ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУДЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

Зағира

Жас жеткіншектерге бүгінгі күн талабына сай білім мен тәрбие беру ісі педагогикалық мамандарға үлкен жүк артады. «Тәлім-тәрбие мен оқыту ісінің нәтижесі, тәрбиешілер мен мұғалімдерге көбірек теуелденген.

Ы Алтынсариннің көрегендікпен айтқан пікірінің қазіргі уақытта да маңызды болып отырғаны да осының айғағы.

Білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үр-дісін озық технологиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді.

Осы тұрғыда оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп, оны мектепке дейінгі балалар мен оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше.

Жаңа технологияны жетік меңгеру сонымен катар мұғалімнің интелектуалдық.кәсіптік,адамгершілік,рухани,азаматтық және басқа да көптеген адами қабіленің қалыптасуына игі әсерін тигізеді  өзін-өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдасты-руына көмектеседі

Білім берудің даму бағытымен техналогияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология қолданып бағыты мен техно-логияларын қамтитын көптеген педагогикалық техналогия қолданылып жүргендігі мәлім.

Біз оқытудың ұтымды әдістерін, соның ішінде «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын жұмыс жасау арқылы алған білім негізін дамыта отырып тәжірибеге енгізу жұмыс істеуге құштарлық туғызып білім беруде нәтижеге жеткізетінін байқадық.

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді.

Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметінің, іс — әрекетінің жүйелі дамып, отыратын жобасы ре-тінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.

Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.

Қазіргі таңда мұғалімнің алдыңда тұрған басты мақсат окушыға тек сапалы білім берумен ғана шектелмей, оны келшек өміріге дайын азамат ретініе қалыптастыру болу керек.

Кеңестік кезеңде қалыптасқан дәстүрлі сабақ беру үрдісінде бұл мақсатқа жету қиын немесе мүмкін емес. Қазіргі заман та-лабы оқу-тәрбие үрдісін түбегейлі өзгертуді талап етіп отыр.

Мектепке дейінгі мекемелерде кездесетін кемшіліктер:

-баланың мектепке дейінге сөйлеу мәдениеті толық қалыптас-паған.

— өз ойларын еркін ашып айта алмайды

— кейбір балалар топ ұжымында шеткерлеп, жиі оқшауланады

-ақпаратты технологияның уақыт жылдамдығына байланысты прогрессивті дамуы — баланың оқуға деген талпынысына кері әсер етеді.

Бұл келесі мәселені шешуде бізге тек қана әлемдік, отандық оқытуда озық үлгіге айналып, өз нәтижесінің тиімділігін көрсетіп отырған оқытудың жаңа технологиясы көмекке келе алады.

Қазіргі уақытта»қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызда жиі кездеседі. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз — ғылыми-техникалық прогресс: жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттік интеллектуальды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарылауына байланысты объективті прогресс.

Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл үрдістегі негізгі мәселе: білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып отыр.

Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі — оқу үрдісіне элекрондық оқулықтарды енгізу.

Өйткені, бүгінгі тандағы білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын орындау немесе оқулықты пайдалану заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру коғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Оқу материалдарын ұтымды игеруде электрондық оқулықтардың атқаратын ролі зор, Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі.

Теориялық материалдар гафикалык. илюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырылып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсіну және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтеді және материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.

Электрондық оқулықтар — ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім.

Электрондық оқулық дайындаудың тұжырымдық негізі оқытудың педагогикалық. теориясы болып табылады. Сонымен қатар электрондық оқулық дайындаудың педагогикалық, ұстанымдар жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Электрондық, оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуге жол ашады.

Электрондық оқулық — оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технология негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу, т.б. бағдарламалардың жиынтығы.

Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:

Кері байланысты іс жүзілік тез арада қамтамасыз етеді; және окулықтағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса,электрондық, оқулық қажетті оқулықты табуға тез мүмкіндік береді;

Гипермәтінді түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Ең бастысы, электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:

— белгілі бір пәнге байланысты дайындалатын электрондық оқулыктың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;

— электрондық, оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс мәтінін қамтитын негізгі зертханалык және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалға қатысты анықтама, библиогрофиядан тұратын көмекші, аралык, және корытынды бақылау сұрақтарырынан тұратын тест, материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;

—электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын, яғни, берілетін тақырыпқа катысты ақпараттың нақты әрі қысқа бірілуін ескеру;

—белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық, беттен артық болмау.

Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық. бетті қамтитын болса, онда экранда пайда болатын оң жак тік төменгі көлденеңінен жылжыту сызықтарын электрондық. оқулықты көп пайдалануына тура келеді. Мұның өзі пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары-төмен, оңға-солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді.

Сондай-ақ кейбір пәндерге, атап айтқанда, физика. химия, биология секілді пәндерге қатысты үрдістерді анимациялап көрсету, тіпті кинофильмдер мен диафильмдер үзінділерін сақтап, оларды гипермәтінді формат арқылы электроңдық оқулыққа кірістіру оқулықтың көркемдік әдістемелік деңгейін арттырады.

«Информатика» пәнін оқытуда редакторын оқыту» электрондық оқулығын пайдаланса болады.

Электрондық оқулықты құруға қолданбалы бағдарламасын қолдануға болады. Қолданбалы бағдарламасы арқылы презентация жасауға болады. Презентация ұғымының екі түрлі мағынасы бар.

Бұл жерде презентация дегеніміз-баяндама жасау, мінбеге шығып сөйлеу, ғылыми ұсыныс жасау, диплом немесе, курстық жұмысты қорғау, бизнес-жоспарды немесе техникалық ұсынысты талқыға салу, қандай да бір қызмет түрін ұсыну.

Кез келген жаңа идеяны немесе өндірілген өнімді ұсынуда презентацияның атқаратын ролі зор. Біздің мақсатымыз — презентация даярлаудың техникалық құралымен таныстыру. Презентация өткізуде көрнекі құралдар (графиктер, диаграммалар, фотоматериалдар) кеңінен қолданылады. Қазіргі дербес компьютерлердің мүмкіншіліктерінің артуы оны презентация даярлау құралы ретінде пайдалану қажеттілігін туғызды.

Интернет дистанцялық презентациялар өткізудің ең қолайлы құралы болып табылады.

Бүгінде Интернетте автоматты режимде жұмыс істейтін көптеген презеитацияларды көруге болады. Екінші жағынан алғанда, презентация деп айрықша тексті электрондық, құжатты айтады. Ол өзінің мультимедиялық, мазмұны мен құжатты экранға шығаруды басқарудың мүмкіншіліктерімен ерекшеленеді.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *