«Мен тәрбиешімін»

Бала жүрегі-кішкентай күй сандық,
Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады
Ұстаздың қолында әр кезде ,
сол кілт жүруі керек.
М.Шаханов.

Мен – тәрбиешімін, болашақ ұлтты тәрбиелеушімін. Осы тіркес көкірегіме мейірімділік пен өзіме деген сенімділікті ұялатады.
Тәрбиеші болу мен үшін тек жұмыс, міндет қана емес, осы жұмыс арқылы мен өмір сүріп жатқанымды сезінемін. Әр адам өз өмір жолын өзін таңдайды.
Маған тағдырдың жазуымен біздің болашағымыз – біздің балалармен бірге болу берілгені – өз өмір салтымды дұрыс таңдағаным деп білемін.
Әрбір ана баласымен бірге балалық шақты өткізгенде бақыт құшағына енеді. Ал мен болсам, балалық шаққа әр күн сайын енемін. Әр күні олардың сүйкімді жүзідерімен, тәтті қылықтарын көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы. Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді.
Мен тәрбиешімін… Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығының өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады. Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кем де кем, мүмкін бұл мамандық содан киелі шығар…
Балаларды ойлау , оларға қамқоршы болу, оларды сүю – бұл әр адамның басына берілген ең ғажап сезім.
Балаларды «өмір гүлі» десе, тәрбиешілерді «бағбандар» деп атау тегін емес. Сол себепті маған жер бетіндегі ең қымбат қазына-балаларға ақыл, мейірім, мәңгілік сияқты асыл қасиеттерді себу жүктелген.
«Тәрбиеші деп мамандықты оқып, қолына диплом алған адам емес,тәрбиеші деген ол осы ұлағатты есіммен бірге жасайтын ұлы тұлға. Мамандыққа деген сенімділік сирек кездеседі, ол тек соған құрбан еткенде ғана дәлелденеді.»
Біреулер мақсатты түрде тәрбиеші болады, олар мектеп табалдырығынан бастап осы мамандықтың құндылығын түсініп, сол мақсатқа жетуге бар күш-жігерін салады.
Біреулер үшін бұл жол-қиын да соқтықпалы болуы мүмкін. Бұл тағы бір мұғалім мамандағының өмір екенін дәлелдейді, ал өмір әр қилы кезеңдерден өтуі керек.
Осы есімді мақтанышпен алып жүрген адамдарға бір ортақ қасиет бар, ол балаларға өз жүрегің сыйлап, онсыз өмір мәнін елестете алмау.
Л.Н.Толстой жазған: «Егер педагог өз ісіне махаббатпен қараса, ол нағыз маман болмақ»
Егер де тәрбиеші балаға ата-анасы сияқты махаббат сыйлай алса, ол көп кітап оқыған, бірақ балаға деген махабаты жоқ тәрбиешіден әлдеқайда жоғары болмақ.
Жұмыс үрдісі маңызды емес, ең бастысы әр мезетте балалармен өткізген шағың қымбат. Бірақ өмірде бәрі де бір-бірімен байланыста.
Баланың махаббаты ол кез келген марапаттаулардан да артық болады.
Ең жоғары марапат – бұл балалар махаббаты!

«Ұстаздық еткен жалықпас»…деп Абай атамыз айтпақшы, өзімнің ұстаз мамандығын таңдағаныма кейде сондай риза боламын.
Әрбір үйдің еркесі мен тентегін тәрбиелеп, адами қасиеттерді бойына сіңіріп, білімді де, білікті азамат ету тек ұстаздың ғана қолынан келеді. Сүрінсе сүйеп, өмір баспалдағына тәй-тәй бастырып «өмір» атты алаңға шығарып «самғап ұш»-дейтін
де ұстаз.
Мұғалімдік-әлемдегі мамандықтар арасындағы ең-ең біріншісі, қасиеттісі, құдіреттісі, киелісі.
Мұғалім туралы әлемдегі ұлы да ұлағатты
, дана да дара адамдардың данышпандық пікір ойлары өте көп.
Баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін әрине, алдымен тәрбиешінің өзінің жеке басы соған сай болуы тиіс. Бұл тұрғыда белгілі орыс педагогы К. Ушинский былай деген екен: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да,бағдарлама да оның орнын баса алмайды». Шындығында келгенде
, тәлімгердің өзі өзгеге үлгі боларлықтай болуы қажет деген сөз.Яғни оның бойынан барлық адамгершілік қасиеттер:мейірімділік, қарапайымдылық, әділдік т.б. табылуы тиіс. Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі.Ерік-қайраты күшті, мінезге бай жасөспірімдерді қалыптастыру үшін мұғалімнің
жеке басы сол талаптарға сай болуы керек. Тәлімгер мұғалімнің жеке басында, сөз бен ісінің арасында алшақтық болмауы керек деп ойлаймын.
Бүгінгі таңда мұғалім болу, тәрбиеші, тәлімгер болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды.Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау өте қиын.Оның сапасы сызғышпен өлшеп, әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес.Қиыны мен қызығы, талабы менжемісі қатар жүретін өз мамандығымды
қатты жақсы көремін. Өйткені бұл мамандық-менің жүрек қалауым. Сондықтан да мен өз мамандығымды жоғары бағалай
мын.
Мұғалімдік қызмет-адам жанына нәрберетін игілікті жұмыс.
Мұғалімнің сөзі –жан азығы.Ол жан азығы жаныңды өсіреді, жалындатады, қанаттандырады, өмірге қызықтырады, шаттыққа бөлейді, өмір жолын нұрландырады, рухани биіктікке көтереді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *