсіресе 60-шы жылдардағы әдіснамалық революцияны дәлелдеуде маңызды болып көрінеді. 1970-90 жылдар — теорияны, ақпаратты және коммуникацияны түсінетін уақытқа жетті.
Пәндер арасындағы шекаралардың ашықтығы, әлеуметтік-тарихи және антропологиялық, лингвистикалық, әдеби-танымдық айналымдар (Acton 1907:340) орын алады. Сондықтанда әлемдік тарихнамада интегративті аспектінің күшеюі, 1980-90 жылдардағы Ресейдегі оқиғалар түбегейлі өзгерістерге әкеліп соқты, қоршаған шындықты зерттеуде әдіс-тәсілдерді талдаудың әртүрлі деңгейлері қажет болды. Тарих ғылымының әлеуметтік-мәдени тарихқа ауысу тенденциялары басталады, (Barraclough 1962: 584 -590) ол соған сәйкес оны тану әдістерін өзгертті.
Өйткені, балама теория жасамай тұрып коммунистік мұрадан бас тарту советтік заманға дейінгі консервативтік ұлы державалық-шовинстік теориялдардың әсіресе – генеалогиялық (Carr 1962: 240) теориялардың қайта өрлеуіне әкеледі. Алайда негізінен кеңестік кезеңде жарияланған ғылыми зерттеулерге қатысты дәуірлеудің ғылыми методологиясын талдау шынайы, дәйекті, ұлттың тарих жазуға септеседі.
Сондықтанда Қазақстан тарихын кезеңдеу мәселесін зерттеу өзектілігі тарихтағы өткенді түсінудің қазіргі кезеңінде және тұтастай гуманитарлық білімде болатын процестермен анықталады. Отан тарихын дәуірлеу мен кезеңдерге бөлу туралы ғылыми тұжырымдарды қарастыра отырып төмендегі пікірлермен түсіндіруге болады. Олар:
1. Қазақстанның тарих ғылымында Қазақстан территориясында өткен тарихи процестерді уақыт үзіктері бойынша қисынды байланыстыратын айқын түсініктің анықталмауы.
2. Кезеңге бөлу уақытқа сай барынша жалпы типологияны ұсынады, ғылымның осы заманғы жетістіктеріне негізделген кезеңге бөлу қалыптаспады.
3. Кезеңге бөлу критерийінің мәселелері тарихи процестердің өзіне тән белгілері белгілі сатыларға бөлудің түрлі принциптері жеткілікті талданбаған және анықталмаған.
4. Қазақстанның тарих ғылымында кезеңге бөлу мәселелеріне байланысты категориялар мен түсініктер туралы қандай да болмасын біріңғай нақты ұғым жоқ.
«Дәуір», «кезең» деген терминдерге ғалымдар әртүрлі түсінік береді, сондықтан әдебиеттерде өзара қарама-қайшылықтар орын алған.
5. Қазақстан тарихының жалпы әлемдік процеспен байланысы туралы жеткілікті түсініктер әліде қалыптаспағандығын аңғаруға болады.
6. Бүкіл әлемдік тарихтың жалпы заңдылықтарын, онда Қазақстанның қоғам жүйесінің алатын орнын ескеруде маркстік-лениндік кезеңге бөлуден басқа кезеңдеу жоқ.
Әрине, мұнда біз Қазақстан тарихын кезеңге бөлу мәселелері саласында ғалымдардың жетістіктерін мүлдем – жоққа шығарудан аулақпыз. Ұзақ жылдар бойы тарихшылар бұл саладағы әжептәуір жетістіктерге жетті.
Сондықтанда Орта Азиядағы тарихи процестерді кезеңдерге бөлудің алғашқы әрекеттерін мұсылман және орыс авторлары жасады. Дегенменде зерттеулердің барысында кеңестік тарих ғылымы өсіп шықты. Тек кеңестік кезеңнің өзінде-ақ Қазақстан тарихын кезеңге бөлу мәселесі дербес ғылыми мәселе болып зерттеле бастады.
Негізгі бөлім: Отан тарихын дəуірлеу мəселесі ХҮІІІ ғ. ІІ ширегіндегі орыс ғылымының Қазақстанға, оның ішінде тарихына деген қызығушылығы арта түсті. Бұл – Қазақстан тарихын белгілі бір уақыт бөліктері – этап пен кезеңдерге бөлуге тырысқан орыс ғалымдарының бірі А.И.Левшиннің (Левшин 1832: 18–105), еңбегі ерекше болды. Ол Қазақстан тарихын екі кезеңге бөлді. 1-шісі Ресейге қосылғанға дейінгі уақыт аралығы. 2-шісі қосылғаннан кейінгі уақыт деп қарастырды.
ХХ ғ. I ширегінде Қазақстан тарих ғылымында түбірлі өзгерістер бола бастайды. Зерттеулердің жаңа әдістемелері бекітіліп, ұжымдық құрылымы мүлдем өзгереді. Олардың алғашқылыры Қазақ тарихын кезеңге бөлу проблемаларын алға қойып, оны шешуге тырысқан қазақ ғалымы С.Асфендияров (Асфендияров 1933: 17–19), С.В.Юшков, (Юшков 1948: 14–87) Е.Бекмахановтың (Бекмаханов 1948: 14–50) өз еңбектерінде дəуірлеу мəселелеріне тоқталып кетті. Сонымен қатар ұжымдық ҚазССР-ның тарих археология және этнография институтының 1947 жылы өткен І сессиясында бұл мәселе үлкен орын алды. Бұл мәселелерді шешуде 1943-1949 жылдар аралығындағы республика тарихындағы қорытынды жұмыстары негізгі рөлді атқарды.
ХХ ғ. II ширегінде Қазақстан тарихы күрделі кезеңдерді бастан кешірді. Партия органдары тарихи пікірталастарға ұласып тарих ғылымына марксистік-лениндік көзқарас тұрғысында тарихты кезеңге бөлу жөніндегі мақалалары қайта қаралды.
Бұл процесте 1954 ж. өткен қазанға дейінгі кезіндегі Орта Азия мен Қазақстан тарихын кезеңге бөлу мәселесі жайында Г.Ф.Дахшлейгер, И.С.Брагинский, А.Н.Бернштам, М.Э.Воронец, және т.б. сөз сөйледі. Ғалымдардың алдында кезеңге бөлуге үлкен елеуі әсерін тигізген негізгі үш түрлі ахуал тұрды.
Олар: Біріншіден таптық күрес;
Екіншіден интернационализм;
Үшіншіден Орта Азиямен Қазақстанның қоғамдық дамуындағы қозғаушы күш ретіндегі Ресейдің орны. Бұндай тұжырымға П.Ф.Дахшлейгерінің «Революцияға дейінгі Қазақстан тарихын кезеңге бөлу жайында» (Дахшлейгер 1955: 457-500) баяндамасындағы кезеңге бөлуге сай келеді. Баяндамада негізгі бес кезең бөліп көрсетілген:
1-ші кезең. Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс;
2-ші кезең. Қазақстан территориясындағы феодалдық қатынастардың қалыптасуы және дамуы;
3-ші кезең. Ресейге қосылу кезеңіндегі Қазақстан;
4-ші кезең. Қазақстандағы капиталистік қатынастардың дамуы және патриархалдық — феодалдық қатынастарының қалыптасуы;
5-ші кезең. Ресей империализмі кезеңіндегі Қазақстан.
Көріп отырғанымыздай кезеңдерге бөлу мәселесі анықталып бұдан кейінде жалғасын тапты. Қазақстан тарихын кезеңге бөлудегі бұл тұжырымдардың ары қарай дамуы 1977-1980 жж. (ҚазССР тарихы 1979–1982: 350).
1990 жылдардан бастап Қазақстан тарихын кезеңге бөлу мәселесі төңірегінде қазақ ғалымдарының көрнекті қайраткерлерінің еңбектері де жемісті болды. 1993 жылы көрнекті ғaлым, тaрихшы М.Қ.Қозыбаев уақыт аспектісіндегі тарихи процестерінің типологиясын жасауда Қазақ тарихын тоғыз кезеңге бөлуді ұсынады. Оның ішінде жеті кезеңге – 1917 жылға дейінгілер болды. Автор таптық күрестің тарихи процестердің негізгі қозғаушы күші еркіндігін мойындаудан бас тартады. Ұсынылып отырған кезеңге бөлу мәселесі маңызды тарихи принципке негізделген болатын. Автор XX ғасырдың тарихын төмендегідей кезеңдерге бөлінеді:
1-ші кезең. Қазақ сахарасында капитализімнің дамуы, отарлау саясатының одан әрі өрістеуі, реформаторлық қозғалыстың туындау кезеңі (1900-1916 ж.)
2-ші кезең. 1916 жылғы ұлт-азаттық майданы.
3-ші кезең. Революциялық бетбұрыс, әлеуметтік-азаматтық қарама-қарсылық кезеңі (1917 ж. ақпан — 1920 ж.)
4-ші кезең. Кооперативтік соцализм кезеңі (1921-1928 ж.)
5-ші кезең. Тоталитарлық — казармалық социализім кезеңі (1928 ж қазан — 1985 ж.)
6-шы кезең. Желтоқсан көтерілісі. Халық рухының жаңаруы.
7-ші кезең. Тәуелсіздік заманы (1991жылдан бастап). (Қозыбаев 2001: 7–57) XX ғасырдағы Қазақстан тарихы тұңғыш рет кезеңдерге бөлуді ұсына отырып Автор сөзімен айсақ бұл кезеңдерді абсолюттендіруге болмайды деген қорытындыға келеді. Сондықтан да кеңестік кезеңдегі дәуірлеу мәселесінде М.Қозыбаевтың пікірлерін өзгеде ғалымдардың пікірлері жалғасын тапты.
Дегенмен де тарихты терең зерттеуде осы кезеңдерге бөлмей ұтымды нәтижелерге қол жеткізе алмайтындығымызды түсіндік. Осы бағыттағы алғашқы еңбектер де жазылды. Солардың бірі С.Кентбековтің зерттеуінде тарихты дәуірлерге бөлудің әлемдік дәстүрлі негіздеріне арқа сүйейді. Дәуірлеудің негізгі төрт белгілерін (эра, эпоха, период, (кезең) және этап (саты)) көрсетіп, олардың әрбіріне анықтама береді. Олар:
Эра — өзінің ішкі қоғамдық мазмұнының және тарихи оқиғалардың өздерінен бұрынғы уақыт кесіндісінен өзгешелігін байқататын уақыт кесіндісі түсінігі;
Эпоха – уақыт кесіндісіндегі тарихи процесс, тарихи жүйелердің ауысуы ретінде көрінетін ұғым;
Период – белгілі бір тарихи жүйе ішіндегі жағдайдың ауысуын көрсететін тарихи процестегі уақыт кесіндісі;
Этап – осы тарихи жағдай ішіндегі әртүрлі оқиғалардың тиянақтылығын бейнелейтін тарихи процестегі уақыт кесіндісі (Кентбеков 1997: 16).
Ия жоғарыда көріп отырғандай дәуірлеудің басты ұстанымдарына назар аударған Т.Омарбеков, С.Кентбеков берген осы түсініктемелердің қолдауға тұратынын атап көрсетіп, өкінішке орай, Отан тарихын жазуда осы мәселеге мән берілмей отырырғандығын айтады. Дегенменде С.Кентбеков кеңестік кезеңге дейінгі Қазақстан тарихын төрт дәуірге (эпохаға) бөлген еді. Олар:
1. 1,6 млн – 5 мың жылдыққа дейін;
2. Ежелгі өндіруші шаруашылық дәуірі біздің эрамызға дейінгі 5 мыңыншы жылдан — ҮІІІ ғасырға дейін;
3. Көшпелі мал шаруашылығы немесе индустрияландырудан бұрынғы дәуір біздің эраға дейінгі ҮІІІ ғасырдан біздің эраның ХҮІІІ ғасырына дейін;
4. Көшпелі мал шаруашылығының дағдарысы немесе индустрияландыру қарсаңындағы дәуір ХҮІІІ ғасыр басынан 1917 жылға дейін; осы дәуірлерді кезеңдерге, ал кезеңдерді этаптарға бөліп олардың хронологиялық межелерін көрсеткеніне талдау жасайды. Кезеңдеудің С.Кентбеков ұстанған әдісін қоғамның экономикалық қатынастарына негізделген тәсіл деп санауға болады. Онда әрбір дәуірдің атауы да дәлелдейді. Алайда мұндай хронологиялық кезеңдеудің өзін Отандық тарих ғылымында жасалған алғашқы қадамдардың бірі деп түсінген жөн.
Өйткені кезеңдеудің тек экономикаға негіздеп жасау қоғамның өндіргіш күштерімен өндірістік қатынастарын ғана ескерту екендігін аңғару қиын емес. Мұның өзі бұрынғы Маркстік-Лениндік методологияға саяды. Сондықтан өткен тарихымызды кезеңдеу қоғамның шаруашылық құрылысына байланысты болса керек.
Ғылыми көзқарастарда біржақты пікір таныту тарихшы – зерттеушілер үшін қауіпті. Өйткені ол үлкен пікір – таластарға әкеліп, ғылымда ортақ тұжырым қалыптастыруға кедергі келтіру мүмкіндігін ескере отырып Т.Омарбеков Кеңестік уақыттағы Қазақстан тарихын төмендегідей үш дәуірге және дәуірді кезеңдерге бөлуді ұсынады.
Қазақстан: жол таңдау (1917 жылғы ақпан – 1920 жылғы тамыз).
1.1. Қазақстан ұлттық-демократиялық мемлекет құру үшін күрес кезеңінде (1917жыл ақпан – 1918 жылдың басы).
1.2. Қазақстан азаматтық қарсы тұру жағдайында (1918ж. көктемі-1920ж. тамыз).
Қазақстан кеңестік әкімшіл-әміршіл империя құрамында (1920ж. тамыз – 1991ж. желтоқсан).
2.1. Қазақста алғашқы кеңестік реформалар кезеңінде (1920ж.-1925ж. соңына дейін).
2.2. Қазақстандағы “Кіші қазан” (1926-1928ж.ж.).
2.3. Қазақстан сталиндік реформалар және тоталитарлық жүйенің орныға бастау дәуірінде (1929-1941ж.ж.)
2.4. Қазақстандықтар фашистік Германияға қасы күресте (1941-1945ж.ж.)
2.5. Қазақстандағы сталинизм салтанаты (1945-1953 ж.ж.)
2.6. Хрущев реформаларынан туындаған Қазақстандағы өзгерістер (1953-1964 ж.ж.)
2.7. Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің “кемелденуі” және “тоқырауы” және Қазақстан (1985-1991ж.ж.)
Қазақстан тәуелсіз мемлекет (1991 ж. желтоқсаннан бүгінгі күнге дейін).
3.1. ТМД және Қазақстан (1991-1993ж.ж.)
3.2. Тәуелсіздікті орнықтыру қадамдары (1993-1995ж.ж.)
3.3. Қазақстан – дүниежүзілік қауымдастықты мойындаған егеменді ел (1995-1998ж.ж.) (Омарбеков 2001: 4-32). Алайда Т.Омарбеков өзіміз көріп отырғанымыздай кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлуі құптауға тұрарлық. Алайда бір ғасырға толмайтын, яғни 1917 жылдан басталып 1998 жыл мен аяқталатын уақытты дәуірге бөлу қисынсыз тәрізді.
Себебі біз жоғарыда айтқанымыздай бірнеше мыңжылдықтарға созылған тас, қола замандарын дәуір деп атадық, ендеше бұл мәселе әлі де болса өзін нақтыландыруды талап етеді. Автордың айтқанындай оған кеңестік дәуір емес кезең деп айдар тағып, оның өзін бірнеше этаптарға бөлу ұтымды болар еді. Тарихшының мұндай ұстанымдары мен негізімен келісуге болады. Автор пікірі халықтың мүддесі тұрғысында маңызды болып саналады.
Дегенмен Отан тарихын бастан аяқ дәуірлегенде этностық бағыт ұстанудан өзге өлшемдерге қажет болары анық. Сондықтан да мұндай өлшемдер мен ұстанымдар әлі де болса өздерін толықтыруды талап етеді. Кезеңдеуге қатысты өз ойын ортаға салған Х.Әбжанов төмендегідей алты белеске бөледі. Олар: 1. Көне Қазақстан (б.ғ.д. 800 мың жылдан – б.э.д. Үғ. аралығы).
2. Түркілену, исламдану қазақтану дәуіріндегі Қазақстан (б.э.д. Үғ.-ХҮғ.).
3. Қазақ хандықтары немесе табиғи-дәстүрлі даму дәуірі (ХҮғ. Ортасынан ХҮІІІғ. 30 жылдарына дейін).
4. Зарзаман дәуірі (1731-1917 жылдың қазаны.).
5. Зорлық пен модернизациялау дәуірі (1917ж. қазаны-1991ж.).
6. Азаттық дәуірі (1991 жылдың желтоқсанынан бері қарай.) (Әбжанов 2003: 45-51).
Х.Әбжановтың осы мақаласына орай жарияланған профессор С.Жолдасбайұлының мақаласында айтылған ойлар біздің де көкейімізден шығатындықтан, осы мақаланы талдауға көшуді жөн санадық. С.Жолдасбайұлы Х.Әбжановтың Отан тарихын дәуірлеуге қатысты ой пікірлерін толық қолдайды. Тек қана, ұсынып отырған алты дәуірдің атаулары мен көне дәуірдің хронологиялық жағын нақтылай түсуді жөн санайды. Менің түсінігім бойынша — дейді автор С.Жолдасбайұлы — эра орысшада дәуір оның қазақшасы. Сондықтан да дәуір деп айдарлағанымыз жөн. Бұдан былай біздің дәуірімізге дейін (б.д.д.) немесе біздің дәуірімізден бұрын (б.д.б.) деп қалыптастырғанымыз жөн. Тарихи кітаптарда б.з.д. деп әртүрлі жазылып жүр. Заман дәуірге қарағанда, қысқа мерзім, көп жағдайда біздің кезіміз немесе біздің заманымыз туралы айтылады. Ал дәуір деген ол миллиондаған немсе мыңдаған жылдарды көрсетеді. Дәуір ғасырға, кезеңдерге бөлінеді (Жолдасбайұлы 2003: 4).
Ия айтылып отырған пікірлермен келісе отырып дәуір аттарына орай орынды ұсыныстар жасағанымен, дәуірлеу мәселесінің эра, эпоха, кезең, этап ұғымдарының анықтамасына сәйкес дәуірлеуді назардан таса қалдырған сияқты. Себебі, автордың мақаласында дәуірді дәуірге бөлу сияқты тұстары кездесіп отырады. Дегенменде кезеңдерге бөлу мәселесін әліде ой сүзгісінен өткізер ойлары барын білдік.
Қорытынды Бізге ұсынылған зерттеулерде өткен заманның негізгі сатыларын белгілеуге талпыныс жасалды. Қазақстан тарихы бойынша өзімізге белгілі қорытынды еңбектерде ғылыми талдау жасалды. Екіншіден Революцияға дейінгі орыс тарих ғылымы жаңадан жасала бастаған кезінде дәстүрлі мұсылман ғылымын концептуальды және методологиялық жағынан кезеңдерге бөлу мәселелерін өрескел қателіктерге бой алдырды.
Онда Қазақстанды Енисей Қырғыздарымен шатастырып, бұрыс көзқарас қалыптастырды. Тек А.Левшиннің еңбектері шыққаннан кейін орыс ғылымында Қазақстанның халықаралық — құқықтық мәртебесіне, дәлірек орыс — қазақ байланыстарының сипатына негізделген кезеңге бөлу нақтыланды. Осы уақыттан бастап ұзақ уақыт біздің еліміздің территориясындағы тарихи процесті құрудағы негізгі екі кезеңге бөлу ұсынды: 1-шісі Қазақстан Ресейге қосылғанға дейінгі кезең; 2-шісі Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейінгі уақыт аралығы. Осы тұжырымдама 1920-1930 жылдардағы кеңестік тарих ғылымында да негізгі болып қала берді.
Алайда авторлардың пікір таласының негізінде 1940-1950 жылдары формациялық кезеңдерге бөлуді негізі қалыптасты. Бірақ қоғамдық және экономикалық процестің біріздендірілген тарихи дамудың тым қарабайыр схемасын құру арқылы кезеңге бөлудің қабылданған тұжырымдамасы ғалымдарды қанағаттандырмады.
Ұлт зиялыларымыз С.Асфендияров, Е.Бекмахановтың көшпелі қоғамдағы феодализмнің сипаты туралы пікірталас сол бітпеген дау күйінде қалды. Көптеген ғалымдар өндірістің ерекше көшпелі әдісін бөліп қарау номадтарға байланысты бұл ұғымның дұрыс еместігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Тәуелсіз ел болғалы бері тарихымызды дәуірлеу мәселесін одан әрі қарастыруда зерттеуші ғалымдарымыз М.Қозыбаев, С.Жолдасбайұлы Т.Омарбеков, Х.Әбжановтардың зерттеулері негіз бола алады. Әрине авторлардың ғылым дамуының тап осы деңгейінде кең көлемді талдуларының өзіндік гипотозалық жақтары барын толық ұғынады.
Сондықтанда қазіргі жағыдайға жеткен тарих ғылымының тәуелділігін, оның жарамды, кей кезде талқылауға түсетін жерлері барын түсіндік. Осыған орай заманға – дәуірге – кезеңге – сатыларға бөлу мен жүйелеудің тарихи айналымдары айқындалады. Мәселенің методологиялық-теориялық негіздері әр кезең сайын талданып оларға ғылыми талдаулар жасалды. Сондықтанда қаралған дәуірлеу мәселелері әліде толықтыруларды қажет еттеді.

References

Abjanov H. (2003). Otan tarihin kezenderge bolu maseleleri [Problems of dividing national history into periods] History of the Motherland. №1. pp. 45-51.
Asfendiyarov S. (1933). O nekotorih osnovnih voprosah istorii kazahov [About some basic issues of history] The Bolshevik of Kazakhstan. № 10. pp. 17–19
Bekmahanov E., Shahmatov V. (1945). Pervaya nauchnaya sessiya Instituta istorii, arheologii i etnografii AN KazSSR [The first scientific session of the Institute of History, Archeology and Ethnography of the Academy of Sciences of the Kazakh SSR] Bulletin of the Academy of Sciences of the Kazakh SSR. № 5. pp. 11–35.
Dahshleigerya G.F. (1955). Operiodizacii dorevolyucionnoi istorii Kazahstana [Operation of pre-revolutionary stories of Kazakhstan] Materials of the joint scientific session devoted to the history of Central Asia and Kazakhstan in the pre-October period. Tashkent. pp. 457-500
Joldasbaiuli S. (1903). Tarihimizdi dauirleu: bul ulken jauapkershilikti talap etedi. [Chronology of our history: this requires great responsibility] Independent Kazakhstan. p. 4.
Juravlev V.V. (1995). Metodologiya istoricheskoi nauki. Vchera. Segodnya. Zavtra. [Methodology of historical science. Yesterday. Today. Tomorrow.] Centaur. № 6. p. 25
Kentbekov S. K. (1997). Problemi istoriografii i osnovnie principi periodizacii istorii do sovetskogo Kazahstana [Problems of historiography and the basic principles of periodization of history to Soviet Kazakhstan] Abstract. Almaty. p.16
Kazak SSR tarihi. (1979–1982). Kone zamannan bugingi kunge deiin. [From ancient times to the present day] 5 volumes. Almaty. p.350
Kozibaev M. (2001). Orkeniet jane ult. [Civilization and the nation]. Almaty. pp. 7–57.
Levshin A. I. (1832). Opisanie kirgiz_kazachih ili kirgiz_kaisackih ord i stepei. [Description of the Kyrgyz Cossack or Kyrgyz Kaisat hordes and steppes] St. Petersburg. pp. 18–105.
Omarbekov T.O. (2001). ХХ gasirdagi Kazakstan tarihinnin ozekti maseleleri. [Actual issues of the history of Kazakhstan in the twentieth century] Kazinform. Almaty. pp. 4-32.
Yushkov S. V. (1948). Ob osnovnih momentah istorii kazahskogo gosudarstva [On the main points of the history of the Kazakh state] News of the Academy of Sciences of the Kazakh SSR 4. №49. pp. 14-87.
Acton J.E.E.H. (1907). Historical Essay and Studies. London. P.340.
Ankersmit F. (1995). Historicism. An Attempt at Synthesis. History and Theory. V.34. №3. pp. 158-159.
Barraclough G. (1962). Scientific Method and the Work of the Historian. G. Barraclough. Logic,
Carr E.N. (1967). What is History? New York. pp. 47-51
Mehtodology and Philosophy of Science. Proceedings of the 1960 International Congress. Stanford. pp. 584 -590.
William A. Green (1992). Periodization in European and World HistoryJournal of World History Vol. 3

Арынов Жұмахан Мақанұлы
Тарих ғылымдарының кандитаты,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *