Сиқырлы шарлар

Тақырыбы: «Сиқырлы шарлар».
Мақсаты: Балаларға жағымды көңіл-күй сыйлау, зейін,қабылдау, ойлау
қабілеттерін, ұсақ қол моторикасын дамыту. Өз эмоцияларын
көрсете білуге, сөзбен білдіруге үйрету. Балаларды
адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түзеу мақсаты: Түрлі жаттығулар, тапсырмалар орындау арқылы баланың
логикалық ойлауын, ойша жұмыс істей білуін, есте сақтау,
қабылдау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: шарлар, заттық суреттер, өнімдер.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру бөлім:
— оқушылармен амандасу
— назарларын сабаққа аудару
II. Негізгі бөлім:
Сәлеметсіңдер ме,балалар!
-Көңіл-күйлерін қалай?
Балалар, бүгін мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қазір біз амандасу тренингін орындаймыз. Қатысушылар жанында отырған көршісімен әр саусақтарын кезекпен түйістіріп, мына сөздерді айтып сәлемдеседі.
-Барлық (бас бармақтарын түйістіреді);
-кезде (балан үйрек );
-сәттілік (ортан терек);
-тілеймін (шылдыр шүмек);
-Сізге (кішкентай бөбек);
-Сәлем! (алақанмен)
(Әуен ойналып, қатты желдің даусы естіледі).
— Ой, балалар, ненің дауысын естіп тұрсыңдар?
— Желдің дыбысын естіп тұрмыз. (Осы кезде іші шарға толы қапшық домалап ұшып келеді)
— Мынау не нәрсе? Ішінде не бар? Өзі қапшық сияқты.
Ішінде не бар екенін өздерің тауып көріндерші. Ол үшін мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, сол жұмбақтың шешуін тапқанда, бұл қапшықтың ішінде не бар екенін білесіңдер.Ендеше, қазір мен сіздерге жұмбақ жасырамын.
Ұшамын тауда қалықтап,
Қолын жетсе алып бақ
Қызыл-жасыл түсім бар
Соңымнан қане, ұшыңдар. (шар)
Балалар, ол не болды екен, ұстап көрейікші, өзі жұмсақ екен, жарылып кететін не екенін білесіңдер ме? Ол шар ғой. Шар резинкадан жасалады. Шарды түрлі-түсті бояулармен бояйды. Шарлар үріледі,созылады, жыртылады, шардың іші толған ауа, суға салсаң батпайды, себебі шар жеңіл болады, шарды қатты қыссаң қысыммен жарылады.Түстері алуан-түрлі, пішіні дөңгелек, сопақша.
— Жарайсыңдар, балалар!
— Қарандаршы . Қандай әдемі шарлар!
— Балалар түрлі-түсті шарларды көреді, олар жәй шар емес «Сиқырлы шарлар» өздерімен бірге тапсырмалар алып келіпті.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сиқырлы шарлар». Сабағымыз көптеген қызықты ойындардан және бірнеше тапсырмалардан тұрады. Бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі, тапсырмаларды кім жақсы, дұрыс орындаса мен оған мынадай жұлдызша ұсынамын. Кім бұл жұлдызшаны көп жинаса сол бала өте білгір, ақылды болғаны.
— Сабаққа дайынбыз ба?
— Тапсырмаларды белсенді орындайсыз ба?
1 тапсырма: Ойын: «Күн мен түн».
Мақсаты: Балалардың зейінін ойлау қабілетін дамыту.
Шарты: Балалар қазір күн дегенде көзімізді ашамыз, ал түн дегенде көзімізді жұмамыз. Балаларға әр түрлі суреттер көрсетіледі көздерін жұмған кезде бір суреттен алып, қандай сурет жетіспейтінін айтып береді.
2 тапсырма: «Кім тапқыр?»
Шарты: Сиқырлы шардың ішіндегі тағам түрінде қолданылатын өнімдерді қолмен ұстап сезу арқылы ажыратып айту.
Өнімдер: ұн, құмшекер, күріш, қарақұмық, асбұршақ.
3 тапсырма: Психогимнастика «Кім қалай жүреді?»
Мақсаты: Топ мүшелерін біріктіру, жағымды ахуал құру, жұмыс белсенділіктерін арттыру.
Көлбең-көлбең, көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем.
Қоян қалай жүреді?
Кім көрсете біледі?
Көлбең-көлбең, көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем.
Аю қалай жүреді?
Кім көрсете біледі?
Көлбең-көлбең, көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем.
Түлкі қалай жүреді?
Кім көрсете біледі?
Көлбең-көлбең, көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем.
Маймыл қалай жүреді?
Кім көрсете біледі?
4- тапсырма: « Жасырын бейнені тап »
Шарты: Берілген ақ қағазды ұнаған түсінмен боя (майлы бояумен), жасырылған бейнені ата.

ІІI.Қорытынды.
Балалар бүгінгі сабақ сізге ұнады ма? Несімен ұнады?
Бүгінгі сабақта әркім өзінің көңіл – күйін, жаттығудан алған әсерін смайликтер арқылы бағалайды.Осымен бүгінгі «Сиқырлы шарлар» атты сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *