ЭССЕ «Тәрбиеші-ұлы тәрбиенің тірегі»

«Бала туғанда ақ қағаздай туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң,

 қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты

өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді»

 

Жан Жак Руссо

 

Тәрбиеші-ұлы тәрбиенің тірегі.

 

Тәрбиеші-ол жүрегі жақсылық пен жаңалыққа толы ұлы тұлға. Сол бойындағы барлық білім мен білікті, тәрбиені баланың жүрегіне жеткізү үлкен қасиет. «Ел есіңде бір жыл қалғың келсе — ас бер, он жыл қалғың келсе — ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе — бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз. Баланың ой — өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан. Балабақша тәрбиесінен өтпеген бала-суарылмай тұрған гүл сиякты, барлық әсем түсінен айырылып қалады.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың » деп бекер айтылмаған. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу. Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір тәрбиеші алға қойған мақсаты-міндеті мен педагокикалық  ұстанымы  болуы керек. Менің өмірдегі ұстанымым- жүрек қалауы мен таңдаған жұмысыма жауапкершілікпен қарау. Тәрбиеші  болу жай ғана мамандық емес. Ол адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі. Бүлдіршінді күлімдеп қарсы алып, бар өнерінді үйретіп бақытты етсең өз ұлтыңды, адамзат баласын бақытты ету жолында тер төккенің.

Мен бөбекжайда төртінші жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін. Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын.

ТӘРБИЕШІ! Бұл әрдайым үлкен әріптермен жазылуға тиіс мазмұнды сөз деп танимын. Өйткені, біз елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеудеміз. Халқымызда «Жас келсе — іске» деген керемет сөз бар. Демек, мен бойымдағы жастық жігерімді, күш-қуатымды, жаңашылдығымды талапты әрі талантты шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта өз тәрбиеленушілерімді биік белестерден көріп жатсам, сол үшін өзімнің аз да болса үлесім тиіп жатса, мен өзімді бақытты тәрбиеші-ұстаз, бақытты жанмын деп білемін.

Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу – біздерге артылған аса жоғары міндет. Осы міндетті орындау мен үшін үлкен бір құрмет.

 

 

Мекеева Акмаржан Баймурзаевна

№11 «Кәусар» бөбекжайы МКҚК тәрбиешісі

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *