Мектепке дейінгі бала тәрбиесінде діни және рухани тәрбиенің маңызы.

 

       «Өзін-өзі тану» Адамның

      үйлесімді дамуы гуманитарлық

      колледжінің оқытушысы Е.А.Айдарханбеков

Мектепке дейінгі бала тәрбиесінде діни және рухани тәрбиенің маңызы.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Біздің қоғам арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральді әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұруы керек» дегендей бұл айтылғандардың бәрі сайып келгенде тәрбиеге келіп тіреледі.Дүниедегі ең ауыр және ең маңызды іс- адам өсіріп оны жетілдіру.Бір адамның жетілуінде көптеген факторлардың әсері болады. Бұлардың ішінде ең маңыздылары: жанұя, қоршаған орта, оқу орны және бұқаралық ақпарат құралдары.

Атақты қобызшы Қорқыт ата былай деген екен: «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман», «Мен-мен, тәкәппар адамды тәңірі сүймейді»…

Әлемдегі барлық бала тәрбиесінің ең алғашқы алтын ұясы ол әрине-отбасы және ондағы жауапты тұлғалар. Баланың сол ортадан не көрді, не істеді соны қайталаушы. Яғни отбасы айнасы сол отбасындағы өз бойына сіңірген жақсы немесе жағымсыз тәрнбие үлгісінің көрінісі. Бала өз отбасында толыққанды дұрыс тәрбие алу үшін бір уақыт ата-анасы және отбасы мүшелері бала ойы мен оның қалауларымен санаса білгені жөн. Ашылып әңгіме айтқан бала өзінің ішкі дүниесін де ақтарып береді.Әр кезде әр нәрсені дұрыс түсінуге бала ақылы жете бермейді. Қателесуге барлық бала құқылы екенін көптеген ата-аналар түсіне бермейді, қателіктерге бой ұрдырса оны жазалап жатады, алайда ол бала психикасына кері әсер етеді.

Сәбиге туған кезден бастап  жақсы тәрбие беру керек. Оның тыныш, мамыражай жағдайда өскені жөн. Оған қатты дауыс көтеріп ұрсуға, жекуге, қорқытуға болмайды. Сондай-ақ  айқай- шу, төбелес сияқты жағымсыз көріністер көрсетілмеуі тиіс. Мұндай  іс-әректтер баланың жүйке-жүйесіне теріс әсер етіп, оның ақыл-есінің кемуіне әкеп соғуы ықтимал. Ата-ананың балаға дұрыс үлгі болуы- игі ұрпақ тәрбиелеп шығарудың басты талабы. Сәбидің дамуындағы ең маңызды кезең оның өмірінің алғашқы он жылдығы болып саналады. Педагог-психологтардың айтуынша, баланың ақылдылық, интелектуалдылық қабілетінің 80 пайызы алғашқы жеті –сегіз жылда ашылып, жетіледі, сондай-ақ , тұлғалық жан-жақты және үйлесімді қалыптасуы да осы кезеңде жүреді.

Бала үшін алғашқы екі жылдағы тәрбиенің маңызы өте зор. Себебі, бұл сенімділік, шынайлылық сезімдерінің іргетасы саланатын кезең. Сондықтан да осы кезең нәрестеге тұрақты әрі үйлесімді сүйіспеншілікпен, үлкен мейірім-шапағатпен қарау керек.

Басты мәселе баланы кім қарап жатыр емес, сүйіспеншіліктің тұрақты болуында. Көптеген тәжірибиелерге қарасақ, жиі өзгеріп отыратын ортада өскен балалардың бойында уақыт өте келе қоршаған ортаға деген сенімсіздік пайда болады.Мысалы, Филиппин елінде жүргізілген тәжірибелерде балалық шағында сүйіспеншілік пен ыстық ықыластың құшағында өсен балалар есейген кезеңде аса сабырлы, байыпты әрі ұстамды болып қалыптасқан.

Бала тәрбиесінің басты ұстанымдарын былайша бөлуге болады:

Жаңа туылған нәрестеге мейлінше сүйіспеншілікпен, мейірім — шапағатпен,  ыстық ықыласпен қарау керек. Алғашқы кезеңінде мұның барлығын оның анасы береді. Алайда, мейірімнің де орны өз мөлшерімен болуы тиіс.

        Өзін-өзі ұстай білу, сабырлылық сезімін қалыптастыру. Қалауын орындату талабы нәрестенің бойында алғашқы кезеңінің өзінде –ақ пайда болады. Бала бойындағы шыдамдылық пен төзімділік, достасу мен кешіре білу шамадан тыс еркелік сияқты кейбір жат қылықтарды тежеу, дұрыс тәрбие беру анасына байланысты.

Балаға өтірік айтуға болмайды. Қандай жағдай болмасын балаға жалған  сөйлемеген жөн. Бұған Пайғамбарымыз (с.ғ.с)  мына хадисі  дәлел  Абдуллаһ ибн Амир (р.ғ) былай дейді: « Бір күні үйімізде Алла Елшісі (с.ғ.с) отырған кезде анам: «Бері кел, бірдеңе беремін», — деп мені  шақырып алды. Сонда Алла Елшісі (с.ғ.с) : « Оған не бермекші едініз?» -деп сұрады. Анам: «Бір түйір құрма бермекші едім», -деді . Сонда Алла Елшісі (с.ғ.с): «Егер ештеңе бермегеніңде, саған бір өтірік жазылар еді», -деді.

Ата-ананың жақсы үлгі болуы. Алғашқы кезеңде нәресте айналасындағы   адамдарға еліктейді. Ал 5-7 жастан бастап жаман мен жақсыны ұғына бастайды. Осы уақытта оған жақсы достар керек. «Ұлың өссе ұлы жақсымен көрші бол, қызың өссе қызы жақсымен көрші бол»  деп қазақ  халқы бекер айтпаған.

Жақсы білім беру.Жалпы бала тәрбиесінде ислам дінінің қайнар бұлақтары – Құран мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетіне сүйену.

Тәрбиенің басты ұстанымдары.Жанұя қарумен бірге  ата-аналардың ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершіліктері де аса зор. Балалық шақ  жәнек жасөспірімдік кезең адам өміріндегі  сенім мен мінез-құлық сияқты басты ұстанымдардың қалыптасатын кезеңі.

«Әрбір туылған сәби фитрада ( «әуелгі таза болмыста» -яғни ешнәрседен бейхабар пәк болып) туылады. Кейін әке-шешесі оны не яһуди, не христиан, не отқа табынушы қылады.

Ата-аналардағы қателіктердің тағы бірі-баланы неден болса содан тиып, іс-әрекетін, қызығушылығын шектей беру.Баланың қате қылығын тыйған кезде, оның дұрыс жолын да көрсету керек.Олай болмағанда, бала істеген қателіктерін қайта жасауы неесе қырсық мінезділікке бейімделуі әбден мүмкін.

Адамгершілік тәрбиесі балаларды адамгершілік  ұғымды, принциптерді, інез-құлық нормаларын ұғу жайындағы біліммен қаруландырады. Сонымен қатар, ол адамның ішкі жан-дүниесінің әсемділігінен бастап, оның сыртқы келбеті, ой әсемдігі мәселелерін қамтиды. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны: тәртіптілік пен ұйысмшылдық; достық пен жолдастық; шыншылдық пен әділдік, еңбек пен өз мінез-құүлқынасын көзбен қарай білу сияқты қасиеттерін қамтиды.

Балабақшадағы адагершілік тәрбиесі біздің өміріміздің тек осы кездегі талаптарын ғана емес, болашаққада бағытталуы керек. Бала қаншалықты білімді болғанымен оның адамгершілік қасиеті жетіспей жатса, оның жолдастары арасында  болмағаны былай тұрсын, жақсы азамат та бола алмайды.Рухани тәрбиені бойына сіңіре өсу ол ұзақ жылдар арқылы қалыптасатын аса маңызды тәрбие бөлігі болып табылады.

Балалар бойында жалпы адамзаттық қалыптармен қатар гуманистік, моральдық(қарапайымдылық, ізгілік, өзара түсінушілік, ізеттілік, кішпейілділік, адалдық) тәрізді жалпы адамзаттық жасампаз қасиеттерді сіңіріп, олардың өзара қары-қатынас мәдениеті мен зерделік –танымдық қасиеттерін дамытуға ерекше мән беруіміз керек.

Ұлы педагог Ыбырай Алтынсарин: « Адамгершілікке тәрбиелеу құралы- еңбек пен ата-ана үлгісі». Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік – рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезеңінен басталуы керек. Рухани-адамгершілік тәрбие екі жақты процесс.Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардығ,балаларға белсенді ықпалы, екінші жағынан тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді.

Рухани адамгершілік тәрбиені жетілдіру мемлекеттік міндет деңгейінде көтеріліп отыр. Бұл міндеттің практикалық шешімі  — «Өзін – өзі тану» пәнінің енгізілуі, оның авторы С.А. Назарбаева. Өзін – өзі тану пәнінің басты міндеті- өзінің дүниетанымына үңілу, өзіңді сүю мен сыйлай білу, өз ісіне жауапты болу, өз арыңмен келісімде өмір сүру, өзіңнің жанына жақын іспен айналысу, адамдарға мейірімділік таныта білу, ізгілікті болу. Тәжірибе көрсеткендей, өзін- өзі тану білім берудің құнды мәнін нығайта отырып, тұлғаның шексіз сүю, өз ісіне және жеке күшіне сену, ізгілікті іс жасау, көп білу және өзін –өзі жетілдіру, физикалық, психикалық, рухани дамуда үйлесімдікке қол жеткізу дағдыларын қалыптастырады.Бұл пән балалардың өзара қарым – қатынасын дамытуына ғана емес, сондай –ақ баланың өзін – өзі тануына адамгершілік негіздерін жинақтауына, сана- сезімінің қалыптасуына, қоршаған ортамен махаббат, ізглік және өзара түсіністік негізінде өзара қарым – қатынас құра білуіне, бір тұтас тұлғаның қалптасуына әсер етеді.

В.А. Сухомлинский: «Егер баланы тәрбиелеген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруге тиімді ықпал жасайды» дей отырып, «Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады»,- деген болатын.

Рухани дүниесі бай, қажеттіліктері мен қызығушылықтары, талғамы, ой-өрісі кең адамдарды толық қалыптасқан, мінезі тұрақты адам дейміз. Мінездің тұрақтылығы адамның рухани-адамгершілік түсініктерінен туындайды. Ендеше, оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбиесі арқылы толыққанды жетілген азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың басты мақсаты. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде мұғалім оқушыны тұлға ретінде танып біліп қана қоймай, оның дамуында кешегіні, бүгінгіні, болашақты көре білуі қажет.

Түйіндей келе, адамгершілік тәрбиесі – бұл адамның туғаннан басталатын және өмір бойы  жалғасатын, адамдардың  мінез- құлық нормаларын игеруіне бағытталған үздіксіз үрдіс. Оның мазмұны оқушының жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу шеңберінде дамиды. Сондықтан оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыруда оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру маңызды орын алмақ.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *