«Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері»

Қашықтықтан оқыту – заманауй форматта оқыту

Әлем күн сайын жаңаруда. Күн сайын түрлі жаңалықтар ашылуда. Күн сайын жаңа жобалар іске асырылуда. Күн сайын бұл өмірдің бізге дайындаған сыйы артуда. Сондықтан әр күнге жаңаша көзқараспен қарауға дайын болу керек. Әлемдегі соңғы болған оқиғалар бүкіл адамзатты дүр сілкіндірді. Еліміздегі мегаполистердің карантинге жабылуы, жұмыстың тоқтауы, қоғамдық шаралардың кейінге шегерілуі – бәрі біздер үшін күтпеген жаңалық. Ал, ең үлкен өзгеріс – мектептердің қашықтықтан оқытуға көшуі. Әрине, бұл оқушылар тұрмақ, мұғалімдер мен ата-аналар үшін де қиындау болып тұр. Көкейде сауал көп. Дегенмен, іштегі қорқыныш, үрей, сенімсіздікке қарамастан алға қарай қадам жасау маңызды. Білім беру бұл ел болашағы үшін аса жауапты үрдіс екені мәлім. Сондықтан білім беру саласына қай мемлекетте болмасын үлкен жүк артылады. Ал қазіргі жағдайда сапалы, ең бастысы нәтижелі білім беру үрдісін ұйымдастыру екі есе қиындай түсетіні анық. Қашықтықтан оқыту ерте ме, кеш пе бізге жететін еді. Өйткені бұл заман талабы.

Сонымен төртінші тоқсан 6 сәуірде қашықтықтан оқыту форматымен басталды. Бүгінгі күні коронавирустің таралуына қарсы күрес шараларын күшейту кезінде, 6 сәуірден бастап мектептер төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастады.

Қашықтықтан оқыту дегеніміз – мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту. Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы педагогтардың білім деңгейін көтеру.

Қашықтықтан оқытудың оқушылар үшін артықшылықтары мен кемшіліктері.

Артықшылығы: тапсырманы барлық жерде жасауға болады, таңертең тұрғыңыз келсе, бір бөлігін, содан кейін екіншісін жасауға болады, қайда және қашан қаласаңыз жасауға болады.Кемшіліктері: сайттар өте жай ашылады, ал тапсырманы орындау керек.

Мұғалімдердің, ата-аналардың және оқушылардың пікірлері бойынша материалды оқытудың осындай түрінде өзіндік білім алудың үлкен рөл атқаратынын көрсетеді. Яғни, мұғалімдердің қадағалауынсыз, уақыт бойынша ешқандай бақылау және шектеу жоқ. Бір жағынан, бұл артықшылық — уақытты тиімді пайдалануды, материалды жақсы меңгеруді үйренуге болады. Сонымен қатар, кейбіреулердің ешкімнің қадағалауынсыз тез, оңай үйреніп алатындығы да бар. Ол оқушыларды «өзегі бар» деп айтуға болады. Екінші жағынан қашықтықтан оқыту жинақтылықты, ұйымдастыруды талап етеді.

Қазірдің өзінде аталған артықшылықтарды бөліп алуға болады, яғни оқушылар қашықтықта оқу барысында сабақтан қалуды немесе басқа да себептермен қалдырмауға мүмкіндік береді емеспе. Мысалы, егер оқушы ауырып қалған кезде. Тек компьютерді қосса болды, виртуалды конференцияға қосылады және сабаққа қатыса алады және бұл денсаулыққа зиянсыз. Сонда сабаққа қатыспау болмайды. Иә, интернетпен, кейде әртүрлі іркілістер орын алады, бірақ оларды тексеруге болады. Қашықтықтан оқыту тіпті ұзақ ауру кезінде немесе мектепке барудың мүмкін еместігі кезінде және басқа оқушылардан қалып қалмауға көмектеседі.

Тағы бір артықшылығы, әдетте көзге көріне бермейтін қиыншылық — бұл жайлы жағдайда оқыту. Көп жағдайда балалар мектепке барудан бас тартады. Олар өздерін ыңғайсыз, жайсыз сезінеді. Мұндай жағдайда оқыту мен сөйлеудің ешқандай да бір нәтижесі бола алмайды. Ал егер үйде болса сабақты жақсы қабылдар еді, ондай болса қашықтықтан оқыту — тамаша таңдау. Ол өздігінен білім алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, әрдайым байланыста қалуға мүмкіндік береді, бірақ ешқандай ыңғайсыздық тудырмайды. Расында, кішкентай оқушылар үшін ата-аналар әлі де бұл жағдайда қадағалауы керек. Олар әлі шоғырлана алмайды және өздігінен білім алумен айналыса алмайды. Мүмкін, қашықтықтан оқыту орта және жоғары мектепке жақын. Өз қызметін саналы түрде бақылай алатын және не істеу керек екенін біледі. Егер мектептерде қашықтықтан білім беру жүйесі ұсақ-түйекке дейін ойластырылса (балаларды қалай бақылау, тестілеу жүргізу және т. б.), онда мұндай нысан жетістікке жетіп қоймай ең жоғары нәтижелер беретіні анық. Әйтпесе, қашықтықтан оқыту балаларды білім беру процесінен одан да алшақтатып жіберуі мүмкін.

Теледидар мен интернет -платформалардағы сабақтар өте үлкен көмек көрсетіп жатыр. Өте қарапайым, қолжетімді және ақпаратталған. Кері байланыс алу және беру оңай.

Білім алудың осындай түрінің ең басты артықшылығы-бұл ыңғайлылық. Қандай себептерге байланысты болмасын — уақыт пен іс-әрекет еркіндігі немесе уақытты үнемдеу болсын, үйрету және үйрену оңай және ыңғайлы. Әсіресе, мұғалімдер үшін бұл нұсқа ең қолайлы. Өз шаруаларымен айналыса отырып, сабақ кезінде қосымша жұмыс істеуге болады. Иә, қашықтықтан білім беру жүйесін соңына дейін пысықтау маңызды. Бірақ, мұндай тәсіл барлық оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де қолжетімді болады деген шындықты жоққа шығармайды!

Ақпараттандырылған ғасырда озық технологияның үздік жемістерін пайдалану – дамыған елдердің шешімі. Сондықтан еліміз үшін бұл да бір жаңа белес, жаңа шың! Ұстаздарға тек қолдау қажет! Ұстаздар мен оқушыларға білім әлемінде жаңа асуларды меңгеру жолында табыс тілеймін!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *