Ар-ұждан ғылымы.

Мусаханова Газиза

Сәлеметсіздер ме, балалар!
Күндеріңізге сәттілік тілеймін!
Балалар, 5 «Т» ережесін еске түсірейік
1.Талап
2.Тазалық
3.Татулық
4.Тыныштық
5.Тәртіп

Құндылығы:    Ақиқат.

Қасиеттері:

1)Шындықты айту.

2)Кішіпейілділік.

3)Қарапайымдылық

Сабағымыздың дәйексөзі:

«Пайда ойлама-ар ойла»

Абай Құнанбаев

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.

Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған.

Абай алғашқы өлеңін 10 жасында жазған. Ал ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы – «Қансонарда». Абай өлеңдерінің ішінде мазмұны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп тұрған үздік туындылар көп. «Сегіз аяқ», «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Желсіз түнде жарық ай», «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» сияқты өлеңдерінің әрбіреуі тың дүние

Александр Пушкиннің «Евгений Онегин» шығармасынан «Татьянаның хатын» және «Ленскийдің сөзін», Михаил Лермонтовтың «Ой», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Қанжар», «Теректің сыйы» және тағы басқа өлеңдерін казақ тілінде сөйлетті.

Абай мысал өлеңдерін шебер жаза білді. Ақын осы жанр арқылы қазақ халқының сол кездегі өмірін, адамдардың мінезі мен іс-әрекетін дәл көрсетіп, сатиралық бейнелермен көркем жеткізді. Абай поэма жанрын да меңгерген. Оған «Масғұт», «Ескендір», «Әзім» сияқты шығармалар дәлел

Абайдың іргелі еңбектерінің бірі әрі бірегейі – қара сөздер. Осы сөздердің бірнешеуі алғаш рет 1918 жылы Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Артынан Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз және тағы басқа әлемнің көптеген тіліне аударылды.

ОЙ ТОЛҒАУ:

1.Балалар осы дәйексөздің мағынасын
қалай  түсінесіңдер?
2.Пайда дегеніміз не?
3.Ар дегеніміз не?

Рефлексия:

1.Ал, балалар денемізді тік ұстап,тыныс
алу жаттығуын жасаймыз.
2.Бүгінгі сабақ ұнады ма?
3.Тақырыпты аша алдық па?

Бәрекелді!
Сіздерге рақмет!
Сау болыңыздар!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *