«Өзін –өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасында ата –ананың рөлі.

«Өзін –өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасында ата –ананың рөлі.
Ата –ана үшін бірінші орында әрдайым бала тұру керек. Бала бойында адамгершілік құндылықты дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйісеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінген ата-ана, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды өз өмірлерінде сүйіспеншілікпен таратса, сол ата- аналарды нағыз білімді ата- аналар деп атауға болады. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен жауапкершіліктері өте зор.
Рухани – адамгершілік білім беруде оқушы, мұғалім, ата-ана өзара қарым – қатынасына негізделген, онда тек оқушы ғана емес, өзіндік рухани ізеніс субектісі ретінде мұғалім мен ата-ананың өзінеде өзгеріп жүру керек.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген. Сондықтанда әке де, шеше де, балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшелерді жете білген жөн. Өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына рухани адамгершілік білімнің қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуде ата-аналармен бірлескен жұмыстың маңызы жоғары. Сол себепті әр баланы рухани керемет күш иесі деп қарап, оның шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына көңіл бөліп, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұратын, мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, жерін, тілін,отбасын сүйетін, еңбекқор адал азамат тәрбиелеп шығарамыз деп сенемін Отбасы – ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі.
Сондықтан оны нығайту керек.
Отбасында тыныштық болса – үйде тыныштық болады;
Үйде тыныштық болса – мемлекетте тыныштық болады.
Мемлекетте тыныштық болса – әлемде тыныштық болады..
СҚО, Шалақын ауданы
Сергеевка қаласы Қазақ орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі: Даукенова А.Р

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *