Тістің құрылысы және гигиенасы.

8 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Тістің құрылысы және гигиенасы.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік. Оқушыларға тістің құрылысы, тістің эволюциясы және гигиенасы туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық.Қосымша мәліметтер беру арқылы оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттырып,танымдық ой өрісін дамыту.
3. Тәрбиелік. Оқушылардың тісті күтуге, тіс ауруларының алдын алуға және гигиеналық тәрбие беру.
Пәнаралық байланыс: химия, физиология.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар,
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Асқорыту мүшелері»
Асқорыту тақырыбы бойынша сұрақтар қою.
1. Асқорыту жүйесіне жататын мүшелерді атаңдар.
2. Ауыз қуысының құрылысы қандай?
3. Асқазанның орналасқан орнын және құрылысын сипаттаңдар.
4. Тоқішектің құрылысы мен атқаратын қызметі.
5. Тіл қандай қызмет атқарады?
«Асқорыту мүшелерінің орналасуы»

1-бауыр; 2- өңеш;3- асқазан; 4-ұйқыбез; 5-ұйқыбездің өзегі; 6-ұлтабар (он екі елі ішек);7- өт қабының өзегі; 8-өт қабы.
«Мәтіндегі қатені табыңыздар»
Ауыз қуысынан кейінгі мүше –асқазан. Асқазан көкет арқылы өтіп, ХІ кеуде омыртқасы деңгейінде орналасады. Тағам асқазаннан тоқ ішекке түседі.Тік ішектің өсіндісі аппендиксі болады. Ұйқы безі бөлетін секреті –өт.Бауырдағы көмірсулар қоры амилаза деп аталады.Асқорыту жолының қабырғасы екі бөліктен тұрады. Бауырдың массасы 150 гр.
Жауаптары: жұтқыншақ, өңеш, аш ішек, тоқ ішек, бауыр, гликоген, үш, 1500гр.
«Сандар сыры» жазылған карточка беріледі.
1. 1,5-2 м (тоқ ішектің ұзындығы)
2. 5-7 м (аш ішектің ұзындығы)
3. 11-13 см (жұтқыншақтың ұзындығы)
4. 60-65 % (адам денесіндегі судың орташа мөлшері)
5. 25 см (өнештің ұзындығы)
6. 2-3 л (асқазан сыйымдылығы)
7. 8-10 м (асқорыту жолының ұзындығы)
8. 1,5-2,5 л (тәулігіне қажет су мөлшері )
ІІІ.Жаңа сабақ.
Жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
Отыз екі мықты,
Қаз-қатар боп шықты.
Он алтысы үсті,
Он алтысы асты (тіс)
Әрбір тістің қаптамасы, мойыны, тіс түбірі болады.

Тіс үш қабаттан тұрады

Сыртқы- эмаль ортаңғы-дентин ішкі –пульпада
Тіс эмалі-адам денесіндегі ең қатты ұлпа. Эмальдың бұл қасиеті, оның құрамындағы бейорганикалық заттарға тікелей байланысты. Тіс эмалының 95% -ы кальций фосфатының қосылысынан тұрады.Бұдан басқа оның құрамында F (фтор), Cu (мыс),
Zn (мырыш), Fe (темір), Si (кремний ) және т.б. заттар кездеседі.
Тістің келесі бөлімі – тіс мойыны.Тіс мойыны жақ сүйектеріндегі тіс ұяшықтарына цемент заты арқылы бекиді.Тістің үшінші бөлімі – түбірі.Тіс түбірі жақсүйектердегі арнайы ұяшықтарда орналасқан.Күрек және сойдақ тістердің түбірі бір-бірден болса, азу тістердің түбірі екеу немесе үшеу.Тіс түбірінің ұшында кішкене тесік болады. Осы тесік арқылы тістің ішіне қан тамырлары мен жүйкелер енеді.Тістің жұмсақ бөлігі – пульпа қан тамырлары мен жүйкелерден құрылған.
Тістің негізгі бөлігін дентин (латынша «dens»-тіс) заты құрайды. Дентин өте тығыз сүйек ұлпасынан түзілген.Микробтардың әсерінен тістің дентин затының бұзылуынан болатын ауру тісжегі (кариес) деп аталады. Ауру тістер адам организміндегі басқа мүшелерге (жүрекке, бүйрекке, буындарға және т.б.) кері әсерін тигізеді. «Ауру ауыздан кіреді», «Тіс бүлінді дегенше, іш бүлінді. Іш бүлінді дегенше, іс бүлінді» деген сөздер тіс ауруының ішкі мүшелерге әсерін айқындайды.
Адамның да тістері басқа сүтқоректі жануарларға ұқсас жеке топтарға бөлінген.
Тістер
күрек үлкен азу тістер
сойдақ кіші азу тістер

Ересек адамдарда 28-32 тұрақты тіс болады.Олар үстіңгі және астыңғы жақсүйектердегі арнайы тіс ұяшықтарында орналасқан.
Тісті тазалауда белгілі ережені сақтаған жөн.
1.Жылы сумен ауызды бірнеше рет шаю
2.Арнайы тіс щеткасымен алдыңғы, артқы тұстарын мұқият тазалау.
3.Тіс щеткасымен тістердің арасымен жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға қарай ысқылау.
4. Тістердің ауыз қуысына қараған ішкі беттерін тазалау қажет
Тіске пайдалы және зиянды тағамдар туралы мәлімет беру.
Тіс гигиенасы:тісті дұрыс тазарту (видеоролик)
IV.Сабақты бекіту:
1. Тістің құрылысын белгілеңіз.

2.Терминдер кабинеті
Берілген терминдердің анықтамаларына стрелка қою арқылы белгілеу.
1 Тіс эмалі Жақсүйектердегі арнай ұяшықтарда орналасады
2 Тіс мойны Тығыз сүйек ұлпасынан түзіледі
3 Тіс түбірі Адам денесіндегі ең қатты ұлпа
4 Дентин Микробтардың әсерінен тістің дентин затының бұзылуы
5 Тісжегі Жақ сүйектеріндегі тіс ұяшықтарына цемент арқылы бекиді

3. Сұрақтарға жауап беріңдер:
1.Ересек адамда тістің жалпы саны нешеу, олар қандай топқа бөлінеді?
2.Сүт тістер мен тұрақты тістер қанша жаста шығып қалыптасады?
3.Ең соңғы үлкен азу тістер неше жаста шығады?
4.Тісжегі дегеніміз не?
5.Сендер тістеріңді қалай күтесіңдер, қандай тіс пастасын пайдаланасыңдар?
V. Үй тапсырмасы: Пр.43, 196-199 бет. 5 сұрақтан тұратын тест құрастыру.
VІ. Бағалау.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *