Ұ дыбысы мен әрпі

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны: 5

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа  әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Музыка, математика сабағы,
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Ұ дыбысы мен әрпі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Балалар бізге бүгін көптеген қонақтар келіп отыр.Қонақтарымызбен амандасайық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Бүгін  ашық сауат ашу   сабағымыздың шаттық шеңберімен бастайық Балалар  сендер ойынды жақсы көресіңдер ме? Біз  «Ойлан тап» ойынын ойнаймыз.Менің қолымда доп бар .Мен допты қай балаға лақтырсам ,сол бала менің қойған сұрағыма жауап беруі керек.

1-сұрақ. Сауат ашу сабағында біз нені үйренеміз?

Сауат ашу сабағында әріптерді,дыбыстарды  үйренеміз.

2-сұрақ.  Әріп деген не?

Әріп дегеніміз дыбыстың таңбасы.

3- сұрақ . Дыбыс нешеге бөлінеді?

Дауыссыз жіне дауысты болып екіге бөлінеді.

4-   Буын деген не?

Сөзде қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болады.

5-сұрақ.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дауысты дыбыстар екіге  бөлінеді жуан және жіңішке.

 

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы

Үшбұрыштар және шаршылар  арқылы топқа бөлу

 

Өткен әріптерді қайталау.

Балалар, қазір «Зейінді бол» ойынын ойнаймыз.
Адасқан әріптерді өз үйлеріне салайық. дауысты дыбыстарды қызыл үйге, дауыссыз дыбыстарды көк үйге орналастырыңдар.
* А, Н, Л, Р,О,Т,У,Ш,С,Д,Ы,М,Қ,Ұ.
-Жарайсыңдар, балалар!

 

 

 

 

 

 

 

Шаттық шебері

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

8 минут

 

 

Жұмбақ

Әжемнің қолында шыр айналар,

Шыр айналса өзіне шыр байланар.    ( ұршық)

 

Балалар, сендер мына затты бұрын көріп пе едіңдер? — Бұл ұршық деген зат. Ұршықпен жіп иіреді. Жіпті малдың жүнінен жасайды. Ал, жүнді малды қырқу арқылы алады. Малдың жүнін қырықтық деген құралмен қырқады. Ертеде фабрикалар болмағанда, жіп жасауға тек осы ұршық затын пайдаланған.

 

Жұмбақты шешеді, алғашқы әріпін айтады.

 

Оқушылар өздерінің білетіндерін ортаға салады.

 

 

-Ұршық  сөзі қай дыбыстан басталып тұр?

Біз өткен сабақта Ұ ұ дыбысымен танысқан болатынмыз.

-Бәріміз Ұ дыбысын айтып көрейік.

-Ол қандай дыбыс?

-Дауысты дыбысты дыбыс.

-Оны қайдан білдіңдер?

-Созып айтуға болады.

 

Ойлан тап!

Ұ дыбысы бар сөзді табу.

Жалбыз,қарбыз,сұр,ас,құр,із,ұл,қызыл,ұшақ,дәрігер,ұршық.

Осы сөздерді буынға бөлу.

Топпен жұмыс

1-      топ       Сурет бойынша әңгімелеу

2-      топ       Жеті атасын айтқызу

 

 

Жұмбақ шешу

Видео,қайталау

 

Сергіту сәті

1 минут

Сергіту сәті

 

Сергіту сәтіне арналған жинақ
Қызықты тапсырма

8 минут

 

Аяқталуы

 

16 минут

 

 

 

Дәптермен жұмыс

 

Жоғалған әріпті тап.Кеспе қағазбен жұмыс.

 

«Буынды буынға қос» сөз құрастыру

ұста   ұршық   ұнтақ    ұтқыр    ұшақ   ұсақ  құлын   құрақ    ұран   құмыра   құлан   құлақ  Ұлан  құмырсқа

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық, дәптерлер.

 

Сабақтың соңы

2 минут

 

Рефлексия

«Бағдаршам » әдісі арқылы кері байланыс

 

 

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?  

Бағалау – смайликтер арқылы.

 

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

 

Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

 

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *