Оқу Білім Республикалық білім порталы

Top Menu

  • Сайт ережесі. Пайдаланушылық келісім
  • Сертификат. Құрмет грамотасы. Алғыс хат

Main Menu

  • МЕКТЕП ПӘНДЕРІ
    • Бастауыш сынып
      • Әдебиеттік оқу
      • Сауат ашу
      • Жаратылыстану
      • Ана тілі
    • Қазақ тілі
    • Қазақ әдебиеті
    • Қазақстан тарихы
    • Алгебра
    • География
    • Информатика
    • Математика
    • Геометрия
    • Биология
    • Физика
    • Химия
    • Алғашқы әскери дайындық
    • Мектепалды даярлық сынып
    • Орыс әдебиеті
    • Дүние жүзі тарихы
    • Құқық
    • Дене шынықтыру
    • Шет ел тілі
    • Ағылшын тілі
    • Орыс тілі
    • Технология
    • Өзін-өзі тану
  • Балабақша
  • Колледж пәндері
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтыңызға кіріңіз
Кілт-сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Сайт ережесі. Пайдаланушылық келісім
  • Сертификат. Құрмет грамотасы. Алғыс хат

logo

Header Banner

Оқу Білім Республикалық білім порталы

  • МЕКТЕП ПӘНДЕРІ
    • Бастауыш сынып
      • Әдебиеттік оқу
      • Сауат ашу
      • Жаратылыстану
      • Ана тілі
    • Қазақ тілі
    • Қазақ әдебиеті
    • Қазақстан тарихы
    • Алгебра
    • География
    • Информатика
    • Математика
    • Геометрия
    • Биология
    • Физика
    • Химия
    • Алғашқы әскери дайындық
    • Мектепалды даярлық сынып
    • Орыс әдебиеті
    • Дүние жүзі тарихы
    • Құқық
    • Дене шынықтыру
    • Шет ел тілі
    • Ағылшын тілі
    • Орыс тілі
    • Технология
    • Өзін-өзі тану
  • Балабақша
  • Колледж пәндері
  • ТӘРБИЕНІҢ ЕҢ ТАМАША МЕКТЕБІ – ОТБАСЫ

  • «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»

  • “Жол белгілерін білейік,аман-есен жүрейік”

  • Бақыттың кілті- балалық шақта

  • “Жабайы жануарлар. Түлкі”

  • Бала құқығы – асыл қазына

  • «Біз-біргеміз» Ұжымға арналған тренинг

  • 2020 жыл Қазан айы 4-ші апта “Ботақан” сабақ жоспары

  • “Үйірме” 2020-2021

  • Күз сыйы

Биология
Home›Биология›Молекулалық биологияның маңызы жоғары

Молекулалық биологияның маңызы жоғары

By admin
18 февраля, 2020
361
0
Share:

Молекулалық биологияның практикалық және теориялық маңызы өте үлкен .

Шырышты қабығы жоқ вирулентті емес бактериялар мутация арқылы пайда болады. Олар қоректік ортада кедір-бұдыр колонналар (R- штамм) түзеді. Тышқандарға осындай бактерияларды енгізсе, онда олар фагоцитоз нәтижесінде бактериялық клеткаларды жойып, тірі қалады.

Бірақ вирулентті S-бактерияларымен инъекцияланған тышқандар өкпесінің қабынуынан өледі, өйткені бұл бактериялардың сыртын өздері сиптездейтін шырышты қабық жабады. Ал, алдын ала қыздыру арқылы өлтірілген S-бактериясымен (шырышты қабығынан айырылған) инъекцияланғаи тышқандар да тірі қалады.

Ф. Гриффитс тышқандарға пневмококтың R-штамын және қыздыру арқылы капсуласынан айырылған S -штамын бірге инъекциялайды. Бұл арада, күткен нәтиженің— тышқандардың тірі қалуының орнына, олардың барлығы өліп қалды. Пневмониядан өлген тышқандардан шырышты қабығы бар S -вирулентті штамм бөлініп алынды. Демек, S -штамының вируленттік қасиетін анықтайтын зат R-штамына өтетіні анық болды. Осыдан келіп, Гриффитс вирулентті емес S–штамм, вирулентті штамға ауыса (трансформациялана) алады деген қорытынды жасады. Құбылыстың өзі трансформация деп, ал бактерияның қасиетін өзгертетін зат — трансформациялаушы фактор деп аталады.

Көп жылдар бойы трансформациялаушы фактор және оның субстанциясы жұмбақ болып келді. Тек 1944 ж. американ бактериологтары О. Эвери, К. Мак-Леод және М. Мак-Карти трансформациялаушы фактор яғни тұқым қуалау қасиетін өзгерте алатын зат — ДНҚ екендігін атап көрсетті. Олар өсіп жатқан R-бактериялар себіндісіне (культурасына) S–штамнан тазартылып алынған ДНҚ қосылса, кейбір к-бактериялар полисахаридті қабық түзетінін байқады Кейін Эвери және оның қызметкерлері трансформациялаушы фактор тек дезоксирибонуклеаза ферментінің әсерінен жойылатынын нақты деректерімен көрсетті, ал бұл ферменттің тек ДНҚ молекуласын ғана ажырататыны бұрыннан белгілі болатын.

Сонымен О. Эвери өз қызметкерлерімеи бірге бактериялардың жаңа қасиеті ДНҚ-ға байланысты, яғни, тірі организмде генетикалық информацияға ДНҚ жауапты деген қорытындыға келді. Бірақ олар ашқан жаңалықтың іргелі мән-мағынасы әр түрлі себептермен өз уакытында бағаланбады. Біріншіден, ДНҚ-ны химиялық құрылымы айқын емес еді: ДНҚ — химиялық тұрғыдан жеткілікті түрде күрделі ұйымдастырылмаған қосылыс, сондықтан да ол өсімдіктер мел жануарлардың өсуіне қажет орасан көп информацияны өзіне сақтай алмайды, екіншіден, белоктың құрылысы өте күрделі, сондықтан да болар, сол кезде гендер белоктан тұрады деген пікір қалыптасқан еді. Ақырында, бактерия мен жоғары сатыдағы организмдердіц генетикалық информациясының жалпы принциптері бірдей деп қаралмады. Осыған байланысты бактерияларда тұқым қуалайтып зат — ДНҚ, ал жануарлар мен өсімдіктерде басқа зат болар деген жорамал айтылды.

Тұқым қуалауда ДНҚ-ның басты роль атқаратынын 1952 ж. А. Херши мен М. Чейз бұлтартпай дәлелдеп берді. Олар тәжірибені Т2 бактериофагына жүргізді. Бұл вирус ДНҚ-дан және белок қабығынан тұрады. Фагтың белокты қабығы радиоактивті күкіртпен (S35), ал ДНҚ-сы радиоактивті фосформен (Р32) белгіленді. Бактерияны радиоактивті элементтермен белгіленген фагтармен жұқтырғанда фосфордың клеткаға енгені, ал күкірт оның сыртында қалғаны байқалды. Бактерия клеткаларыпда көптеген жаңа, пісіп жетілген фагтар пайда болды Бұдан бактерияға фаг ДНҚ-сы өтеді, жаңадан түзілгеп фагтардың барлық қасиеттері ДНҚ-ның бақылауында болады деген қорытынды жасауға болады.

Сол кездерде бұл құпияны — ДНҚ құрылымын шешу — ғалымдар арасында қызу бәсеке тудырды. Алайда ДНҚ құрылымының кеңістіктегі моделін бірінші болып 1953 ж. Дж. Уотсон мен Ф. Крик ұсынды.

1952 жылы Р. Франклин және М. Уилкинс ДНҚ-ның жоғарғы сапалы рентгенограммасын түсірді.

Осы рентгенструктуралық талдаудың және ДНҚ-ның химиялық құрамын біле отырып, 1953 жылы Д. Уотсон жөне Ф. Крик оның молекулалық моделін құрастырды. Бүл биология тарихындағы ең үлкен жаңалықтың бірі болып табылады. Ол аденин мен тиминнің, гуанин мен цитозиннің бір-бірімен байланысы химияның заңдылығына еш қайшы келмейтінін анықтады. Мұндай модель Чаргаффтың зандылығына сай келді.

Модель бойынша ДНҚ молекуласы қос тізбектерден құрылған. Оралмаға оралған екі тізбек бір-бірімен азотты негіздер арасында пайда болатын сутекті байланыстар арқылы жалғасады. Әдетте бір тізбектегі аденинге екі сутекті байланыс арқылы екінші тізбекте әрқашанда тимин, гуанинге цитозин сәйкес келеді (А-Т, Г-Ц). Осындай бір-бірін толықтыра алатын, яғни өзара сәйкес келетін тізбектер комплементарлы деп аталады. Оралмадағы әрбір пурин не пиримидин негізі дезоксирибозамен байланысып, нуклеозида құрайды. Нуклеозидалар бір-бірімен фосфодиэфир байланысы арқылы қосылады. Табиғи ДНҚ-да фосфодиэфир байланысы дезоксирибозаның үшінші және бесінші көміртектері арасында пайда болады, сол себептен ол 3’—5′ байланысы деп аталады. ДНҚ тізбектері бір-бірімен антипараллелъді: қос спиральдің өсі б-йымен ойша бағыт алсақ, онда біз 3’—5′ нуклеотидаралық байланыстан 5’—3′ байланысына қарай өтеміз яғни тізбектіц бағыты қарама-қарсы

ДНҚ оралма өсінің айналасында әрбір негіз жұбы келесі негіздер жұбына 36°-қа айналған. Сонда негіздердің 10 жұбы 360°-қа толық айнальш жатады. Қос оралма диаметрі шамамен 20 нанометрге тең (1 нм-10~9 м). ДНҚ-ның оралмасында науашықтар бар: кіші (екі 12А°-ге жуық) және үлкен (екі 22 А°-ге жуық). ДНҚ-ның қос оралмасы оң жақты: оралма өсін бойлап қараса, оның айналымы сағат тілінің жолына сәйкес келеді. ДНҚ-ның осындай стандартты Уотсон-Крик моделі В — форма деп аталады. Полинуклеотидтің кристалдарын (олигопуклеотид деп аталынатын қысқа тізбектер рентгенограммалары) зерттеу нәтижесінде оң жақ ДНҚ-ның басқа түрлері (А және С — формалар) және сол жаққа айналған формаларының бар екендігі анықталды.

  1. Резерфордтың атомның құрылысын ашуы адамзатқа шексіз энергия көзін берсе, Уотсон-Крик және Уилкинстердің ДНҚ-ның құрылысын ашуы организмге жаңа қасиет бере алатын ген инженериясының әдісін ашты.
Previous Article

«Латын әліпбиіне көшу – біздің ортақ міндетіміз!»

Next Article

ұзын құлақ сұр қоян

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

Related articles More from author

  • БиологияДеңгейлік оқытуҚысқа мерзімді жоспар

    Жасуша ядросы. Хромосомалар мен гендер

    14 октября, 2016
    By admin
  • Биология

    Бактериалды тыңайтқыштар

    30 мая, 2019
    By admin
  • Биология

    Басқа шаян тәрізділер. Шаян тәрізділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

    12 марта, 2017
    By admin
  • Биология

    Сүйектердің құрамы,құрылысы,олардың пішіндері мен қызметі. Сүйектің ішкі құрылысы.Сүйектің қызыл және сары кемігі

    30 января, 2018
    By admin
  • Биология

    Тіршіліктің пайда болуы мен мәнін түсіндіретін алғашқы ғылыми талпыныстар

    16 мая, 2020
    By
  • Биология

    Өсімдіктердің табиғатпен биологиялық байланысы

    6 января, 2017
    By admin

Leave a reply Отменить ответ

Сізге ұнауы мүмкін

  • Жалпы рубрика

    КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ АТА-АНА

  • Баяндамалар

    Сындарлы оқытудағы мұғалім рөлі

  • Орыс тіліРусский язык

    Имя прилагательное как часть речи

Жаңа жарияланымдар

  • ТӘРБИЕНІҢ ЕҢ ТАМАША МЕКТЕБІ – ОТБАСЫ
  • «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»
  • “Жол белгілерін білейік,аман-есен жүрейік”
  • Бақыттың кілті- балалық шақта
  • “Жабайы жануарлар. Түлкі”
  • Бала құқығы – асыл қазына
  • «Біз-біргеміз» Ұжымға арналған тренинг
  • 2020 жыл Қазан айы 4-ші апта “Ботақан” сабақ жоспары
  • “Үйірме” 2020-2021
  • Күз сыйы

Жаңа жарияланымдар

  • ТӘРБИЕНІҢ ЕҢ ТАМАША МЕКТЕБІ – ОТБАСЫ
  • «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»
  • “Жол белгілерін білейік,аман-есен жүрейік”
  • Бақыттың кілті- балалық шақта
  • “Жабайы жануарлар. Түлкі”
  • Бала құқығы – асыл қазына
  • «Біз-біргеміз» Ұжымға арналған тренинг
  • 2020 жыл Қазан айы 4-ші апта “Ботақан” сабақ жоспары
  • “Үйірме” 2020-2021
  • Күз сыйы

Күнтізбе

Январь 2021
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Дек    

Жалпы мәліметтер

OQU-BILIM.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     o-bilim@mail.ru

Сайт материалдарын басқа сайттарға немесе жобаларға, коммерциялық жобаларға сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.

Яндекс.Метрика