«Ақылды қария, ағып жатқан дария»

Тақырыбы: «Ақылды қария, ағып жатқан дария»

Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, нақыл сөздер,интерактивті тақта

Барысы:

І.Кіріспе сөз:

А) Келген қонақтарды қарсы алу.

ІІ. Негізгі бөлім:

Ә) Қарттарымыз қазына екендігін түсіндіру;

Б) Аталарымыздың оқушыларға берер ақыл кеңестері, оқушылардың сұрақтары;

ІІІ. Қорытынды.

1- жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар,ақ жаулықты аналар мен асқар таудай әкелер!

«Ақылды қария,ағып жатқан дария» атты бүгінгі «4 Г» сыныбының ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Қарттарым жүректерің неткен дархан,

Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.

Жолыңды жүріп өткен қарасам мен

Оқитын келешекте бір-бір дастан.

Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,

Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.

Тербедің көктем бағын самал болып

Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,- деп асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз болып аман-есен жүре беріңіздер.

2- жүргізуші:  1- қазан қарттар күні мерекесі құтты болсын! Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз

1- жүргізуші:  Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше тақпақтар бөліміне құлақ түрелік.

                                              Әсел: Көп жасаған қария-

Ақылы теңіз дария.                                                                                                     Көп өнеге сөзі бар,                                                                                                                                                               Сөзі – соқпақ, сөзі — нәр                                                                                      Ата салты ардықты                                                                                           Әрбір сөзі салмақты

Рахим. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса,  егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық  жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген

ата-ана әр кезде де бақытты.                                                                                  Біздің сынып оқушыларының ата – әжелері бүгін бізде қонақта

Айару:Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.                                                                                       Отбасында, бала – шаға қасында                                                                         Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.                                                                                                                            Көңіл жетім болмаған соң сыңары,

Жас баладай жаутаңдаған жанары,

 

Перизат:Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,

Қағыс естіп қалбақтайды баладай                                                                 Мәпелеңдер қарт біткенді аялап                                                                           Ниеті ақ, көнілі кең даладай                                                                                                 Кімге болсын қарттың жетер аяңдап

2 жүргізуші: Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.

1-жүргізуші:Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті мол! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.

2 жүргізуші: Тербетіп ақ бесікте аяладың,

Бойдағы ізгілікті аямадың.

Анашым өзіңсің ғой сүйенерім,

Анашым өзіңсің ғой сая бағым

Келесі кезекті «Анашым» әніне береміз.

1 жүргізуші:Өмір оты ерте өшірілмесе, адам баласының қартаюы табиғи заңдылық. Қарттардың тілегі – ел амандығы, жұрт тыныштығы. Олар бүгінгісін ғана ойламайды, өткен өмір жолын зерделеп, алдын болжауға тырысады.Қарттар – кісіліктің төресі.

2-Жүгізуші: Көрініс «карт пен немере»

Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме? Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты.

Әке-шешесі:
-Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.
— Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, – депті баласы.

«Атаңа не қылсаң,  алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Жастарымыз ата-анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен.     Қарттары бар ел-бақытты ел.

1-Жүгізуші: Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.

Ұлықпан  Хакім мың   жасаған   дейді,  ешкім   мың  жасамайды, тек өсіп-өнген,

тәрбиелі   ұрпағымен   мың   жасайды. Ия, ұрпағының  өсіп,  жетіліп, айналасына

үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар?

2-Жүгізуші: Қазақтың  басқа  халықтардан  айырмашылығы – “Ұрпағым”  деп  шыр-пыр

болатыны. Ол   үшін   көзсіз   көбелектей   отқа   түсетіні. Бұл- біздің ең   ұлы

ұлттық қасиеттеріміздің    бірі. Ал   ұрпақтың  ата-ана   алдындағы  борышын

өтеу үшін жасап жатқан  ынта-жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып,

зейнеткерлерге жағдай  жасау.  Президентіміздің  жыл   сайынғы  халыққа

жолдауында   арнайы қаралып, оларға қамкорлық ел эканомикасының өсімімен

қатар өсіп келеді.

Сұрақ-жауап.

1-Жүгізуші: Келесі кезекте бейне көрініске назар аударайық

(сұрақ жауап)

 2-Жүргізуші: Ендеше Жұмағали Әсемайдың мәнерлеп оқуында  М.Мақатаевтың «Мен қарттарды сүйемін» өлеңін тыңдайық

1-Жүргізуші: Баталы құл – арымас,                                                                      Батасыз құл жараымас                                                                                        Батамен ел көгереді – дейді дана халқымыз

2-Жүргізуші: Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші және жақсылықтың бастауы. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, таланты жастарға, көптің  жүгін көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.

Батаға кезек берейік!

1-Жүргізуші

Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.

Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады

Құрметті қонақтар, сіздердің уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет.

Ән: «Ата – әже»

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *