«Мамандықтар әлемінде»

Табылды Гүлжан Нұрланқызы
«Жауқазын» балабақшасының
ІІ- санатты тәрбиешісі
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жетібай ауылы
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Мамандықтар әлемінде»
Мақсаты:әртүрлі мамандықтармен таныстыру,дәрігер,тәрбиеші,аспаз,құрлысшы,ғарышкер мамандықтарының маңызымен танысту. Мамандықтарға қызығушылығын арттыру олардың еңбегін көрсету.Шығармашылығын дамыту.
Балалардың дүниетанымын жан-жақты дамыту.
Әдіс –тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, слайд,қортынды.
Көрнекіліктері: лэпбук,слайд,мамандыққа байланысты суреттер
Балалар қане қонақтар амандасайық.Шаттық шеңбер жасайық.
Сәлем саған, Жер-ана!
Сәлем саған, Нұрлы күн!
Аман-есен болайық,
Бейбітшілікті қалайық.
Кезекті сұрақтар.
1. Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
2. Күз айында неше ай бар,және атап беріңдер?
3. Күз мезгілінде қандай өзгерістер бар ?
4. 1 апта да неше күн болады,атап беріңдерші?
5. Бүгін аптаның қай күні?

Балалар, біз өткен оқу қызметімізде қандай тақырыппен таныстық?
Жарайсыңдар.
Қане балалар өткен оқу қызметін лэпбук арқылы қайталайық.

1 тапсырмасы: «Дұрыс па, бұрыс па?»
Шарты :
2 тапсырма : « Қайда хабарласамыз?»
Шарты: көмек керек кезде кімге хабарласамыз?
3 тапсырма : «Бөлшектен бүтін жаса»
Шарты: бөлшектерден бір мамандық иесін табу.
Балалар қараңдаршы қандай мамандық иесі шықты?
Дәрігер мамандығы қандай қызмет атқарады?

Балалар сендер қандай мамандық иелерін білесіңдер?

Олай болса балалар бүгін ашық оқу қызметіміздің тақырыбы « Мамандықтар әлемінде»
Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.
Мамандықта білім алу, үйрену.
Адамды материалдық жағынан қамтамасыз ететін іс-әрекет түрі. Адамның сол мамандыққа қабілетінің сай келуі, белгілі бір іскерліктердің болуы.
Мамандық дегеніміз- адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы.
1. Қызығушылық қалай пайда болады?
Қызығушылық — сол мамандықты ұнату.
— ата-ана мамандығына еліктеу,
— өмірге көзқарасының болуы.
2. Бейімділік дегенді қалай түсінесіңдер?
Бейімділік – ата –ана жолын қууы,
— орындау икемділігі.
— мамандықты игеруге құштарлық
3. Қабілет деген не?
Қабілет – туа біткен талант.
— өзіндік ізденіс,
— үйренуге талпыну.
Балалар эранға назар аударамыз.Бүгінгі біз танысатын мамандықтар.
Дәрігер – адам өміріне араша түсетін дәрігер.Себебі дәрігер
адам анатомиясын өте терең білумен қатар,кез келген
жағдайдағы науқасытан жиіркенбейтін,қаннан қорықпайтын ,адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын,күйзеліске төзімді,
Жүйкесі мықты жан.
Мұғалім- жас ұрпақты,жалпы адамды ізгілікке баулып,
жақсылыққа тәрбиелейтін ,білім беретін оқытушы.Қазіргі
қоғамда оқу-тірбие жұмысын жүргізуші маман
педагог мұғалім.
Полиция- қоғамдық тәртіпті сақтау,қылмыстыпен күресу,
мемлекет пәрменін орындату,халық пен мемлекеттің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Аспаз- азық-түліктерді қалай сақтау керек екенінбіледі,әртүрлі тамақ түрлерін рецепт бойынша дайындайды,Сондай – ақ дайын тағамды көркемдей алады.
Комбайыншы-Егін егу саласында еңбек ететіндер: тракторшы, шөпші, маяшылар, комбайыншы. Еңбек түрлері бір-бірімен тығыз байланысты.
Тігінші- қол мен қиялдың еңбегі,сондай-ақ сән тұрақсыз
болғандықтан тігіншілерге әр қашан өзгерістерге
дайын болу керек.
Құрлысшы- сапалы объектілерінің құрылысы : үй ,
Көпірлер мен ғимараттар,жолдар,дүкендер.
Құрлысшы –жетекшісі ,жауап мерзімі,жұмыстардың сапасы
және дөрекі жүгіну қарамағындағыларға.
Шаштараз- шаштараз жай ғана шашты қиып қоймай,
оны әр адамның келбетіне сау қылып қиын береді.Той
-жиындарға шаштарды әсемдеп береді.Бұл мамандық
Өнерді қажет етет.
Өрт сөндіру- ғаламдағы ең қауіпті мамандық.
Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен
Бастылдықты талап етеді.
Биші- мәнерлі де әсем дене қимылын музыка сазына
сәйкестендіре отырып би билейтін адам.
Ғарышкер- ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық
Техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын
адамның ғарышқа ұшуынан кейін пайда болған
мамандық.Тұңғыш ғарышңа Юри Гагарин ұшты.
Қазақстаннан Тоқтар Әубәкіров пен
Талғат Мұсабаев ұшқан.
Сөздік жұмысын жүргізу :
Дәрігер – врач
Мұғалім- учитель
Полиция- Полиция
Аспаз- повар
Тігінші- швея
Құрлыс- строитель
Шаштараз- парикмахерская
Өрт сөндіру- пожарны
Биші- танцор
Ғарышкер- космонавт
Комбайыншы-комбайнер
Балалар отыра бермей бойымызды бір сергітіп алайық.
Сергіту сәті.

Ал, балалар, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
1-тапсырма. Жұппен жұмыс. Мамандықтарды ата. Қай мамандық маңызды? Қорытынды жаса.
2-тапсырма: Жұмбақтарды шеш. (Ұ) педагог тәрбиеленушілерге жұмбақ жасырады.
Жұмбақтардың шешуі: мұғалім, дәрігер, тігінші, шегарашы, ғарышкер, полиция.
3-тапсырма: Педагог Айсұлудан көмек сұрайды және суретте қандай мамандық иелері бейнеленгенін анықтап беруді сұрайды. Әр мамандық иелерін жұмысына қажетті құралжабдықпен сызық арқылы қосу. Айсұлудан көмек сұрайды: «Кімге не керек?»
Жұмыс істеу үшін кімге не керек?
Мұғалімге не керек?
4-тапсырма: «Кім боламын?» ойыны «Кім боламын?» деген сұраққа жауап береді.
Жеке жұмыс.
Темірлан тақтаға шығады.
«Әр мамандық иелерінің қандай көлікпен жүреді?»
Шарты:суреттерді құрастырып,мамандық иелерінің көлігін табу.
Балалар сіздер қандай мамандық иесі болсаңдар да,ол мамандықтың бәрі қажет,бәрі жақсы екенін ұмытпаңдар.Мамандық таңдаудаң қателеспеңдер.
Қортынды.Шағын жұмыс.
Балалар бүгін біз көптеген мамандық иелерінің еңбегімен таныстық.Енді өздерің де өскенде кім болғылардың келетін айтатын кез келеді.Сендердің өскенде кім болғыларының келетігнін суреттер арқылы білейік.Арман ағашна әр бала өзі таңдаған мамандықтың суретін іледі.
Шеңбер болып тұрайық,
Маман болып шығайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау- саламат болайық!
Балалар бүгінгі ашық оқу қызметіне жақсы қатысқандар,ойынды қызықты ойнадық.Сендер үшін сыйлығым бар.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Мамандық иелерінің еңбегі мен қызметтері туралы түсінеді.
Игереді: Мамандықтардың адам өміріндегі қажеттігін түсінеді.
Меңгереді: Мамандықтардың қажеттігін, қарымқатынасын бағалау, құрметпен қарауды түсінеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *