« З дыбысы мен əрпі »

Сабырғали Салтанат Сәбитқызы
«Жауқазын» балабақшасының
ІІ- санатты тәрбиешісі
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жетібай ауылы
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: « Сауат ашу және жазу негіздері»
Тақырыбы: « З дыбысы мен əрпі »
Мақсаты: тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз,жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз,тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану.
Көрнекіліктер: лэпбук, слайд, суреттер, плакат
• Балалар бүгінгі оқу қызметіміз ерекше болмақ өйткені бүгін біздерге қонақтар келіпті амандасып алайық.
• Бүгін қандай керемет күн.Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сендерді шаттық шеңберіне шақырамын.
• Шаттық шеңбері
Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын.
Амандасу үлкенмен,
Тəрбиенің мəні ғой.
Алдыменен, халайық,
Амандасып алайық.
Педагог балалардың зергердің суретін көрсетіп,зергердің атқаратын міндеті туралы əңгімелейді.
Балаларға сұрақ қояды.
– Сендердің үйлеріңде əшекей бұйымдар барма?
– Мұражайға барып көрдіңдер ме?
Балалар сұраққа жауап беріп өз ойларын айтады.
Əліппе-дəптермен жұмыс
1-тапсырма
Педагог балалардың зергердің суретін көрсетіп,зергердің атқаратын міндеті туралы əңгімелейді.
Балаларға сұрақ қояды.
– Сендердің үйлеріңде əшекей бұйымдар барма?
– Мұражайға барып көрдіңдер ме?
Балалар сұраққа жауап беріп өз ойларын айтады.
Əліппе-дəптермен жұмыс
1-тапсырма
Педагог балаларға қару-жарақтар, музыкалық аспаптар мен қазанның суреттерін көрсетеді. Балалар заттардың аттарын атайды: қобыз, семсер, садақ,қазан, найза, домбыра, сыбызғы.
Суреттегі заттарды ататып, сызықпен қосып топтастырып, сұрақтарға жауап беру.
Сен қандай музейде болдың?
Артық зат қайсысы? (Қазан).
Суретте берілген заттардың аттарынан
«З»дыбысын табу «З» дыбысының орнын анықта. Балалар кеңістікті бағдарлайды. «З» дыбысы нешінші буында екенін айтады.

2-тапсырма
Педагог балаларға моншақтар мен түсті қағаздардан «З» əрпін құрастыруды ұсынады.

3-тапсырма.
Қай зат үстінде тұр? Сол заттың суретін боя. Берілген тапсырмада сызғыштағы 8 санын тігінен екіге бөлгенде оң жағы «З» əрпі жəне 3 цифры болады. Жауабы болған жағын бояңдар.

Сергіту сəті
Ұзын қанат инелік,
Инелікке тимелік,
Ұшақты біз жасадық,
Инеліктен үйреніп.
Зу-зу, зу-зу, зу-зу.

4-тапсырма
Педагог балаларға «З» дыбысы туралы əңгіме оқып береді жəне «З» дыбысының дұрыс айтылуын қайталайды. «З» дыбысын айтқанда дыбыс кедергіге ұшырайды, тістердің арасынан шығады.
Өзеннен «З» əрпі өзінің бейнесін көріп, танымай үш саны екен деп таңданып қалады. Төбесінде зауза қоңызы «З-з-з!» деп ұшып жүреді.«З» дыбысы судан нені көрді? 3 цифры мен «З» əрпін салыстырыңдаршы.
Қорытынды:
— Балалар бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
— «З» дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
— «З» дыбысы қандай дыбыс ?
Оқу қызметіне жақсы қатысқаны үшін сыйлық тарату.
Балаларды мақтау, мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: «З» дыбысының дауыссыз дыбыс екенін, 3 санына ұқсайтындығын;
Меңгереді: « З » дыбысының сөздің басында, ортасында кездесетіндігін;
Игереді: « З » дыбысының дұрыс айтылуын;

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *