«Өзіңнің отбасың туралы әнгімеле»

Тойгулыева Шынар Аманбаевна
«Жауқазын» балабақшасының тәрбиешісі
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жетібай ауылы
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Өзіңнің отбасың туралы әнгімеле»
Мақсаты: өзінің отбасы туралы әңгіме құрастыруға үйрету. Өзінің отбасы мүшелерінің бір-біріне қалай көмектесетіндіктері жайлы сұрақтарға жауап беруге, басқа балалардың да отбасы туралы айтқандарын тыңдап, түсіне білуге ынталандыру.Отбасы мүшелеріне құрметпен, сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, көрсету, ойын.
Қажетті құрал – жабдықтар:отбасы мүшелерінің суреттері. Үлкенді құрметтеу, сыйлау туралы суреттер.
Сөздік жұмыс: отбасы, әке, ана.
Көптілділік: отбасы – семья- fimaly, ата – дедушка-grand father, әже – бабушка-grand mother, әке — отец- father, ана – мать- mother, аға – брат-brother, апа – сестра-sister.
Қайырлы күн, менің сүйікті балаларым! Бүгін біз үшін өте ерекше күн болмақ.
Шаттық шеңбері:
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді болып жүрейік!
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Қазір көктем мезгілінің қай айы?
-Көктем мезгілінде қандай ерекшеліктер бар?
-Жарайсыңдар балалар, орынымызға отырайық. Балалар жаңа оқу қызметін бастамас бұрын откен оқу қызметін бір пысықтап алайық. Біздің откен оқу қызметіміздің тақырыбы «Жақсы деген немене, жаман деген немене»
-Балалар мына суретке қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?
-Оң жақтағы бала не істеп тұр?
-Ал сол жақтағы бала не істеп тұр?
-Екеуінің айырмашылығын айтыңдаршы?
-Ал мына суретке қараңдаршы бұл суретте балалар атаға орын беріп жатыр бұл дұрыспа? Сендер осы баланың орнында болсаңдар не істейсіңдер? Атаға орын бересіңдерма? Сендер өздеріңнің аталарыңды жақсы көресіңдерма?
Тәрбиеші:
-Мен сендерге жұмбақ жасырайын: «Кім тез табады?»ойынын ойнап жіберейік.
О/шарты:тәрбиеші отбасы мүшелерінің бірін сипаттап береді,балалар кім екенін тез табу керек.
1- Өзі мейірімді, шашы ағарған, кешкілік ертегі айтып береді? Бұл кім?
2- Көзінде көзілдірігі бар, көп оқиды, әжеге көмектеседі, немерелерді ренжітпейді. Бұл кім?
3- Жер бетіндегі ең әдемі , сен үшін қымбат адам. Бұл кім?
4- Өзі қатал , бос уақытын балалармен бірге табиғатта өткізетін отбасы мүшесі кім?
Балалар мен кімдер туралы жұмбақ жасырдым? Олай болса біз өзіміздің отбасы мүшелеріміз туралы әңгімелесейік.
-Балалар өзіміздің отбасы мүшелерін айтып берейікші?
-Атамыз, әжеміз әкеміз, анамыз, мен т,б
Отбасы — адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады.Олар бізге осы дүниедегі ең жақын,бізді әркезде қолдап,қол ұшын беріп,көмектесетін,ақыл айтатын,жаман мен жақсыны,оңмен солды үйрететін ең жақын адамдар.
-Ия балалар дұрыс айтасыңда біз өзімізден үлкен кісілерге құрмет көрсетуіміз керек. Оларды сыйлап, олардан үлгі алуымыз керек.
-Ал балалар енді алдымыздағы лэдбукті ашайықшы. Бұл суретте кімге не керек екенін анықайық. Атаға көзілдірік пен газет. Балалар мен жұмыс.
Сергіту жаттығуы:

Дидактикалық ойын:
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар сендер ойынды жақсы деңгейде орындадыңдар.
-Балалар,кім отбасы мүшелерін атайды?
-Аналарыңа қандай көмек көрсетесіңдер?
Отбасы туралы сурақтар қойылып, оқу іс әрекетін қорытындылайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өзінің отбасы туралы әңгіме құрастыруға үйрету.
Түсінеді: отбасы қарым-қатынасын, отбасы — ол ең жақын адамдардың ошағы екенін.
Қолданады: отбасы мүшелеріне құрметпен, сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *