Журналист болу арманым

Корабаева Арина Берикболовна

Журналист… Керемет маман иесі. Балалық шағымызда есейгенімізді армандаймыз, бірақ оқу, жұмыс жайлы толғанбайтынбыз. Кішкене кезімізде өмірімізге мәз-мейрам болып, асыр салып ойнап журуді ғана ойладық. Қазіргі сәтте келіп кетті. 11 сыныпты тәмәмдәп, менде болашақ жайлы ойлана бастадым. Көп толғана келе, журналист мамандығы өзіме сай екенін ұйғара бастадым. Ең мәртебелі, қиын да қызық маман иесі атануымды қалап, қалаған универіме барып, бағымды сынап көргім келді. Осылайша, мекемеге құжаттарымды тапсырып, сыңнан өтуге дайындығымды бастадым.

Бала кезімнен мектепте түрлі іс шараларға қатысып, белсенді әрі озат оқушы болдым. Өзім мәнерлеп оқу сайыстарын қатты ұнататынмын. Республикалық, әлемдік олимпиадаларға қатысып 1, 2 дәрежелі диплом, медаль иегері атандым. Мектепте де әдебиет, қазақ тілі пәндерін сүйіспеншілкпен, аса бір қызығушылықпен оқитынмын. Жаныма жақын болған соң журналистика мамандығын зерттеп, зерделей бастадым.

Мен үшін біз теледидардан көріп үйреніп қалған Ләйлә Сұлтанқызы аса бір керемет телерадиожурналисті болып есептеледі. Өзінің ісіне аса бір сабырлықпен, құрметпен қарайды, көздерінің жүзінен ақ өз мамандығын сүйетіні айдан-анық байқалады. Осыншама керемет даусының тембрі талай халықты өзіне баурайды, сырт келбетінің өзі де сұлу да, сымбатты. Қазіргі заманға нағыз сай журналист. Мен осы кісідей журналист маман иесі атанғым келеді. Дәл осылай ауқымды телебағдарламаларды жүргізетін сыйлы да көркем тілші болу менің арманым, әрі мақсатым. Бұл менің мамандығым және осы арманымды жүзеге асыру үшін мен әр күнімді талпыныспен өткізуге дайынмын. Дәл қазіргі менің мақсатым IITU университетінде телерадиожурналистика мамандығына ГРАНТ-қа түсу, анама ауырлық салғызбай өз ісімді соңына дейін өзім алып шыққым келеді. Менің қолымнан келеді. Арман алдамайды, менің болашағым жарқын әрі қызықты өтуіне мен кәміл сенемін

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *