«Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығы»

Сабақтың мақсаты: Білімділік: М. Мақатаевтың творчествосын толық меңгеру, шығармаларының мән-мағынасын ашу, әдеби талдау жасау.
Дамытушылық: Студенттердің шығармашылық ізденісін дамытып, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Студенттердің Отанға деген сүйіспеншілгін арттыру, ақынның поэзиясынан рухани тәрбие алу.
Сабақтың материалдық жабдықтары:оқулық, бейнебаян , кері байланыс парақшалары (жүрекшелер) түрлі түсті маркер, бағалау парақшалары,шығармалары , әуен, слайд.
Сабақтың түрі: Іздендіру — зерттеу сабағы
Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдер: жұптық жұмыс, жеке жұмыс, талдау, жұмыс дәптерімен жұмыстану, тест тапсырмалары, диктант, мәнерлеп оқу,РАФТ әдісі, жанды дауыс
Пәнаралық байланыс: География , музыка, қазақ тілі, физика.
Күтілетін нәтиже
-М.Шахановтың өмірі мен шығармашылығын біледі.
— «Танакөз» поэмасындағы ғашықтар бейнесіндегі достық пен адалдықтың жырлануын ашып, суреттейді.
— М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын біледі
— Шығармаларының тақырыптарын топтастыра алады.
— Сөйлеу мәдениеті қалыптасады , өз бетінше ізденіп шешім қабылдайды, өз пікірін дәлелдейді.
-М.Мақатаевтың шығармаларының өзге ғылым салаларымен үндесуін табады.
— Топта бірлесіп, топтасып жұмыс істейді
— Өзін-өзі бағалайды
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу
2. Сабаққа әзірліктерін тексеру
3. Назарларын сабаққа аудару
II. Өткен сабақ бойынша оқушылардың білімін тексеру: М.Шаханов шығармашылығы. «Танакөз» поэмасы
Өткен сабағымыздағы сабақтың тірек сөзі кімнің есінде?
Өткізбеймін ешкімге зорлығымды,
Түсірмеймін ешкімге көлеңкемді
Заманымнан алғанша үлесімді,
Тоқтатпаймын тағдырмен күресімді.-деген, бұл күнде азаматтығы мен поэзиясын күллі әлем мойындаған Мұхтар Шаханов – ұлт тағдыры,тіл жанашыры болып, осындай басын бәйгеге тіккен ұлтжанды ақындардың бірі ғана емес,бірегейі.
1. «Цифрларды сөйлет» М.Шаханов өмірі мен шығармашылығына цифрлар арқылы жауап беру.
1942, 1959, 1969, 1961 – 1965 , 1965 – 1970 , 1971 – 1976 , 1993 – 2003 .
2. «Танакөз» поэмасының сюжеттік желісіне талдау.
Идеясы: Достықтың қасиетті қадірін ұғындыру
Басталуы: Балалық шақ-боямасыз ақкөңілдер отаны.
Дамуы: Ырым етіп тігілген ақ көйлек
Шиенелісуі: Мұраттың үйленуі
Шарықтау шегі: Ауылдан келген Қоғамбай хабары
Шешімі: Мен сен үшін өмірімді қия алам ,асыл досым
Пенделіктен биік ұлы достық
«Танакөз» поэмасының мазмұнын баяндайды.
Салыстыру: Достық туралы пікірлер:
Тәжік әдебиетінің классигі Әбдірахман Жәми
Біріншіден досыңның қадірін біл,
Кемшілігін, кеңшілікпен кешірген.
Екіншіден өзің де абай бол,
Жаза басып сұрап жүрме кешірім.
Шалкиіз жырау
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас, тозбас мүлік етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
Күллі әлемге күлкі етер.
мақал
Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады
Абай
«Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос»,
Мұқағали :
Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.
Достарың көп пе?
Апырау неткен жақсы едің?
Досым аз менің ….
Досым-ау менің, тапшы емін?
Достарыңменен достастып мені, асылым,
Достастыр мені?
Болайын құлың нақ сенің!
Достыққа жүрмін,
Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін,
Өзіме-өзім мін артып…
Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан,
Достардың барып, ауласында өқлген мың артық
Т. Айбергенов Ана туралы
Өтті анам үш баламның пайғамбары,
Үш сәби жүрегінің сайрам-бағы.
Жыр қылып жатты біздің қара шаңырақ,
Менің сор маңдайымның тайған бағын.
Ана еді ол мен үшін не көрмеген!
Азаптың бәрін көрген, тек өлмеген.
Көк жасын көктем болып, қарайтын ол,
Тасқа да талай ғасыр көгермеген.
Қайтейін жүрмегенсің, жанға байлап,
Алыста кеттім одан арман айдап.
Айналып — толғанатын ақ дидарлы,
Ана еді ол – жауыңды да аңдамай қап….
Мысалы, «Танакөздің» сюжетін қайдан алдыңыз?
Мұхтар ШАХАНОВ: Өмірден алынған, достарыммен арада болған жағдайдан алынған. «Танакөз» лирикалық толғамға құрылған. Оны алты күнде жаздым. Шерхан Мұртазаның азаматтығы, газетке беріп жіберді. Аяғы әлі жазылған жоқ еді. Соңын таңертең кетіп бара жатып, Орталық Комитеттің алдында отырып жаздым. Сөйтіп, ойда-жоқта шығарма туып қалатын.»( «Мәдениет»телеарнасының «Кітапхана» бағдарламасына берген сұхбатынан)
Үй тапсырмасын қорытындылауға арналған тапсырмалар:
1. Қажетті сөзді жазыңыз:
М.Шахановтың «Танакөз» поэмасы ——— ж. жарық көрді. (1970ж.,1980ж.,1998ж.,)
2. Дұрыс жауабын белгілеңіз:
Ақын «Танакөз» шығармасы үшін ————— ——-, ———————— алды.
(Қазақстан комсомолы сыйлығын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығын)
3. Дұрыс, бұрысын белгілеңіз:
«Танакөз» поэмасында кездесетін кейіпкерлерді белгілеңіз: Д. Б:
Марат —
Мұрат+
Нұргүл апа+
Ғайша жеңгей-
Қайыр-
Қоғамбай+
Зеркүл+
4. «Танакөз» поэмасы бойынша тест сұрақтары:
1. «Танакөз» поэмасының тақырыбын белгілеңіз
А) шынайы достық В) ауыл өмірі мен тұрмысы С) еңбек Д) Ұлы Отан соғысы
2. Поэмадағы Мұраттың анасы –
А) Назира апа В) Ғайша апа С) Айгүл апа Д) Нұргүл апа
3. Поэмадағы Мұраттың мамандығы –
А) есепші В) тракторшы С) мал дәрігері Д) ақын
4. Мұраттың кімге үйленгенін көрсет:
А) Зереге В) Зураға С) Зеркүлге Д) Зинаға
5. Поэмада Мұраттың Танакөзден бас тартып, неліктен шұғыл түрде үйленіп кеткенін белгілеңіз:
А) Досына көңілі мен шынайы достық үшін В)Танакөзді қызғанды С) үйленетін қызын сүйгендіктен Д) досына өкпеледі
6. Поэмада екі дос аттестат алған күні Мұраттың анасы оларға не сыйлағанын көрсет:
А) мылтық В) кестелі көйлек С) қалың кітап Д) орамал
7. Мектеп бітіргеннен кейін Танакөз ауылда кім болып жұмыс жасағанын көрсет
А) мұғалім В) есепші С) комсомол хатшысы Д) дәрігер
8. Поэмада Мұраттың мүгедек болып қалғанын басты кейіпкерге кімнің хабарлайтынын табыңыз.
А) Қоғамбай В) Қорабай С) Қоғабай Д) Қойшыбай
9. Мұрат пен басты кейіпкердің аналарының қайда жерленгенін табыңыз.
А) Маңтөбеге В) Бөрліге С) Ақшоқыға Д) Көкшоқыға
10. «Танакөз» поэмасының идеясын анықтаңыз.
А) достыққа адалдық В) туған жерге деген сүйіспеншілік С) рухтың ұлылығы Д) халықтың қаһармандығы
Жауаптары: 1.А 2.Д 3.В 4.С 5.А 6.В 7.С 8.А 9.Д 10.А.
Әдебиеттік диктант:
1. Мұхтар Шаханов 1942ж. 2 шілдеде ……….(Шымкент) облысы, Леңгір ауданы, Қасқасу ауылында туған.2. Жеті жылдық мектепті бітірген соң , арнаулы механизаторлар курсын тамамдап, ………. (тракторшы) болады. 3. 1988 ж.Республикадағы тұңғыш құрылған экологиялық ………… (қозғалыс) — Арал және Балқаш проблемалары жөніндегі қоғамдық комитеттің төрағасы. 4. 1988 ж.М.Шаханов 1926 жылы ислам дінінің қалдығы деген желеумен Кеңестер Одағының тоталитарлық жүйесі тойлауға тыйым салған ……..(«Наурыз») мерекесінің 62 жылдан соң қайта салтанат құруына мұрындық болды.
5. 1993-2003 жылдар аралығында М.Шаханов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы ………(Төтенше) және Өкілетті Елшісі болды.6. Автордың ………….(Ш.Айтматовпен) бірлесіп жазылған «Құз басындағы аңшының зары» атты кітабы мен «Сократты ескеру түні» атты драмасы да бірнеше елдің кітап дүкендерінен, сахналарынан орын тепті.7. «Нобель» сыйлығының 100 жылдығына орай ……(Тамбов) қаласында өткен……..( «Нобель») сыйлығы лауреаттары мен нобелшілердің халықаралық конгресінде «Нобель» ақпарат орталығы, «Нобель» қоры, Ресей жаратылыс ғылымдары академиясы бірлесіп бекіткен «Нобельдің Алтын медалімен» марапатталды. Қажетті сөздерді сөзжұмбаққа орналастырамыз. Сол кезде «Мақатаев» сөзі кілт сөзге шығады. Сол арқылы жаңа тақырыпты анықтау.
III. Жаңа материалды түсіндіру: М.Мақатаевтың өмірі және шығармашылығы.
Сабақтың эпиграфы
«Мұқағали поэзиясы- таңғы шықтай мөлдір, сырлы, мұңлы поэзия»Ф.Оңғарсынова
Ақын поэзия әлемінде өз ойын көркемдікпен, асқақ шеберлікпен бере білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл тек шабыты өте жоғары, өлең шығару дарыны бар үлкен талант иесінің қолынан ғана келеді. Сондай таланттардың бірі- поэзия әлемінің асқар шыңы – М.Мақатаев.
«Поэзия –үміт сезімі, жүрек дірілі, жан тынысы шексіз сезімге толы махаббат» осы құдыреттің бәрі Мұқағали поэзиясынан табылады. Бүгінгі жас ұрпақ өз сағынышы жүректегі ыстық ықыласын жыр шашу етіп шашады.
Назарымызды бейнебаянға аударайық. Колледждегі сұхбат сәтінен.
Бүгін біз сабағымызда Ғасыр ақыны М.Мақатаевтың Өмір жолы арқылы шығармаларын кезеңімен, тақырыбымен таныса отырып, аудармасы, күнделік беттеріне шолу жасай отырып ғылым жолымен байланыста талдау жасаймыз.
Сабағымызда біз бағындырар нәтижеге көз салайық. Қайталап айту.
М.Мақатаев өмір жолы. Оқушылар өздерінің оқығандарын ортаға салады.
Лирикаларының негізгі тақырыптары:
1. Туған жер, Отан туралы, тіл туралы
2. Достық, адамгершілік туралы.
3. Табиғат туралы
4. Өз өмірі туралы толғаулары
5. Махаббат туралы
6. Ата-ана, ана махаббаты туралы
7. Көңіл-күй туралы.
60-70 жылдардағы қазақ поэзиясын биік шыңға көтерген сырлы да ,сазды , мұңды да қуатты жырлар авторы Мұқағалидың қуаныш пен қайғы,үміт пен мұңға толы өмір жолы, шығармашылық тағдыры туралы танысып, мазмұны мен тәрбиелік мәнін терең меңгеріп, автордың поэзиясын, идеясын жетік игеріп кетуіміз керек.Сондықтан ,біз бүгін лирикалары бойынша тақырыптарына тоқталып өтеміз.
1. Мұқағали қойнауына талай сыр бүккен сайын далаға, оның сылдырап аққан суына, самал желіне, мақпал түніне бала кезден ғашық болып өссе керек. Сондай туған жерге арналған өлеңінің бірі «Мен – таулықпын » (оқушы мәнерлеп оқиды.)
2.Мұқағали халқына ерекше сенім артып, елін, халқын , тілін ерекше тебіреніспен жырлаған. Сондай қасиет тұтқан бақыттары туралы «Үш бақытым» өлеңі. Мәнерлеп оқу.
3. Ақынның адам ретінде жіберген кемшілігін де, адамзат ретіндегі артықшылығын да ақын жүрегі арқылы сана саңылауынан өткізген. Әркімнің жүрек тұсынан сөйлеп тұратын Мұқағалидың артықшылығы осы деп білуге болады. Өз басынан өткерген барлық тауқымет пен азапты өзімнің ғана тағдырым деп ұққан еді. Ол үшін халқына өкпелеген жоқ.Керісінше, халқына да, досына да бас иіп өтті.
«Есіңде ме?» өлеңі оқылады.
4. Әр ақын,әр жазушы өлмес өшпес мәңгілік тақырыпты сырт айналып кетпеген.
Мұқағали да осы махаббат тақырыбына молынан қалам алған екен.Бұған тек мұңнан тізілген моншақты жырлар ғана емес «Қош, махаббат» драмасы да дәлел бола алады.Өлең өнер, өлең дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана дүниеге әкеледі, жүрек пен сезімнің отына орап ақ қағазға түсіреді. Сол ақ қағаздың иесін тапқан әрбір сөз жүректерге ән болып жетіп те жатыр емес пе?
«Бақыт деген» өлеңін мәнерлеп оқу.
5. Ақын өзінің қайтыс боларын сезіп 1976 жылы 26 қаңтарда «Өзімнің есебімше» өлеңінде дәл айтқан екен. Соны білгендей ақын болашақ ұрпаққа, халқына көп нәрсені аманаттап кеткен екен. «Өзімнің есебімше» өлеңін оқу.
6. Ақынның өмірінің соңғы күндері қайта-қайта ауруханаға түсе бергенін күнделігінен оқуға болады. Өмір бойы «Поэзия мен үшін жанымның шырылы» деп шырылдап өткен ақынның соңғы жылдары ел аман, жұрт тынышта қуғын-сүргінмен өткен. Соның нәтижесінде жүрек ауруына әкеп соқтырады.Сондай бір күні ауруханаға Лашын ұлы Жұлдызбен келеді. Мұқағалидың жүдеу өңін көрген Лашын күрсініп қалады. Мұны ақын жүрегі қалт жібермей сезеді де ұлымен сөйлесіп кетеді. Ертесіне ауруханаға келген Лашын ашық жатқан Мұқағалидың жазу дәптерінен «Күрсінбеші» өлеңін көреді. «Күрсінбеші» өлеңі оқылады.
Келесі кезекте ақынның өз даусымен оқыған өлеңдеріне кезек берейік. Ақын даусы.
Күнделігі: Өзінің күнделігінде ақын 1976 жылдың 14 ақпанында былай деп жазыпты: «Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын: менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес, Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды даусындай. Жалған күйініш, жалған махаббат пен қуаныш, өтірік патриотизм және тағы-тағылар поэзияның жаулары. Көпшіліктің көңілін аулау үшін, рухыңның ыңғайын табу үшін жазу керек. Әрбір жазатын адам оқырманды күлдіріп абыржыта алады.(бәрі оның шеберлігіне байланысты), бірақ оның жанына кіріп, есіңде мықтап қалу үшін барынша ашық, сезімтал әрі түсінікті болу қажет. Кейде қарапайым түсіне білетін көпшілік сенің образдарың мен прообраздарыңды артқы қатарға ысырып тастайды. Әрбір оқырман көркем шығармадан өзін, өз жанының бөлшегін іздейді. Сондықтан мен өзімнің «Менім» арқылы жасырмай, жаппай өмірімнің шежіресін жасап шықтым. Жанымның мұңы мен қуанышы – бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруі тиіс деп ойлаймын.»
Сергіту сәті: Күлім қағып қолымды,
1,2,3 деп соғамын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы-жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бер қысайын.
Шығармашылық жұмыс:
Төмендегідей шығармашылық жұмыс түрі ұсынылады. Оқушылар түс таңдау арқылы жұмыстанады.
1. Қызыл: Ақынға хат
2. Сары: Ақын өлеңін жалғастырып, ұйқас құрастыру.
3. Көк: Еркін жазу стратегиясы: эссе жазу
4. Есім – акроним: Мұқағали сөзіне сипаттама жазу.
Оқушылар шығармашылықпен жұмыстанған кезде «Сәби болғым келеді» әні тыңдалады.
Ойшақыру
Мұқағали поэзиясы физика пәнінде қонақта
1. «Түнгі Алматы» өлеңі
Судың аты –су ғой ол бұғына ма?
Тау бұлағы көлшікке кеп тығыла ма?
Су сәулеге ұмтылып, сәуле суға,
Айналады ғажайып шұғылаға!
Жарықтың сәулеге шағылысуы (диссперсия)
Бозқараған
Көрдің бе, бозқараған?
Сирень иісі аңқиды боз даладан,
Бозқараған тікенек, тікенек өскен.
Сирень гүлін ешкім де қозғамаған
Соның аты-біздіңше «Бозқараған»
(Диффузия) «жайылу,таралу»
Қарасаздың шыбығын жел тербеген,
Жел тербеген шыбықты мен тербеген
Тербеліс күші
1.«Автограф» өлеңінен антонимдерді тап.
Көрер едің,
Шаламын ба, отпын ба?
Білер едің,
Ақынмын ба, жоқпын ба?..
Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда,
Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда.
Түсінер ең
Езбін бе, әлде ермін бе?
Байқар едің,
Артықпын ба ,кеммін бе?..
2. «Лашынға»
Мен түн болсам ,сен таң болдың жаңа атқан.
Мені қола, сені шойын жаратқан.
Мен ашу да , сен ақылсың нәрі аққан,
Сен ақылсың, мен аждаһа зәр атқан.
3.Тұйық етістікті тап.
Өзіңе-өзің жүк артып,
Өмір деген тер төгу.
Қор боп өтпей жалғанда,
Қолдан келсе жан бағу.
4.Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қой.
Ең бірінші бақытым Халқым менің…
Ал екінші бақытым Тілім менің…
Бақытым бар үшінші Отан деген…
Мен таулықпын
5.Қаратпа сөздерді тап , тыныс белгілерін қой.
Әже сен бірге жүрсің меніменен
Шеше
Сен бақыттысың
-О Мұха
Сұрағым бар сұрағым бар
О Махаббат
Сен әлі тірі ме едің
6. Мына үзінді қай ғылым саласын сипаттайды деп ойлайсыңдар?
1)…Еңбек-тауар
Құны олардың неге тең?
Екеуін де еркін сорып жатқан кім?
Қайшылығы, қарсылығы неде екен.
Қанаушы мен қаналушы таптардың
2)…Әлде өмір сүрмекпісің бүгініңмен?!
Бүгіндік тірлік қуып жүгірумен
Өтпекпісің
Қолыңды бір-ақ сілтеп
Ұмытып болашақты түңілумен
Күн кешіп жығылумен, сүрінумен?!
IV. Жаңа тақырыпты бекіту:
Жұмыс дәптерімен жұмыстану. Тест сұрақтарына жауап беріп, дәптерлерін алдыңғы оқушыға тексеруге береді.
1-нұсқа
1.Мұқағалидың азан шақырып қойған аты.
А)Мұқамедханафия ә)Мұқаметқали б)Мұқаметәлі
2Ақынның бірге туған бауырлары.
А)Әбдіке, Еркін Ә)Асқар ,Сабырхан Б)Тоқтарбай, Көрпеш
3.Мұқағалиға арналған лебіздің авторы кім?
«Мұқағали- біздің заманымыздың поэзия дүниесіндегі құбылыс»
А) Әбділда Тәжібаев Ә)Қадыр Мырза –Әлі Б)Фариза Оңғарсынова
4.Мұқағали ең алғаш жарыққа шыққан өлеңі.
А)Махаббат диологы Ә) «Қойшы бала Әкітай» Б)Сен менің еліме бар
5 «Мен ертең кетем сардалама» өлеңі кімге арналған?
А) Пушкинге Ә)Абайға Б)Есенинге
6.Мұқағалидың әкесінің аты.
А)Сүлеймен ә)Мақатай б)Сәрсен
7.Мұқағалимен тағдырлас орыс досы.
А)Есенин Ә)Лермонтов Б)Маяковский
8.М.Мақатаев қай жылы қайтыс болды?
А)1977 жылы 27 –наурыз Ә)1975 жылы 27-наурыз Б)1976 жылы 27-наурыз
9.Ақынның көз тірісінде қанша кітабы жарық көрді?
А)15 Ә)12 Б)11
10.Ақынның шешесінің аты.
А)Зәуре Ә)Нағиман Б)Ақтолық
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Ә Б Б Ә А А А Б Б Ә

2- нұсқа
1. Мұқағалидың атын қойған кім?
А)Бизақ Ә)Әбжан Б)Еркін
2.Ақынның әжесінің аты кім?
А)Сәуле Ә)Тиын Б)Зере
3.Ақынның мұражайының бас сәулетшісі кім?
А)Кәрім Бекжанов Ә)Сайрам Фазылов Б)Сағи Жиенбаев
4.Ақынның жары
А)Рауза Халықова Ә)Фарида Бөкеева Б)Лашын Әзімжанова
5.Ақын өмірінің кредосын білдіретін өлеңі
А) «Менің мақсатым» өлеңі Ә) «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» өлеңі
Б) «Қарасазым» өлеңі
6.Мұқалидың прозалық шығармасы
А) «Махаббат моласы» Ә) «Қош махаббат» Б) «Садақ иген»
7.Қарасазда Мұқағали мұражайы қашан ашылды?
А) 1991 ж.5-шілде Ә)1980 ж.10-қазан Б)1993 ж. 11-қаңтар
8. 2000 жылы Мемлекеттік сыйлықты иеленген шығармасы.
А) «Шуағым менің» Ә) «Аманат» Б) «Мавр»
9.2001 жылы ақынның қанша жылдығы тойланды?
А)70 Ә)80 Б)69
10.Мұқағалидың прозалық шығармасын көрсет
А) «Жылап қайттым өмірдің базарынан» Ә) «Жыл құстары»
Б) «Райымбек, Райымбек» поэмасы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
А Ә Ә Б А Ә А Ә А Ә

3-нұсқа1. «Күрсінбеші» өлеңі кімге арналған?
А)Лашынға Ә)Анасына Б)Фаризаға
2.Ақынға алтын қалам сыйлаған жазушы.
А)Ә.Тәжібаев Ә)Т.Молдағалиев Б)Ғ.Мүсірепов
3. «Тұлпар» сыйлығы ақынның қай кітабына берілді?
А «Аманат» Ә) «Өмірдастан» Б) «Жырлайды жүрек»
4. «Тым құрыса саусағынды қанаттың ба? Ырым сөз қай дастаннан алынған?
А) «Мавр» Ә) «Аққулар ұйықтағанда» Б) «Дариға жүрек»
5.Сөйлемдегі оқшау сөздерді тап.
«Ей, қалам ұстаған қаламдас бауыр-қарындасым, халықты ұмытпаңдар!Халықсыз күндерің қараң!»
А)Қаратпа сөз Ә)Қыстырма сөз Б)Одағай
6. «Құдіретті комедия» І бөлімі «Тамұқты» кімнен аударды?
А)Данте Алигьери Ә)Уолт Уитмен Б)Евгений Евтушенка
7.Ақынның қаламдас інісі, ауылдасы кім?
А)Еркін Ібітанов Ә)Қадыр Мырза –Әлі Б)Аманхан Әлім
8. «Елім барда» өлеңі қандай тақырыпта жазылған?
А)Махаббат Ә)Азаматтық Б)Табиғат
9.Ақынның зайыбының есімі.
А)Ләйлім Ә)Лашын Б)Ләсимә
10. «Ән-2000» байқауында лауреат атанған ән
Сөзі: М.Мақатаевтікі
Әні:А.Қоразбековтікі
А) «Шашбаулым» Ә) «Қара пима» Б «)Сары ала қаз оралды»
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
А Б Б Ә А А А Ә Ә Б

V.Оқушыларды бағалау:Бағалау парағы арқылы бағаланады. Әр қатардың жетекшісі өз қатарындағы оқушыны тиісті шартқа бағына отырып бағалайды.
VI. Үйге тапсырма: 1. Поэмаларымен танысу.
2. «Дариға-жүрек» поэмасының мазмұнымен танысу.
3. Аудармаларымен танысу.
VII. Сабақты қорытындылау:
«Көңіл-күй бағдаршамына» сабақ соңындағы көңіл-күйлеріңізді көрсетіңіз. Не себепті өзгерді?
Сабағымызды «Ең жақсы тілек» әдісімен қорытындылаймыз. Оқушылар әдебиетті бір-біріне ұсыну арқылы өз тілегін айтады.
Мұқағалидың өлеңдерін жыр сүйер қауым іздеп жүріп оқитын болды. Ақын өлеңдеріне 100 –ден астам әндер жазылды. Бұл әндер бүгінде барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Ол әндері «Есіме мен алғайсың» , «Күрең күз», «Сәби болғым келеді», «Құттықтаймын мама, туған күніңмен», «Тоқта балам! (атаң келеді артыңда)», «Саржайлау», «Фаризаға», «Дариға, домбыраңды берші маған», «Бала ғашық», «Жарығым-ай» ,«Көнеміз де» ,«Құттықтаймын мама, туған күніңмен» «Құмған алған» тағы басқа әндері.
Сонымен қатар өздеріңіз білесіз Мұқағали өлендеріне ән жазылып, оны көптеген әншілер орындауда. Мысалы: «Мұзарт» тобы «Көзін сенің», «Бала ғашық», «Нұрмұқасан» тобы «Бақытынды жырлайды» деген өлеңдерді орындайды.
Ақынның атасы көкпар шауып жүріп, аттан құлап аяғы сынады. Ел-жұрт оны аттың алдына өңгеріп, аяғын салбыратып әкеледі. Туысқандары сынықшы іздеп кеткенде , әжесі атасына «Мына аяқ түбінде аяқ болмайды, шауып тастау керек», — дейді. Атасы келіседі. Балтаны өткірлеп, ақынның батыл әжесі аяқты шауып тастап, жуып, таза шүберекпен орап қояды. Үш күннен кейін сынықшы келіп, бәрін дұрыс істегендігін айтып, батасын береді. Мінезіне қарап, әжесін «Көкдауыл» дейді екен. Осы әжесіне арнап ақын «Сөнбейді, әже , шырағың» — деген өлең шығарады. Әнін сазгер Н.Тілендиев жазады.
Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағалиы да жалғыз. «Естеліктер» кітабындағы
Н. Тілендиев айтқан мына әңгімесін тыңдалық: «Мұқағали дүниеден өткен соң,қатты күйзелдім»,-дейді ол. Жүрегім әлсіреп, екі айға жуық емханада жаттым. Арада екі ай өткен соң, жұмысқа киетін бешпентімнің қалтасынан хат шықты. Мұқағалидың хаты екен. Онда ол «Аға,мен ғой.Дертім қозып барады.Не боларын білмеймін.Мынаған назар аударып көрерсіз. Ақын өзі емханада қатты ауырып жатқанда маған жіберген сол өлеңі «Есіңе мені алғайсың» болатын. Жаным күйзеліп отырып,ақын інім көз жұмғаннан кейінгі екінші айдың ауыр бір күнінде әлгі өлеңге ән жаздым,»-дейді сазгер.
Ендеше,сол әнді жерлес әншіміз Мадина Ералиеваның орындауында үнтаспадан тыңдап,сүйікті ақынымызды еске алайық.
Иә,ән сөзі мұңлы да сазды. Ақын ақырғы демі таусылар шақта ел-жұртымен қоштасу өлеңі десе де болғандай.Сабағымызды осы әнді хормен айтып аяқтаймыз. «Есіңе мені алғайсың» әнін орындау.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *