ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ – ЕЛІМІЗДІҢ ЕРКІНДІГІ!

      Тәуелсіздік тұғыры – еліміздің еркіндігі! Егеменді ел болып, туымыз желбіреп асқақтауда.   Егемендігіміздің тұғыры биік болуына халқымыздың ұйымшыл, қуатты, ынтымақты болуы бейбітшіліктің белгісі, ол үшін өз құндылығымызды қастерлеп, дәріптеуіміз керек. Халқымыздың жүректері кең болып, құндылығымызды жоғалтпауға, басқаларды құрметпен қаратуға мықты болуымыз керек! Бұның бәрі өз қолымызда!

Ұлттың, халықтың, әр адамның еркін өмір сүруі бұл – Тәуелсіздіктің белгісі. Бұл деп отырғанымыз тіліміздің, дініміздің, көк туымыздың желбіреуі зайырлы мемлекет болуы. Тарихқа үңілсек, ата-бабамыз ерте дәуірлерден бері қарай халқым, отаным, жерім деп түрлі шайқастарды, аштықты, қилы кезеңдерді басынан кешіргендері айдан анық. Сол кездегі тағдырдың тауқыметін бастарынан өткерген, өз жандарын аямай еркіндікті аңсаған Ұлы тұлғалар,  батыр-бабаларымыз кейінгі ұрпақтарын осы бейбітшілік күнге жеткізіп, келешек ұрпақтарына жол ашты. Тәуелсіздігіміздің мәңгі болуы, Атқан таңның сәулелі болуы, іргетастың мықты қалануы, халқымыздың еркін өмір сүруі халықтың бірлігі деп білеміз. Тәуелсіздік тек сөзбен ғана айтылып қойған жоқ, сонымен қатар, саяси бағдар ретінде мемлекеттік стратегияларды жоспарлап, соның негізінде жүзеге асырылды. Мемлекетті нығайту жолында мемлекетті басқарудың тиімді жолдарын, үлгілірін ұйымдастырып жүйелі түрде кәсіби қызметтер атқарылды. Мәдени-құндылығымызды дәріптеп, экономиканы, саясатты, саяси идеяларды, саяси жүйелерді маңызға ала отырып жылдар бойы қызмет атқарылды. Қазақстанның дамуы, өркендеуі, мәңгілік ел болуы түрлі тарихи кезеңдерді, даңғыл жолды бастан кешірді. Өркениетті озық ел қатарына қосылу үшін алға үлкен мақсаттар  қойылды. Сол мақсаттарға жетуі, өркениетті  табысты болуы біліммен  ғылымның қайнар көзі деп айта аламыз.   Еліміздің іргетасының мықты қалануы – бұл тарихты білу, бойына сіңіру және де ұрпақтың адал еңбек етуі деп білеміз.    Халқымыздың біліктілігі, білімділігі, мәдениеттілігі, қайраттылығы, бірлігі біте қайнасқан жетістіктері мемлекетімізді алға жетелейтін құндылықтар болып табылады. Осыған орай қалаларымызда, Жоғарғы Оқу Орындарында  түрлі мерекелік іс-шаралар өткізілуде. Соның ішінде, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде, оқытушы-профессорлардың, студенттердің ұйымдастыруымен, қатысуымен онлайн форматында түрлі маңызды тақырыпта дөңгелек үстелдер, конференциялар, ашық сабақтар, жүйелі түрде өткізіліп отырады. Яғни іс-шаралардың мақсаты өз отанын жақсы білуге, тарихын терең ұғынып, туған қаласын сүюге, отаншылдыққа тәрбиелеу, қалаларымыздың тарихын, экологиясы мен географиясы, халқының тұрмыс жағдайын жастар хабардар болу.  Өйткені еліміздің дамып өркендеуі болашақ жастардың қолында. Ұйымдастырылған іс-шараларда белсенділік танытып, өз ойларын бөліскен студенттер өте белсенді, әрі сан-түрлі пікірлермен бөлісіп, қызықты өткізуде. Қазіргі уақытта еліміз, қалаларымыз бұрынғысынан да әдеміленіп, көркейе түскен.  Туған жерге деген сүйіспеншілікті оятып, туған жердің абыройын асқақтатып, туған жерді гүлдендіру болашақ жастардың қолында. Баршамыз бірігіп еліміздің дамуына үлес қосып, Отанымызды көркейтейік!

 Тәуелсіздіктің тұғырын көтеру – халықтың санасы мен сезімінде!

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  Сутанова А.М.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *