«Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдерді тиімді қолдану»

Мақала тақырыбы:

«Жаңартылған  білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдерді тиімді қолдану»

 

 

 

 №16  жалпы  білім  беретін

орта мектебінің  қазақ тілі  және

әдебиеті  пәнінің  мұғалімі

Кусаинова Салтанат Камитовна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаты:   Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде  оқыту мен оқу тәжірибесіндегі жаңа тәсілдердің тиімді жақтарын көрсету, оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу, олардың функционалдық сауаттылығы мен  танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ету.

 

 

 

 

 

Міндеттері:

  1. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
    2. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
    3. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
    4. Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

 

 

 

Оқудан күтілетін нәтижелер:

— Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрлелілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;
— Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
— Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;
— Мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен  дағдылары қалыптасқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған  білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдерді тиімді қолдану

 

  • Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер!

Мен  Құсайынова Салтанат Хамитқызы №16 жалпы білім беру орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін.Еңбек өтілім 11 жыл, санатым екінші.

Әдістемелік тақырыбым: «Жаңартылған  білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдерді тиімді қолдану»

Сіздерге 5 сыныптың  6  бөлімі: Әлемдегі ірі кітапханалар , оның ішінде  Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай, мақатанба»  тақырыбы  бойынша үш  қысқа мерзімді сабақ жоспарын ұсынып отырмын. Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құрған мақсатым сабақта  қолданған әр түрлі әдіс-тәсілдері мен қалыптастырушы бағалауды  өзара салыстыру арқылы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімді жақтарын мейілінше жан-жақты көрсету.

Бірінші қысқа мерзімді сабақ жоспарының құрылымы:

Сабақтың оқу мақсаты:

5.А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу. Айтылым коммуникативтік дағдысының  5 мақсаты: Сенімді және еркін жауап беру

5.Ж5. Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану; Жазылым коммуникативтік дағдысының 5 мақсаты: орфография және пунктуация.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Тақырып аясында қазақша мәтіндерді талдау арқылы жаңа сөздерді меңгереді;

Оқушылардың көбісі:  Қазақтың ұлы ақыны жайлы ақпарттық ұғымын кеңейтеді;

Оқушылардың кейбірі : Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазады; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдана алады;

Бұл сабақта күтілетін нәтиже, яғни бағалау критерийлері:

  • Берілген сұрақтарды түсінеді;
  • Сұрақтарға дұрыс жауап береді;
  • Тірек сөздерді қолданады;
  • Шағын диалогке түсе алады;
  • Ортақ ой, шешім шығара алады;
  • Үндестік заңын біледі;
  • Пунктуациялық норманы біледі;
  • Стилі берілген жанрға сәйкес;

Алдыңғы оқу «Бір қадам артқа» әдісіне негізділген алдыңғы сабақтағы кері байланыстан басталады. Әр сабақты осылай кері байланыстан бастау оқушылардың қателік жіберуге қорықпай, тәуекелге бару мәдениетін қолдау, оқушылардың ішкі уәжін сақтау және арттыру үшін  жағымды кері байланыс ұсыну, оқушылардың өзіне беретін бағасын көтеріп, олардың алдағы уақытта нәтижені жетілдіре алатынына сенім ұялату болғандықтан сабақты осылай бастауды жөн деп санаймын.

Сабақтың басы  «Ыстық алақан» әдісі арқылы оқушылардың арасында ынтымақтастық орта орнату.  «Бес бармақ» әдісі арқылы 5 топқа бөлу.(бас бармақ, балаң үйрек, отан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек).

Сабақтың ортасында  «Миға шабуыл» әдісі  бойынша оқушыларды сөйлету. Осы суреттерде не бейнеленген? Бұл суреттерге қарап қандай ой келді? Бұл оқушылардың  көрген суреттерді  түсінуін жақсарту мақсатында тиімді тәсіл деп айтып,  оқушылардың оқуды жалғастырып, және мәтіндегі ақпаратты лайықты түрде пайдалануға уәждейді.

    Оқу мақсатының екінші жазылым дағдысын қалыптастыру үшін «Қос жазба күнделігі» әдісін пайдаландым. Мақсаты: негізгі мәтіннен тиісті сөздердің баламасын тауып дұрыс жазуға  баулу.

Тапсырма:  «Қос жазба» әдісі арқылы өлеңнің мәтініндегі қарамен жазылған сөздердің баламасын (синонимдерін) сөздіктен  тауып, дәптерлеріне жазу. Нәтижесінде оқушылардың өздері еңбектеніп, бірлесіп, өз беттерімен білім табу дағдысы артады.

«Өзара сұхбаттасу» әдісі арқылы оқушылардың тіл байлығын жетілдіру.

Тапсырма: «Өзара сұхбаттасу» әдісі арқылы төмендегі  мақал-мәтелдердің қайсысы сабақтың тақырыбына сәйкес келеді деп ойлайсыздар? Неге? Түсіндіріп айтыңыз?

Оқу –білім азығығ білім – ырыс қазығы.

Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

Аз жұмысты қиынсынасың.

Көп жұмысқа тап боласың.

«Дастарқан» әдісі арқылы оқушылар жеке пікірлерін қағаз бетіне түсіреді.Ортақ ой, шешім шығарады.

Сабақ соңында «Шығармашылыққа баулу» әдісі арқылы оқушыларды ізденімпаздылыққа  баулу.

Тапсырма: Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу керек; Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану қажет.

Мақсаты: Оқушыларды орфографиялық нормаға сай дұрыс жазуға баулу; тыныс белгілерді орынды қолдану, стилі берілген жанрға сәйкес жазу.

Сабақты  «Гамбургер» әдісі  бойынша  кері байланыс жасау арқылы тәмамдаймын.

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ- «Бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі»

Қалыптастырушы бағалау – бұл тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың білімді игергендіктеріне қалай көз жеткіземін? Ол үшін сабақтағы қалыптастырушы бағалау атқаратын функциясы маңызды қызмет атқарады. ҚБ –дың нәтижесінде алынған ақпараттың негізінде оқушылар оқу барысында өздерінің тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын біле алады. Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушы оқыту үдерісіне белсене араласып, одан қандай нәтиже күтілетінін түсінеді.

Оқылым дағдысы мен жазылым дағдылары бойынша сабақты  қалыптастырушы бағалау «Бас бармақ»,  . «Ашық микрофон» , «Жазбаша кері байланыс» , «»Пікір алмасу», «Қосу, алу, қызықты» әдістері  арқылы бағалаймын.

Мақсаты: оқушылардың  қызығушылықтарын оятып, ынтасын арттыру.

Жаңартылған оқу бағдарламасы ең алдымен оқушы қажеттіліктерін ескеруге аса үлкен мән береді. Оқушы қажеттілігін ескеру өз кезегінде олардың білім, білік, дағдыларын саралаудан келіп туындайды.

Саралау тәсілдері: Тапсырмаларды түрлендіру арқылы, дереккөздер арқылы, топқа бөлу арқылы, білім алушының қарқынына қарай сараланды.

Менің алып отырған саралап оқытуға арналған тапсырмаларым  оқу үдерісінің оқушылардың әртүрлі топтарына арнайы бағдарлауды, оқушылардың жеке қабілеттерін ескеру мақсатында түрлі топтар үшін әртүрлі нысанда ұйымдастыруды көздейді. Сол себепті оқушылардың барлығы  І деңгейдегі тапсырма бойынша Барынша қолдау көрсету арқылы тақырып аясында қазақша мәтіндерді талдау арқылы жаңа сөздерді меңгереді; Ой қозғау сұрақтары арқылы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы мәліметтер алады;

Ал, ІІ деңгей тапсырмасы бойынша, Орташа қолдау көрсету   мақсаты қазақтың ұлы ақыны жайлы ақпарттық ұғымын кеңейтеді; Дастархан» әдісі бойынша өз ойларын қағаз бетіне түсіреді. «Қос жазба» әдісі арқылы өлеңнің мәтініндегі қарамен жазылған сөздердің баламасын (синонимдерін) сөздіктен тауып, дәптерлеріне жазады.

ІІІ деңгей  тапсырмасы  Қолдау көрсету аз   «Шығармашылыққа баулу»Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу керек; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану қажет

Осы тапсырмалар әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес тапсырма мен нұсқауларды, материал мен әдіс-тәсілдерді іріктеп қолдану үдерісі, оқушыларды оқуға ынталандыруға, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға септігін тигізеді деп ойлаймын.

Екінші  қысқа мерзімді сабақ жоспарының құрылымы:

Сабақтың оқу мақсаты:

5.О3. Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар: шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсінеді

Оқушылардың көбісі:   шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсініп, тақырыбын анықтайды

Оқушылардың кейбірі : шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды талдайды, өз көзқарасын білдіреді

Бұл сабақта күтілетін нәтиже, яғни бағалау критерийлері:

  • Өлеңнің тақырыбын анықтайды
  • Өлеңнің мазмұнын түсінеді
  • Өлеңде айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді

Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында мақал-мәтелдердің жалғасын табу ойыны арқылы жүзеге асады.

Қима-қағаздар бойынша оқушыларды топқа бөлемін.

Жұптық жұмыс тапсырмасы арқылы «Адамның жақсы және жаман қасиеттерін» сипаттайды.

«Сөйлесейік-бірге орындайық-сипаттайық» әдісі бойынша өлеңнің әр шумағын оқып, өзара талқылайды.Оқушылар бұл тапсырмаларды топта орындайды.

Үлгі ретінде бір шумақты мысалға келтіріп өтейін:

1 – топ.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдында,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз.

Жамандық көрсең нәфрәтлі,

Суытып көңіл тыйсаңыз.

Жақсылық көрсең ғибрәтлі,

Оны ойға жисаңыз.

 

Мұнда: Нәфрәтлі – жеркенішті деген сөз.

Ғибрәтлі – үлгі деген сөз.

 

Сөйлесейік

  1. Автор неге мақтанба, баптанба, шаттанба деген ескетулер айтады?
  2. Бес асыл іс пен бес жаман істі анықтаңыз. Олар неге жақсы немесе жаман қасиеттер болып есептеледі?

Бірге орындайық

  1. Жамандық көрсең нәфрәтлі,

Жақсылық көрсең ғибрәтлі, — деген ойға түсінік беріңіз.

 

Сипаттайық

  1. Шумақтан қандай қорытынды шығаруға болады?

Осы тапсырма бойынша жұлдызша не смайликтер арқылы мұғалімнің бағалауы жүзеге асады.

Кері байланыс:

Маған … қиын болды

Мен … түсінбедім

Маған … көмек керек.

Маған .. оңай болды.

Үшінші   қысқа мерзімді сабақ жоспарының құрылымы:

Сабақтың оқу мақсаты:

5.Т4. Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби мәтіндердің мазмұнын түсіну.

Бағалау критерийлері:

  • Мәтін мазмұнын терең түсінеді,
  • Мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырып айтады;
  • Мәтінге сай мақал-мәтел айтады, мәтінмен байланыстырады;
  • Өз ойлары мен өлеңдегі ойды салыстырып, қорытынды шығарады.

Сабақтың басы қызығушылыты ояту мақсатында «5» әдісімен басталады. Мұнда оқушының шекесіне «бес» сөзі жазылған стикер жапсырылады. Стикердегі сөзді табу үшін оқушы сыныпта отырған оқушыларға 5 сұрақ қояды.

Сабақтың ортасында тапсырма топқа беріледі, топтар жұпқа бөлінеді. Әртоптағы жұпқа жеке тапсырмалар беріледі.

Мұнда  қалыптастырушы бағалау: өзін-өзі бағалау, өзарабағалау, дескрипторлар арқылы жүзеге асады.

Тыңдалым тапсырмасы: Бір оқушы тақтаға шығып өлең үзіндісін дауыстап, мәнерлеп  сыныпқа оқиды. Өлеңді тыңдап болған соң, жұпта талқылаған ойлары мен өлеңдегі ойды салыстырады. Қорытынды шығарады.

 «Сәйкестендір» әдісі бойынша тапсырма орындайды.

Дескриптор: — мәтін бойынша ақпаратты сәйкестендіреді;

— шығарманың мазмұнын түсінеді;

«Дара диаграмма» әдісі арқылы жақсы адам қандай болу керектігін сипаттайды.

 

 

Қалыптастырушы бағалау: «Қосу,алу, қызықты» әдісі бойынша оқушыларды бағалаймын.

   «Түрлі-түсті диаграмма» әдісі бойнша келесі тапсырманы орындатамын.

  1. Диагармманың қызыл түсіне жұпта талқылаған ойларыңызды жазыңыз.
  2. Көк түске өлеңдегі негізгі оды жазыңыз.
  3. Сары түске екі ойдың ұқсастығын жазыңыз
  4. Жасыл түске екі ойдың айырмашылығын жазыңыз
  5. Ойларыңызды жинақтап, қорытынды шығарыңыз.

 

 

Қалыптастырушы бағалау: «Активатор 3,2,1» әдісі арқылы жүзеге асырамын.

Мақсаты: Сабақтан нені игерді, қандай жетістікке жеткені туралы кері байланыс.

3 —  сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

2 –   қиындық келтірген 2 мәселе;

1 –   сабақта ұнаған 1 жағдай;

Тыңдалымнана кейінгі тапсырманы «Попс» формуласы бойынша «5 минуттық эссе» арқылы орындатамын.

Мақсаты:  Мәтіндегі ақпараттар бойынша өз ой –тұжырымдарын білідіру.

Шарты:

Менің ойымша өлеңде……..  айтылады.

Себебі…….

Оған мен мынандай дәлелдер келтіремін…..

Қорыта айтқанда, …….

Қалыптастырушы бағалау: Өзін-өзі бағалау.

 

Кері байланыс: Не білдім? Нені білмедім? Нені білгім келеді?

Сабақты үнемі кері байланыспен аяқтаған өте тиімді.  Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты-еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі.  Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады деп есептеймін.

Рефлексия сөзі латын тілінен аударғанда  reflexio- кейінге  айналым мағынасын  білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда енгізген. «Рефлексия- адамның өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне- өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп беруі. Рефлексияны әр түрлі әдіс-тәсілдермен сабақтың әр кезеңінде: тақырыптың соңында, сабақ  бөлімдерінен кейін және  тарау соңында  жүзеге асыруға болады. Кері байланысты түрліше өткізуге болады: топтық  рефлексия түрінде, әңгімелесу түрінде т.б.  Кері байланысты ауызша және жазбаша да жүргізуге болады.

      «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек »,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің щебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Сондықтан мұғалім заман талабына сай өзгеруі қажет деген ойы қазіргі заманымыздағы білім бері үрдісіне  өте сай айтылған.

Сонымен қатар қазақ халқының аса көрнекті ғалымы, ұлы педагог А.Байтұрсынов «Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру» деген. Заманауи технологиялардың әдіс-тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру,тиімді оқытуда олардың ізденуін, танымын қалыптастыруға мол мүмкіндік бар. Оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдап алу тиімді оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға терең білім беру үшін мұғалім әдістердің тақырыпқа сай, оқу материалын тиімді меңгертуге ықпал тигізетіндей түрін таңдау керек және осы әдісті қолдану жолын өзі жақсы білуі керек деген ойдамын.

Мен өзімнің тәжірибемде сабақтың тиімділігін арттырудың бір жолы,оқушыларға танымдық тапсырмаларды,тиімді әдістерді көп қолдануға тырыстым. Сабақ өтуде ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын ояттым. Ойнау барысында балалардың дербес ойлау мүмкіндігіне көңіл қоя білу қабілеті дамиды.

Сабақтар барысында    «Ыстық алақан»,  «Бір қадам артқа», «Миға шабуыл», «Қос жазба күнделігі», «Шығармашылыққа баулу», «Гамбургер» ,   «Сөйлесейік-бірге орындайық-сипаттайық», «Сәйкестендір»,   «Түрлі-түсті диаграмма» әдіс-тәсілдері, тұжырымдамалық карта құру, «Стоп кадр» т.б. әдіс-тәсілдерді қолдандым.

Оқыту мен оқу тәжірибесіндегі жаңа тәсілдердің тиімді жақтары оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы еліміздегі білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне басымдық берілуі тиіс. Білім беру жүйесін дамыту жағдайында мұғалімдерді заманауи әдістермен, жаңа технологиялармен жаңаша жұмыс жасауға бейімдеу, педагог мәртебесін көтеру өте маңызды деп ойлаймын.

Аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады. Осы бағдарламаны  меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сенім мол.

Жаңартылған  білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдерді тиімді қолданудың маңызы өте зор.  Ықшам сабақ, ҰМЖ, ОМЖ оқу бағдарламасына сүйене отырып дұрыс ҚМЖ  құрудың  пайдасы мол.  Педагогикалық әдіс-тәсілдерді, тиімді оқу және оқыту тәсілдері, критериалды бағалау моделі: қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау түрлерімен жұмыс жасай отырып, педагогикалық білімімді жетілдіріп отырмын.

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуді үйрендім. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Спиральді қағидат бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером  Брунердің «Білім беру үдерісі» атты еңбегін де қарастырылған. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының ерекше сипаттары: оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды; әрбір қайталап оқыған сайын оның күрделілігі арта түседі; жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету» екенін түсіндім

        Тиімді оқу мен оқытудың, белсенді оқудың әдіс-тәсілдерін сабағымда үнемі қолданғым келеді.Білім беруді жаңарту аясында білім беру үдерісін ұйымдастырушы  ретінде алған білімімді одан әрі жетілдіріп, тәжірибеде қолданып, ХХІ ғасыр белсенді оқушылардың  белсенді ұстазы болсам деймін.

Келешекте өз тәжірибемде :

  • оқушылармен үнемі тепе – теңдікті ұстауды, еркіндік беруді;
  • оқытуды сапалы ету үшін жаңа тәсілдерді қолдана отырып,сабақтарымды түрлендіруді;
  • әріптестерімді қызықтырып, бірлесе жұмыс жасауды қолданамын.

Қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *