Ғаламшарлар қалай орналасқан?

Мектеп: «№17 ЖОББМ» КММ
Сабақ тақырыбы: Ғаламшарлар қалай орналасқан?
Күні: Мұғалімі: Токмойлова Е.Т

Сынып: 2

Сабаққа негізделген оқу мақсаты 2.4.2.1.Күн жүйесінің ғаламшарларының орналасу тәртібін анықтау
Сабақ мақсаттары Күн жүйесінің ғаламшарларымен танысу, олардың орналасу тәртібін анықтау;
Бағалау критерийлері:
(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)
Барлық оқушылар: ғаламшарлардың атауларын біледі.
Көптеген оқушылар: ғаламшарлар тобын күн жүйесіндегі орнын анықтайды, талдайды.
Кейбір оқушылар: ғаламшарларды қасиеттерін салыстырады, зерттейді, сипаттайды.
Тілдік мақсаттар Тілдік дағдылар: Оқушылар сипаттарына сәйкес ғаламшарлардың орналасу тәртібін талқылап, қорытындылау.
Талқылауды табысты түрде жүзеге асыру үшін оқушыларға мынадай сұрақтар қою: Ғаламшарлар қандай тәртіппен орналасқан? Оларға қандай ортақ атау беруге болады? Бұл ғаламшарларды қалай орналастырар едіңдер? Неліктен екендігін айта аласыңдар ма? Себептерді түсіндіру.
Терминология: Ғаламшар, күн жүйесі, орналасу
Сөз тіркестері: Ғарыш денесі, күн жүйесі, ғарыш денелері
Құндылықтарды дарыту — тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін топтық жұмыстарды қолдану;
— бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға, бірлесе еңбектенуге баулу;
— жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығы;
— сын тұрғысынан ойлау;
-жанашыр болу құндылықтарын бойларына сіңіру.
Пәнаралық байланыстар Әдебиеттік оқу — сөйлеу мәдениеті, тіл байлықтарын дамыту, математика — ғаламшарларды санап, атауда, қазақ тілі — ғаламшарларды сипаттағанда.
АКТ қолдану дағдылары Интерактивті тақта, жұлдызшалар,слайд
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім Ай -жердің табиғи серігі екенін біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басы
5 минут

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.
Қайырлы күн құрметті оқушылар. Қане орнымыздан тұрып, бүгінгі сабағымызға келген қонақтармен сәлемдесіп алайық!
Қуанамын мен де!
Қуанасың сен де!
Қуанамыз бәріміз,
Арайлап атқан күнге!
Көңіл-күйіміз қалай?
Көңіл-күйіміз жақсы болса, бүгінгі сабағымыз жақсы өтеді деп ойлаймын. Өзімізді жақсы жағымыздан көрсете білейік, сабаққа белсене қатысайық.
Жаңа топ құру: Жер және ғарыш тарауын өтіп жатқандықтан «Ай», «Жұлдыз», «Күн» тобы болып үш топқа бөлінеміз.
1-топ: «Ай»
2-топ: «Жұлдыз»
3-топ: «Күн»
Топпен жұмыс ережесін сақтайық.
Алдыңғы сабақ:
ЖЖ:»Жедел жауап»әдісі
арқылы үй тапсырмасын сұрау.
-Суретте не бейнеленген?
Жер мен Ай
-Қайсысы жер екені қайдан білеміз?
Ол көгілдір, онда материктер мен құрлықтар көрінеді.
-Айда атмосфера бар ма?
Жоқ
— Неліктен Ай үнемі Жердің жанында?
Өйткені ол Жердің табиғи серігі, ол жерді айналып қозғалады.
— Серік деген сөзді қалай түсінесің?
Серік деген үнемі бірге, жанында деген сөз
-Ай жерді қандай бағытта айналып қозғалады?
Ай сағат тіліне қарама–қарсы бағытта қозғалады.
-Ай Жерді толық бір рет айналып шығу үшін неше күн жұмсайды?
Ай Жерді толық бір рет айналып шығу үшін 28 күн жұмсайды
Ой шақыру. Слайдтағы ғаламшарларды көрсете отырып, сұрақтар қою.
Бұлар нелер?
Олар туралы не білесіңдер?
/Балалардың болжамдары тыңдалады./
Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай болмақшы? (Оқушылардың жауабы)
Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау:
Ғаламшарлар қалай орналасқан?
Бұл сабақта
-Ғаламшарлардың атауын білеміз.
— Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың орналасуын анықтаймыз.
-Ғаламшарлардың қасиеттерін сипаттаймыз, салыстырамыз. Күн жүйесі, ғаламшарлар суреттері

https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/zher-halamshary/lesson/aj-zher-serigi

Ортасы
10 минут

2 минут

5 минут

5 минут Мағынаны тану. Білу және түсіну.
«Үйрен» айдары. видеороликті тамашалау)
Жұппен жұмыс.
«Зертте» әдісі күн жүйесіндегі ғаламшарларды ретімен орналастыру.
Дескриптор:
*Ғаламшарлар атауларын анықтайды;
*Ғаламшарларды дұрыс орналастырады;
* Ғаламшарларды сипаттайды.
Жұппен жұмыста бір-бірлеріңді бағалап көріңдер. Ғаламшар атауларын анықтай алды ма? Ғаламшарларды дұрыс орналастырды ма? Ғаламшарларды сипаттай алды ма? http://smk.edu.kz/Course/Topic/16/5498
Видео «планеталар»

Сергіту сәті «Ғаламшарлар қимылы»
Біз әлем ғаламшарларымыз.
Бойымызды сергітіп аламыз,
Күнді айнала қозғаламыз.
Енді орнымызға жайғасамыз. Аудиоқұрылғы
Саралау тапсырмасы.
“Үйрен, Ізден, Жаса»
Топтық жұмыс
1-топ: Ғаламшарладың макетін жасау. /пласилиннен/
2-топ: /шарлардан/
3-топ: Дереккөздерді пайдаланып ғаламтор, энцоклопедиядан іздеу, өз қиялынан құрастыру. Оқушы кез келген ғаламшар туралы ақпарат іздеп табады. /Юпитер/
ҚБ: «Жұлдызшалар» Дұрыс орындаған оқушыларға жұлдызшалар беру. http://smk.edu.kz/Course/Topic/16/5498

Ұялы телефон, компьютер

Соңы
8 минут
Ой толғаныс.
Топтық жұмыс. «Бағалау» айдары
Топқа планетелердың аттары таратылып беріледі.
Тақтамен жұмыс.
Ойын «Пазлды құра»

Қорытынды: Бүгінгі сабағымызды қорытындылайық
Дескриптор:
*Сұрақтарға жауап береді;
Рефлексия: Балалар, бүгінгі сабақты қаншалықты жетік меңгергендеріңді алдыларыңда жатқан жұлдызшалар арқылы білдіріңдер.
Жұлдыздың негізгі қасиеттерінің бірі жарқырауында.
Әрқайсыларың жұлдыз болып жарқырауға лайықтысыңдар. Қима қағаздар.

Жұлдызшалар
Қосымша ақпарат
Саралау — Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында жоғары деңгейлі ашық сұрақтар қойылады, қолдау көрсетіледі.
Саралаудың “Дереккөздер” түрін жүргіземін. Қабілетті оқушылар ғаламтор, энцоклопедиямен жұмыс жасайды, ғаламшарлар туралы ақпараттар тауып, талдайды, тұжырымдайды.
Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатына саралаудың “Жіктеу”түрін жүргіземін. Оқушыларды қалаулы топтарға жіктеу арқылы топтық тапсырмаларды орындайды.
Саралаудың «Қорытынды» тәсілі арқылы оқушыларға жекелей бақылай отырып, , әр оқушының мықты және әлсіз жұмыстары бойынша нұсқау беру.
Бағалау — Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз? Оқушыларды ынталандыру, қолдау мақсатында «Тамаша», «Жарайсың», «Өте жақсы» , «Керемет» сөздерін қолдану.
«Жұлдызшалар» арқылы бағалау, жауаптарын толықтыру.
Топтық бағалау.(Крийтерилер арқылы)
Денсаулық және қауіпсіздіктехникасының сақталуы Сергіту сәті кезінде ептілікпен қимылдау, кедергі келтірмеу.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *