Шығармашылық есеп

Менің педагогикалық ұстанымым: «Өзім ғана үйренбей, өзгені де үйрету. Мен білгенді басқалар да білсін».

Менің әдістемелік тақырыбым: «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту процестерінің тиімді әдістерін қолдана отырып, тәрбиеленушілердің  шығармашылығын және білім сапасын арттыру»

Әдістемелік тақырыбымның мақсаты: Оқытудың қолайлы үлгілерін таңдап алып жоғары нәтижеге жету және тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін арттыру. Топпен жұмыс жасау, өзін – өзі бағалау, тәрбиеленушілерді өз бетімен жұмыс жасауға баулу.

Міндеттері:

*Тәрбиеленушілерді белсенді субъектіге айналдыруға қажетті жалпы білім, білік дағдыларының деңгейін қалыптастыру;

*Дарынды тұлға ретінде «МЕН» деген пікірін қалыптастыру;

* Тұлға дүниетанымын кеңейтіп, рухани дамуына бағыт – бағдар беру;

Күтілетін нәтиже:

  • Өз бетінше ойлау біліктіліктері мен ізденімпаздығы қалыптасады;
  • Басқа тәрбиеленушілердің түсіндірмелеріне сын көзбен қарайды;
  • Танымы жоғары, интеллектісі дамыған, өз тұжырымын дәлелдей алатын тұлға қалыптасады;

 

Мен өзімнің еңбек жолымды осы орталықта тәрбиешілік қызметтен бастадым. Еккен дәннің жемісін көру үшін алдыма келген әр тәрбиеленушінің жүрегін жаулап алып, өмірден өз орнын таба алатын, дүниенің бір кірпіші болып қаланатындай азамат тәрбиелеу керектігін парызым деп білемін. Осы тәрбиешілік жолындағы 5 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерімде жеткілікті.

 

Өткізген ашық тәрбие сағаттарым:

 

  • 02.2014 жылы

«Жемістер мен көкөністер»

  • 04.2017 жылы

 «Су, құрылымы мен оның қасиеті»

Сабақ барысында қолданып жүрген әдіс – тәсілімнің барлығы да тиімді болғанымен тәрбиелеушілер үшін көбірек білетін адамдармен, тәрбиешілерімен, сыныптастарымен диалог жүргізген жағдайда білім алуы табыстырақ болады. Оқудың белсенділігін арттыру мақсатында топтар арасында топтық жұмыс, жұптық жұмыс, пікір алмасу, сұрақ – жауап, эссе жазу, бірін – бірін тексеру, тест құру, және тренинг тәсілдерін қолданамын.

 

Орталықта өткізген мерекелік – іс шараларым:

 

  •   12. 2014 жылы

Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік «Сандықтың бес кілті»

  • 02.2014 жылы

«КТБО – тың туған күні»

  • 11. 2015 жылы

Қамқорлық күніне арналған мерекелік іс – шара  «Бар жақсылық балалар игілігі үшін»

  • 11.2016 жылы

Блоготворительный праздник «Ризашылық – добрата во благо детям!»

  • 12.2016 жылы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Еліміздің бақытын тербеткен тәуелсіздікке 25 жыл»

  • 05.2017 жылы

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты елдің балалары»

  • 08.2017 жылы

Телевизионного ток – шоу «Модный приговор»

  • 12.2017 жылы

Жаңа жылдық ертеңгілік «Төрлет, 2018 жаңа жыл!»

  • 06.2018 жылы

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған  «Өлкенің гүл жайнаған балғындары»

  • 08.2018 жылы

Конкурс «Мисстер и Мисс лето — 2018»

 

Болашақта осы күшті жағымды әрі қарай дамытып, әлсіз жағыммен күресіп, қолдан келетін мүмкіндікті қалт жібермей күнделікті қолданып отыру, жалқаулыққа салынбай, ерінбей еңбек ету. Өз бойымдағы кері әсерлерді жойып, алға ұмтылу.

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші  _________________  Оспанова Г.Е

                                                       екінші біліктілік санаттағы тәрбиеші

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *