Балабақшада ТРИЗ әдісі арқылы баланың тілін дамыту

 

Балабақшада ТРИЗ әдісі арқылы баланың тілін дамыту

 

Балабақшадағы оқу-білім беруге арналған инновациялық қызмет -мектепке дейінгі білім беру ұйым педагогтарының кәсіби дамуының ең басты факторы

болып отыр. Қазіргі заманның инновациялық қызметі — педагогтарға нақты бір жетістіктерге жетуге көмектеседі. Нақтылап айтқанда, балаға саналы-сапалы білі мен тәрбие беру олардың қызығушылықтарын аттырады. Осы орайда балалардың танымдық қабілетін дамыту, білім сапасын арттырумен қатар ақыл-ой шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру үшін, тиімді

әдіс-тәсілдерді іздестіру керек.

ТРИЗ технологиясын барлық пәндерде пайдалануымызға болады. Бұл технология баланың тілі, ой-өрісі, шығармашылығының дамуына, сыни ойлауына, әртүрлі мәселелерді шешуде белсенді болуға үйретеді. Балалар

жеке жұмыс істей алатынын естен шығармау қажет. Шығармашылық, психологиялық тұрғыдан жұппен және үш адамдық топпен жұмыс жасау өте пайдалы. Бұл жағдайдың өзіндік қиындықтары бар, бірақ біз тәрбиелеудің

басқа қосымша мүмкіндіктеріне жол аша аламыз. Мектеп жасына дейінгі баланың тәжірибесі — ол айналамен танысудың жолы. Оны оқытудың жай ғана бір түрі деп қарастырмай, барынша жақын негізгі жол деп білуіміз қажет. Жоғарыда айтылған ұжымдық жұмыстар балалардың тәжірибе алуына мүмкіндік жасайды. Оқу – қызметі барысында баланың зерттеу белсенділігіне шек қоюға болмайды. Сондықтан біз зерттеу іс-әрекетімен айналысудың бірқатар әдістеріне тоқталамыз. Мысалы, арнайы сабақтар, балабақшадағы қарапайым және дәстүрлі әрекеттер. Балалар зерттеуінің тақырыптары қандай болуы мүмкін? Зерттеу жұмыстарының тақырыптарын

үш негізгі топқа біріктіруге болады. Фантастикалық,эмирикалық, теориялық тақырыптар.

ТРИЗ технологиясында балаға қоршаған ортамен қарым-қатынаста болатын жеке-дара субьект ретіндегі рөл беріледі. Бұл қарым-қатынасқа әрекет етудің барлық кезеңдері енеді: мақсат қою, жоспарлау және ұйым-

дастыру, мақсаттарды іске асыру, әрекет нәтижелерін анализдеу. Дамыта оқыту тұлғаның қасиеттері жиынтығының тұтастығын дамытуға бағытталған. Бұл технология тәрбиешіге өз бетімен жұмысты дамытуға, психикалық жаңа құрылымдардың ішкі үрдістерін қозғалысқа келтіруге мүмкіндік береді.

Генрих Саулович Алыпуллер- өнертапқыш, жазушы-фантаст. ТРИЗ технологиясының авторы. ТРИЗ әдістемесінде ең алдымен әртүрлі жағдайлардың шешімін табу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, жауаптың жүйелі құрылуы, ерекшелігі ескеріледі. Бағдарлама баланың тапсырманы өздігінен шығармашылық тұрғыда шешуіне мүмкіндік береді. Берілген технологияның бағыттары: шығармашылық әрекетке үйрету, шығармашылық киялдың әдіс-амалдарымен таныстыру, өнертапқыштық есептерді шығаруға үйрету.

ТРИЗ элементтерін көптеген оқу іс-әрекеттерінде орнымен қолдануға болдаы. Мысалы, серуен кезінде «Караторғай», «Аю тұрған орманда», «Сұр көжегім отырады», «Серуенге тауық шықты», «Себетті біз аламыз»,

құммен ойнау кезінде «Бауырсақты пісіремін» қозғамалы көріністерін көрсетумен қатар баланың сөздік қорын молайтуға болады. Балаларды қоршаған ортамен таныстыруда төмендегі ойынды үлгіге алуға болады:

ТРИЗ «Жақсы — жаман». Қыс- жақсы, өйткені қар жауады.Қар жауады — жаман, өйткені омбылар көп, жол таба алмайсың.

Омбылардың болуы — жақсы, өйткені шанамен сырғанауға болады.

Сырғанау — жаман, өйткені құлап қалуың мүмкін.

Осындай әдісті математика сабағында да қолдануға болады:

ТРИЗ «Қосу — азайту».

Аю “қыс-қысқы ұйқы.

Қоян “ қыс-ақтон,

Тон — аяз “- адам,

Қар -“ ойын — қар лақтыру,

Ағаш — жапырақ — қысқы ағаш.

Байқағандай, бұл әдістер арқылы бала танымы, тілі, қиялы шарықтайды.

ТРИЗ технологиясының әдістері тіл дамыту, көркем әдебиет сабақтарында кеңінен қолданылады. Тақпақ, өлең шумақтары, жұмбақтар және жаңылтпаштар жаттағанда пиктограмманы қолдану өте қолайлы. Сонымен қатар, сабақ тақырыбына орай, әр түрлі әдіс-тәсілдерді; ребус, сөзжұмбақ, сөздік ойындар: «Жақсы-жаман», «Иә- жоқ», «Ал егер де…» қолдану тиімді. Мына үлгіні мысалға алуға болады:

ТРИЗ «Сөзді жалғастыру».

Аяз — Жаңа жыл — Аяз Ата- сыйлықтар — шырша -шана- сырғанақ.

Аяз- қар- мұз- хоккей.

Қазақ және басқа да халықтардың ауыз әдебиеті мен балалар әдебиеті шығармаларына эмоционалдық ықыласты дамыту, көркем әдебиет сабақтарында ТРИЗ технология әдістерін қолдану тиімді. Берілген әдістер

арқылы балалар ертегіні өздігінен, яғни, бала тілімен құрастыруға үйренеді. Өздері жаңадан ертегі шығаратын болады. Ертегілердің жағымды-жағымсыз кейіпкерлерінің мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы балаларды әдептілікке, тапқырлыққа, адамгершілікке, шыншылдыққа тәрбиелеуге болады.

Сонымен бірге, осы әдістерді жағдаятты ойындардада қолдануға болады. Балалардың меңгеру қабілеттеріне қарай деңгейі жеңіл және қиын тапсырмалар беріледі. Сахналық көріністер көрсеткенде балалар кейіпкерлердің Мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін өздері көрсетіп, қуана-қуана ойнайтын болады. Босуақытта қуыршақтың «Қуыршақты жуындыру», «Қуыршақты киіндіру», «Серуенге шыққан қуыршақ», т.б.тапсырмаларын орындауымен дидактикалық ойындар ұйымдастыруға болады. Бұдан шығатын тұжырымдама, балабақшаға арналған ТРИЗ әдістемесі — педагогикалық технология, мектепке дейінгі балалардың ойлау қабілеттерін дамытуға арналған дидактикалық материалдар жинағы. Осылайша, ТРИЗ

әдісін қолдану — тәрбиеші қазіргі заманға сай өзгеріп отыратын әлемде өмір сүруге дайын, денсаулығын сақтай алатын, білімі мен машықтарын көрсете алатын, шырғармашылығы кең, ақыл-ой өрісі дамыған, өз ойын сауатты жеткізе алатын, бәсекеге жарамды тұлғаны өсіруге жетелейді.

Қорыта келгенде, ТРИЗ элементтерін қолдану арқылы балалардың ойларын еркін жеткізу, сөздік қорын дамыту, тілдерін жетілдіру жұмыстары өз нәтижесін береді.

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *