Жасөспірімдердің жаңа сынып ұжымына бейімделуі

«Табиғатта жерден жұлынып алып, құнарсыз құмға тастаған өсімдіктердің өмір сүруі мүмкін емес екені сияқты, адамның да қоғамнан тыс болуы мүмкін емес»
А.Н. Толстой.
1. Жасөспірімнің мектепке бейімделуінің теориялық аспектілері.
1.1 Жасөспірімнің мектеп өміріне бейімделуі әлеуметтік бейімделудің сферасы ретінде.
Еліміздің қоғамдық әлеуметтік өміріне нарықтық қатынастардың енуіне байланысты өзгеріске түскен саяси, экономикалық, әлеуметтік мәдени, рухани жағдайлар жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін жаңаша ойластыруды талап етеді. Осыған байланысты еліміздің даму стратегиясына сай жас ұрпақтың рухани байлығын одан әрі жетілдіруге, әлеуметтік қорғауға ерекше мән берілуде. Біздің мақсатымыз бала жанын түсіну, сезімін, көңіл-күйін, ықыласын, тілегін, қажеттілігін сезіну, оқушының тұлғасын қалыптастыру және дамытуда оны әлеуметтік тұрғыдан қолдау. Бүгінгі таңдағы оқушылардың қоғамға әлеуметтік ортаға бейімделуі, әлеуметтенуіндегі қиыншылықтар, оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге, зерттеу нәтижесінде түзету жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге ықпал етуге қажеттіліктерінен туындап отыр. Осындай жауапты жұмысты атқара отырып, біз оның табысына барлық қоғам мүдделі екенін есте ұстауымыз керек.
Жасөспірім кезеңі 15-16 жас аралығын қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен өтіп, шынайы ер жету шағы. «Жасөспірім» — сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді.
Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық бейімделу мәселесі психология ғылымындағы және психология ғылымының басқа да аймағындағы күрделі мәселелердің бірі болып табылады [3]. Әлеуметтендіру дегеніміз – белгілі бір себептермен күйзеліске душар болған, торығу нәтижесінде қатардан шығып қалған не болмаса саяқтық, оқшаулану секілді қоғамдық ортада өмір сүруіне кедергі болатын мінез-құлқын тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу, қалпына келтіру арқылы тұлғаны қатарға қосу. Әлеуметтендіру дегеніміз – сана-сезімі, психикасы, мінез-құлқына нұсқан келген не болмаса басқаларға ұқсамайтын ерекше қабілетті жасөспірімдерді қоғамдық ортада толыққанды өмір сүруіне қайтару үшін істелетін жұмыс жүйесі. Адам туған сәттен бастап әлеуметтендіру ықпалына түседі. Отбасы тәрбиесі, мектептегі оқу-тәрбие жұмысының барлығы да оқушыларды әлеуметтендіруге арналған деуге болады. Себебі сол арқылы балалар болашақта қоғамдық ортада қатарынан қалмай өмір сүруге үйренеді, қажетті білік, дағдыларды бойына сіңіреді. Бұл әрекетерді меңгере алмаған, оқу-тәрбиеге көнбеген балалар арнайы әлеуметтендіру шаралары арқылы әлеуметтендіріледі.
Әлеуметтену – адамның әлеуметтік нормалары мен мәдени құндылықтарын игеру процесі мен нәтижесі. Біздің мақсатымыз – оқушыларға әлеуметтік көмек ұйымдастыру, тек көмек күтуші емес, проблеманы шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу, рухани жан дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру болады. Бұл үрдістер тәрбиелеу, білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу арқылы жүзеге асады.
Әлеуметтену үрдісінде екі мәселе шешіледі.
Әлеуметтік адаптация (бейімделу) – жеке адамның ортаға бейімделуі, барлығымен бірге болу. Балаға барлық бағытта көмектесу. Баланың әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, оны әлеуметтік өмірге араластыруға және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған.
Әлеуметтік автономизация (оқшаулану) – ортамен бірге бола отырып, өзімен-өзі болу, іс-әрекеті мен қарым-қатынастарында табанды болмай, тұлғаның өзін бағалай білмеуі.
Жасөспірімдерді әлеуметтік өзгерістерге бейімдеу, олардың қажеттіліктерінің негізінде жоспарланып, мынадай негізгі бөлімдерден құралады.
Дәстүрлі мектепішілік іс-шараларға, ұжымдық шығармашылық істерге, жалпы мектептік мерекелерге қатыстыру;
сынып ұжымының қызығушылықтарына және сұраныстарына сәйкес өткізілетін іс-шараларға қатыстыру;
оқушылармен даралап жұмыс жүргізу.
Латын тілінен аударғанда «бейімделу» — икемделу, үйлесу деген мағынаны береді. Адамның бейімделуінің төрт түрін көрсетуге болады: психологиялық, физиологиялық, биологиялық, әлеуметтік. Бейімделу үдерісі аса динамикалы болып табылады. Оның жетістігі көбінде обьективті, субьективті оқиғаға, функционалды жағдайға, әлеуметтік тәжірибеге, өмірлік бағдарға және т.б. байланысты. Әрбір адамға сол әсер еткен стимул әр түрлі адамдарда түрлі жауап реакциясын тудыруы мүмкін.
Әр саладағы ғалымдар, зерттеушілер өзінің зертеу бағытына байланысты «бейімделу» терминіне анықтаманы ұсынады. Соларды қарастыратын болсақ В.Н. Дружинин – «бейімделуді» — ағзаның орта мен нәтижелі әрекет ету процесі деп қарастырады. Ал Е.А. Ямбург «бейімделуді» — ағзаның құрылысы және функциясы, оның мүшелері және ұлпаларының орта жағдайына икемделуі дейді. Л.Д. Столяренко «бейімделу – адамның қоршаған ортаның түрлі талаптарына ішкі қолайсыздықты сезінбей және ортаға қақтығыссыз икемделе алу қабілеті» — деп қарастырады [8].
Көп жағдайда адам тағдыры оның кез-келген жағдайда өмірінің туа біткен және қалыптасқан қабілеті, бейімделгіштігімен анықталады. Жоғары, орташа, төмен бейімді адамдар болады. Бейімділіктің туа біткен негіздері – ол инстинктер, темперамент, дене құрылымы, эмоциялар, туа біткен интеллектік талабы, ағзаның физикалық жағдайы және сыртқы көрсеткіштері болып табылады.
Әлеуметтік топтарда психикалық бейімделуді нәтижелі ететін маңызды фактор болып, әлеуметтік тұтастылық, тұлға аралық қарым-қатынасты орната алу қабілеті болып табылады [3].
Бейімделу деңгейі – қоғамдық қарым-қатынас объектісі ретінде қарастырылады. Бұл денгейде адам тұлға болуға бағытталады және ереже, талаптарды, белгілер жүйесін меңгеру болады. Сондықтан егер бала мектепке бейімделу деңгейінен өтпесе және әлеуметтік өмірдің негізін меңгермесе, ол одан әрі икемделе, бейімделе алуы күрделене түседі [5].
1.2 Жасөспірім жасының психологиялық ерекшеліктері.
Жасөспірім кезеңі 12-16 жас мөлшерін қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ержету шағы. Жасөспірім кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын таңдау мәселесі пайда болады. Жасөспірім жасындағыларды «Қиын», «өзгерілу», «ауысу жастары» деп атайды. Соңғы жағдайда «ауысу жасында» жеткіншек балалық кезеңдерден ересек жасына ауысады. Себебі бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшелігі жас бала мен ересектерге қарағанда әлдеқайда өзгеше болады. Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жасөспірім барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығы мен ақыл кеңесінен құтылғысы келеді.
Жасөспірім шақта және жасөспірім кезеңінде де ересек жастағы сияқты адам өзінің ішкі әлемін дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы ашады. Бұл сезім мен ой – тылсымдарын тануға бағытталған. Жасөспірім өзіне деген ішкі қарым-қатынасын қалыптастыруға (мен қандай болғым келеді?) басқа адамдарға деген қарым-қатынысқа және де моральдық құндылықтарға талпынады. Нақ осы жасөспірім кезеңінде адам өзінің жақсылық пен жамандық категориялары арасында саналы түрде өз орнын табады. «Намыс», «адамгершілік», «құқық», «міндет» сияқты тұлғаның сипатын басқа да ұғымдар толғандырады.
Шығыстың ғұламасы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздің болашақтарыңызды айтып берейін» деген. Қазіргі кезеңде қазақ халқының өмірінде бұрын-соңды болмаған оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен күнге артуда. Бұлар дөрекі, әдепсіз, барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді. Баланың мінезін, жалпы деңгейін, ынтасын жақсы білу үшін, оның дамуына, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына не нәрсе қажет екендігін әрбір әке, әрбір ана білуге міндетті.
Сонымен, жасөспірім шақта адам өзінің өмір сүруіндегі мәнділікті іздейді, өзінің біртұтастылығын игеруге талпынады, басқалар арасында өз орнын табуға тырысады.
Жасөспірім жасындағыларды тиісті әдебиеттерде «Қиын», «өзгерілу», «ауысу жастары» деп атайды. Соңғы жағдайда «ауысу жасында» жеткіншек балалық кезеңдерден ересек жасына ауысады. Жасөспірім өзге жастарға қарағанда педагогтар пен тиісті әдебиеттерге көп әңгіме болып, жиі көтеріледі. Себебі бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшелігі жас баламен ересектерге қарағанда әлде қайда өзгеше болады. Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жасөспірім барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығымен ақыл кеңесінен құтылғысы келеді. Жасөспірімнің ересектен айырмашылығы тек үлкен адамдармен қатынасының өзгеше келетінінде емес, сонымен қатар биологиялық дамуы (жыныс т.б. жетілуі) жағынан кеңінен өріс алатынында. Ал жалпы алғанда жасөспірім тың өзгеше сипатта келеді. Мысалы, жеткіншек төменгі сыныптарда оқып жүргенде үйге берілген тапсырманы тек жаттап алатын болса, жеткіншек жасында үй тапсырмасын өз сөзімен түсінікті етіп айтуға талпынады. Кейбір жасөспірім жастағылар осы кезеңде бұрынғы қалпынан үлкен адамдармен қарым-қатынаста болғанда мейірімді, сыпайы келсе енді өрескел түрде, яғни тәртіп бұзуға икем келеді. Осы мәселені анықтаудан зерттеушілер арасында талас бар. Дегенмен психиканың бұл ерекшелігі жасөспірімде әлеумет өмірінің өзінің ерекшелігінен болар. Жасөспірім бәрін өзім істей алам, «Сендер мені әлі бала деп ойлайсыңдар» деп наразылық білдірсе де оның қолынан әлі де көп нәрселер келе бермейді. Ересектерге ұқсап іске ұмтылғанымен, сол істі орындаудағы мүмкіншілігі кіші мектеп жасындағылардай басқаша айтқанда, бір жеткіншек істі игеру жағынан бала да, ал талап қою жағынан ересек.
Жасөспірімнің осы сияқты қасиеті қазірде және өткен ғасырдың жасөспірімдеріне де бірдей тән. Мұнымен қатар бүгінгі заман жасөспірімдері үлкен адамдардың талабына көне кетпейді. Себебі, біріншіден қазіргі кезде оқушылардың көпшілігінің соның ішінде жасөспірім жасындағылардың көбінесе оқудан айналысатын басқа тапсырмасы жоқ.
Біз ілгеріде өткен уақыттарда бала кіші жасынан материалдық игіліктерді өндіруге (мал бағуға, от не пішен шабуға) жегілетінін ескердік. Қазір де бұл сияқты міндеттердің көпшілігі үй ішінде кездесіп жарымайды. Керісінше ата-аналар жасөспірім оқу тапсырмасын орындай алмайды деп, үй шаруасынан босатады. Ал жасөспірімнің бала кезінен ересек кезеңіне ауысуы психологиялық тұрғыдан жаңа сапа: үлкендер жасөспірімді бала деп есептесе, керісінше олар өзін есейдік деп санайды. Бұл екі арадағы дәл келмеушілік қайткенде де жеткіншектің дамуына әсер ете алады. Жасөспірімнің өз беттілік қасиетке ұмтылып, үлкендердің қамқорлығынан босануға тырысуы баланың бәрінде кездесетін болғанымен бірқатары күні-түні фантастикалық әдебиеттерді оқып, солардың кейіпкерлеріне еліктейді.
Сабақтан тыс мезгілде жасөспірім радиотехника, электротехникамен танысып едәуір білім алады. Мұнымен қатар бұл жастағылар бойынан әлі де балалық кездесіп тұрады. (мысалы: ұлдар қыздардың шашын тартып мазалауы т.б.) бірақ сол жеткіншек, таныс емес үлкен адамдардың алдында өзін мәдениетті түрде ұстауға тырысады.
Әдетте жеткіншектерді тәрбиеге көнбейтін қиын жас деп сипаттайды. Солай деп бағалайтыны, біріншіден, бұрынғы кездегі психикасы мінез-құлқы өзгеріп, соның негізінде жаңа қасиеттер пайда болатыныныан. Кейде мұндай өзгеріс аз уақыттың ішінде болуы мүмкін. (бірақ өзгеріске ұшырау жасөспірімде бір уақытта кездеспейді. Екіншіден осындай психиканың жаңа саласының пайда болуынан бала қиналысқа ұшырайды, уайым шегеді, оның тәрбиеге көнуіне бөгет жасайды. Жасөспірімдердің тәрбиеге көнгісі келмеуі түпкілікті емес, уақытша кездесетін жағдай. Қоғамдық ортаның жеткіншекті тәрбиелеуге ықпалы зор. Қоғам дамуының ерекшелігіне қарай жастарға қойылатын талап үнемі өзгеріліп отырады. Осы талапқа сай жеткіншек бала жасынан үлкендер жасына өтерде қоғам жағдайы оған түрліше әсер етіп, баланы әртүрлі фантастикалық іске ұмтылдырады. Мұндай уақытша келіспеушілікпен күресу мектептегі және үй ішіндегі тәрбие жұмысының негізінде болады. Егер тәрбие не оқу жұмысы жеткіншектермен жақсы жүргізілсе ұнамсыз әдеттерден аулақ болады.
Шығыстың ғұламасы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздің болашақтарыңызды айтып берейін» деген. Қазіргі кезеңде қазақ халқының өмірінде бұрын -соңды болмаған оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен күнге артуда. Бұлар дөрекі, әдепсіз, барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді. Баланың мінезін жалпы деңгейін ынтасын жақсы білу үшін, оның дамуына адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына не нәрсе қажет екендігін әрбір әке, әрбір ана білуге міндетті.
Жасөспірім тәрбиесі болашақ кепілі, отбасы мен мұғалімдер қауымының абыройлы ісі. Тәрбиенің нәтижелігі терең тамырлы тәрбиені бойына дарытқан ортада болмақ. Ол ата-аналар өз міндетін жеке түсінгенде, мұғалімдермен ынтымақтастықта болған жағдайда алға басады.
Қандай категориядағы болмасын жасөспірімдерді жаңа әлеуметтік ортаға бейімдеу менің қызметтегі міндеттерімнің ең басты құндылығы деп білемін. Өйткені жасөспірімдерді жаңа әлеуметтік ортаға бейімдеу бағытындағы іс-әрекеттерімді саралай келе, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізе аламын:
— әрбір тұлғаға жан-жақты қолдау болған кезде ғана өз-өзін құрметтей отырып, өз ісіне талдау жасап, өзінің жасаған іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарайтын болады;
— бала өзінің жақсы жақтарын танып, өз бойындағы адами құндылықтарын оң қалыпты дәрежеде қалыптастырады.
— өзін жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, басқаларға сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға болып қалыптасады.
1.3 Мектепке бейімделудің әлеуметтік-педагогикалық аспектілері.
Мектеп – оқушыларға білім беретін мекеме ғана емес, әлеуметтік тәрбиенің негізгі институты болып табылады. Жаңадан келген оқушыға мектепке бейімделу үшін ата-аналары, мұғалімдері көмектеседі. Мектепті адамның әлеуметтену қырынан айқындайтын болсақ, оның ерекше функциялары бар. Әлеуметтену функцияларына келесі жатады:
Жасөспірімнің ата-аналарынан және тағы басқа туыстардан бастапқы тәуелділікті эмансипациялау функциясы: бұл функция жасөспірімнің тұлға аралық қарым-қатынастар жүйесіне түсу арқылы жүзеге асады, ал үлкен адамдардың жасөспірімге деген көзқарасы оның қызмет жасау, әрекеттесу сапасымен белгіленеді
Әлеуметтік стандарт деңгейдегі қоғамдық құндылықтар мен нормаларды меңгеру функциясы: мектеп өмірінің нормалары қоғам өмірінің нормаларына сәйкес келеді, жасөспірімнің қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіне енуіне жәрдемдеседі.
Жасөспірімдердің жетістіктерінде негізделген әлеуметтік саралау функциясы. Баланың жеке дара ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына, мүмкіндіктеріне байланысты үлкен адамдардан байқаған рөлдік жүйесінің орындалуы.
Жағымды коммуникативті жағдай жасөспірім үшін өте маңызды болып келеді. Сондықтан мектепте жасөспірімнің қарым-қатынас жүйесі жағымды түрде қалыптасуы тиіс.
Жаңадан келген жасөспірімдердің сыныптастарымен қарым-қатынасы оның жеке психологиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Мектепке бейімделу әлеуметтік жағдайының жаңа жүйесіне, жаңа қарым-қатынасқа, талаптарға, іс-әрекеттестік түрлеріне, күн тәртібіне үйренуі ретінде қарастырылған. Дегенмен мектепке бейімделу ортаға үйренуімен шектелмейді, әрі қарай психологиялық, тұлғалық, әлеуметтік дамуына өз үлесін қосады. Мектеп бірінші күндерден бастап жасөспірімнің алдында интеллектуалды және физикалық күшті мобилизациялауды талап ететін міндеттермен таныстырады.
Оқу үдерісінің көптеген қырлары жасөспірімдер үшін қиындық туғызуы мүмкін. Мәселен, мектеп ережелерін ұстанбау, қарым-қатынас сферасы: мұғалімдермен, сыныптастарымен, басқа сыныптағы оқушылармен. Мұның бәрі бейімделудің әлеуметтік сферасына жатады.
Адамның бейімделу ерекшелігі «әлеуметтік әлемге бірте-бірте енуі мен» мінез-құлық, жүріс-тұрыстың әлеуметтік ережелерін меңгеру процесі мен адамның әлеуметтенуімен байланысты болады. Негізінде әлеуметтік бейімделу әлеуметтенудің маңызды механизмі болып табылады.
Әлеуметтену және тұлғаның бейімделуі жақын түсініктер, қоғам мен тұлғаның өзара әрекеттесуінің бірыңғай процесін сипаттайды, сондай-ақ әлеуметтену түсінігі бейімделу түсінігінен аумақты болып табылады.
Әлеуметтену – тек тұлға болуымен, жалпы дамуымен ғана жиі байланысады, ал бейімделу – қалыптасып қойған тұлғаның икемделу процесімен байланысады. «Бейімделу және әлеуметтену» түсінігінде мазмұнына байланысты мәнді айырмашылықтар бар. Бейімделу адамның жаңа заттық іс-әрекет жағдайына икемделуі, дағдылануы, әлеуметтенуі тұлғаның қалыптасу процесінен көрінеді [4].
Бобнева М.И. әлеуметтену мен әлеуметтік – психологиялық бейімделу процесі тығыз өзара байланысқан деп көрсетеді. Психологиялық механизмдер, бейімделу процесінде тұлғаның әлеуметтік ортамен өзара әрекет етуін жеке алғанда, жанама түрде тұлғаның мотивациялық құрылымы, психикалық құрылымы, кейбір даралық ерекшеліктер индивидтің әлеуметтеу процесінде әлеуметтік жағдайдың әсерімен құрылады. Тұлғаның әлеуметтенуі, тұлғаның қоғамда, нақты бір ұжымда бейімделуі үшін қажетті жағдай болып табылады.
Жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуі жеке позицияны, әлеуметтік мәртебесін түсінуін, сондай-ақ онымен байланысты рөлдік мінез-құлық түрі ретінде жалпы топтық міндеттерді шешу процесінде тұлғаның дара ерекшкліктерін жүзеге асыруды қарастырады [5].
Жасөспірімдердің бейімделуі немесе бейімделе алмауының сипаты мен деңгейі көбінесе адамның биологиялық, физиологиялық, психикалық қасиеттеріне және оның әлеуметтік дамуына байланысты.
Тұлғаның әлеуметтік бейімделуі ережелерді қайта орнатуға, әлеуметтік пайдалы қарым-қатынас, мінез-құлық, іс-әрекеттің өзгеруіне бағытталған. Психологиялық бейімделу – әлеуметтік қажетті құндылық бағдар және мінез-құлықты меңгеру, әлеуметтік ортаның күтілімдері мен тұлғаның бағыттылығын, бағдарын жақындаттыру. Бейімделудің әлеуметтік және психологиялық жақтары бір-бірімен үздіксіз байланыста [6].
Әлеуметтік бейімделу процесінің негізі – әлеуметтік ортаның оған ұсынатын талаптарына тұлғаның мінез-құлық, жүріс-тұрысы және іс-әрекетінің сәйкестенуі, яғни әлеуметтік күтілімдер жүйесіне мінез-құлықтың сай болуы.
Әлеуметтік-психологиялық бейімделу түсінігіне қысқаша қарастыратын болсақ, жеке адам мен топтың өзара қатынасының жағдайын жеке адам созылмалы емес ішкі және сыртқы қақтығыстарсыз басты әрекетке сәтті қосылуы, негізгі социогенді қажеттіліктерді қанағаттандыруы, оның топ ұсынатын рөлдік күтілімдеріне қарсы шығуы, өзінің ісін көрсету және шығармашылық қабілеттерін еркін көрсету жағдайы – әлеуметтік-психологиялық бейімделу деп аталады [7].
Жаңадан келген оқушыға мектеп өміріне бейімделу – көпжоспарлы үдеріс. Оның құрушы элементтері ретінде физиологиялық бейімделу мен әлеуметтік-психологиялық бейімделу. Екеуінің біреуі қалыптасу кемшіліктері жасөспірімнің оқу жетістіктерінде, денсаулығында, жұмысқа деген қабілеттілігінде ізін қалдырып әрі қарай оқушы мектеп қағидаларын сақтамауы мүмкін.
Жеңіл бейімделу болған кезде жасөспірімдер екі айдың ішінде жаңа сыныптастарына, мектеп өміріне үйреніп кетеді, жаңа достар табады. Олардың көңіл-күйі әдеттегідей жақсы, мұғалімнің айтқанын ешбір қысым, қарсылықсыз орындайды. Кейбір кездерде жүріс-тұрысының ережелерін орындау қиынға соққан кезде достармен, мұғалімдермен қиындықтар пайда болуы мүмкін. Бірақ қазан айының соңында барлық қиындықтар әдеттегідей жойылады.
Бейімделуі ұзаққа созылатын болса жасөспірімдер оқудың жаңа ситуациясын, сыныптастармен, мұғалімдермен араласуды қабылдай алмайды. Реніш, ашу пайда болатындықтан мұндай балалардың оқу көрсеткіші төмен болуы мүмкін. Бұл жасөспірімдерде бейімделу деңгейі бірінші жартыжылдықтың соңында аяқталады.
Кейбір жасөспірімдерде бейімделу көрсеткішінде қатты байқалатын қиындықтар пайда болуы мүмкін. Өздерін негативті түрде ұстайды, жағымсыз эмоциялар байқалады және оқу бағдарламасын үлкен қиындықтармен меңгереді.
Бейімделу кезеңіндегі мәселелер
Соматикалық мәселелер – баланың денсаулығындағы ауытқулар;
Эмоциялық қиыншылықтар, қобалжу, мектептегі мәселелер туралы уайымдау;
Бейімделу кезеңінің дұрыс өтпеуі дезадаптацияға әкеледі, яғни балның өз еркімен қиыншылықтарға төзе алмауы;
Интеллектуалдық іс-әрекеттің бұзылуы;
Өз сыныптастарынан даму жағынан қалып қоюы;
Тәртіптілік – моральдық және құқықтық нормаларға сәйкес келмейтін тәртіптің түрі;
Коммуникативтік мәселелер – үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынас жасай алмауы.
Мектеп өміріне жағымды бейімделудің көрсеткіштері:
Жаңадан келген жасөспірімнің оқу үдерісімен қанағаттануы;
Оқу бағдарламасын меңгеруі;
Жасөспірімнің мұғалімдермен, достарымен жағымды қарым-қатынас орнатуы, және осы тұлға аралық қарым-қатынастарға қанағаттануы.
Сондықтан жағымды бейімделудің негізгі әлеуметтік-педагогикалық критерийі келесі: адекватты мінез-құлықтың қалыптасуы, оқушылармен, мұғалімдермен байланыс орнатуы, оқу әрекетінің дағдыларын меңгеру.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *