«Санап үйренемін. 1-10ға дейінгі сандар»

Курмамбаева Жадыра Оразалыевна
«Жауқазын» балабақшасының
ІІ- санатты тәрбиешісі
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жетібай ауылы

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: «Санап үйренемін. 1-10ға дейінгі сандар»
Мақсаты: 1-10 көлеміндегі сандарды санауға, тура және кері санауға үйрету. Заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмерін атау. ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: слайд, суреттер, лэпбук, үлестірмелі материалдар

Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, жақсы тілек тілейді:
Шаттық шеңбері
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал ,кәнекей, бәріміз
Сәлем дейік үлкенге!
Сәлеметсіздерме қонақтар!
Өткен оқу қызметін қайталау
Лэпбукпен жұмыс
1-тапсырмасы: «Санды тап»
Заттардың санын табу.
2-тапсырмасы: «Таныс сандарды қорша»
Өздеріңе таныс сандарды қоршап сызу.

1ден -10ға дейінгі сандар туралы бейнеролик көрсету. Бейнероликте көргеніміздей балалар бүгін біз 1ден -10ға дейінгі сандармен танысамыз.
1ден -10ға дейінгі сандарды тәрбиешімен бірге қосылып санау. (тура және кері санау).
Сандардың көрші сандары туралы мағлұмат беріп өту.
Тақтаға «Бауырсақ» ертегісінің суретін іліп қою. Ертегі қалай басталатынын және де бұл ертегіде қандай кейіпкерлер барын атау.
Бауырсақ ертегісінің басы қалай басталушы еді? Канеки кім айтады?
— Балалардың жауабы. Дұрыс айтасыңдар.
Бүгінгі біздің бауырсақ ертегіміздің ерекшелігі бауырсаққа әр кездескен аңдар «мен сені жеймін» деген сөздің орнына, ерекше әдемі бір өз тапсырмасын береді екен.
Бірақ тапсырма бауырсаққа қиын болмас үшін, біз оған көмектессек қайтеді балалар?
1.Қоянның тапсырмасы. «Сәйкес сандарды қос» ойыны.
Бұл тапсырмада сурет сандарын реттік сандармен сәйкестендіру.

2. Қасқырдың тапсырмасы.«Көршісін тап»ойыны.
Бұл тапсырмада сандардың көрші сандарын табу.

Жеке жұмыс: Қояндардың сандар паровозын реттік сандар арқылы тізіп беру.
Сергіту сәті:
Бейне таспа: «Алма санау»

3. Аюдың тапсырмасы. «Жоғалған сандарды тап»
Бұл тапсырмада жоғалған сандарды жазу.

4. Түлкінің тапсырмасы.
«Ауызша есеп»
1)Екі балапан тұр,
Екі балапан отыр.
Шатаспай тез ойлансаң,
Барлығы қанша балапан?
(төрт)
2)- Бес алманың үшеуін,
Досың сұрап алды.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалды? (2)

3)- Тал бойында тізіліп
алты жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті үшеуі.
Ілініп тұр әлі
Жапырақтың нешеуі? (3)

4)- Алма ағашта жеті алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Бесеуін жеп қойсам,
Қалады сонда неше алма? (2)
Қорытынды.
— Балалар бүгін біз қандай сандармен таныстық?
— 1ден-10ға дейінгі сандарды тура және кері санату.
«Бұлттан жауған сандар» ойыны арқылы балалардың білімін бекіту.
Балаларды мақтау, мадақтау.
Сыйлықтарын табыстау
Күтілетін нәтиже:
Біледі: сандардың көрші сандарын біледі
Игереді: заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атайды.
Меңгереді : 10 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санайды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *