Интеллектуалды ойындарға қатыстыру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру

Интеллектуалды ойындарға қатыстыру арқылы

оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру

 

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі,өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.

Тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң қазiргi кезеңiндегi қоғамның түрлi сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсендiлiгiнiң жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетiн белсендiру, оны тиiмдi басқару және дамыту, әдiстемелiк, ұйымдастырушылық және моральдiк – психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделi педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтiк мәселе болып табылады.

Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А. Коменский қалады. Ол: «Таным бастамасы – сезiмнен, бала сезiне бiлмесе, оның ой – өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек», — деп жазды.
«Мен өз шәкiртiмнiң әрқашанда өз бетiнше бақылауын, практикада өздiгiнен тұжырым жасауын дамытуды – бiлiм берудегi негiзгi жетiстiкке жету құралы ретiнде қарастырамын», — деген болатын.Танымдық әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл – ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады. Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсендiлiгiнiң дамуы бес – алты жас аралығында қарқынды келедi. Бұл әсiресе баланың логикалық тапсырмаларды белсендi орындауы, жауап кiлтiн табуға ширақ келуi, бiлуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы  оқу әрекетiнiң мiндеттерiн шешуде айқын көрiнедi
Интеллектуалдық ойындар арқылы оқушылардың танымдық  қабілетін дамыту барысында бастауыш сынып оқушыларынан күтілетін нәтижелер

  • кез келген ақпаратты беру және қабылдау үшін жағдайға қарай шағын көлемдегі мәтінді қолдана алады;
  • алынған ақпараттарға қатысты өзінің ойын білдіру үшін алғашқы сөйлеу дағдыларын қолданады;
  • тілдік қатынас және қоршаған шынайылықты танып білу құралы ретінде ана тілінің маңызын түсінеді;
  • топпен,командамен бірлесіп жұмыс жасау үшін алғашқы сөйлеу дағдыларын пайдалана алады;
  • жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана біледі;
  • интеллектуалдық ойындар барысында жалпыадамзаттық және әлеуметтік мәдени құндылықтарға өз көзқарасын білдіре білуі;
  • өзінің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін өзін-өзі билеуге және кәсіби өсуге ынталы болуы;
  • ақыл-ой қабілетін және жалпы өмірлік әрекетін жоғары деңгейде ұстау үшін шығармашылық жұмысқа тартылады.
  • интеллектуалдық даму деңгейі жоғары ,  дарынды  тұлғалар  айқындалады.

Оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда интеллектуалдық ойындардың атқаратын  маңызы зор. Интеллектуалдық ойындар арқылы  оқушылар әр түрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Интеллектуалдық ойындар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға құлшынысын, қызығушылығын арттырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп,оны білуге,меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.

Ойын-бұл еркін және өзіндік әрекет, ол баланың жеке қызуғушылығынан туады, белсенділігімен ерекшеленіп, шығармашылығын, жоғары сезімділігін көрсетеді. Ойында ғана баланың жеке қажеттілігі мен шектеулі мүмкіндіктері ашылады. «Ойын, сондықтан ойын, ол баланың дердестігі…» Мен өз сабағымда интеллектуалдық ойын түрлерін жиі пайдаланамын.Интеллектуалдық ойын барысында оқушылардың танымдық қабілетін, алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденпаздығын арттыру, ой-өрісін кеңейту,шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздеймін. Бастауыш сыныптар арасында өткізген  «Көкпар», «Алтын сақа», «Бәйге», «Тапқыр болсаң , талас жоқ» , «Математикалық поэзия» т.б түрлі интеллектуалдық ойындар бала қиялын ғана дамытпай оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Бала өз мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады.

Ойын пән әрекетін күшейтіп, логикалық ойлауына, басқа адамдармен іскерлік қатынастарына әсер ететінін анықтайды.

Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда.

Оқушылардың ақыл — ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді. Бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, өз ойын ашық, қысылмай жеткізе білуін, ынтасын дамыта түседі.Шығармашылық дарындылықтың белгілері әртүрлі болатындығы қиындық туғызады және де олар әлеуметтің ортамен тығыз байланысты. Баланың қандай болса да кез келген шығармашылық талпынысын құптауымыз керек. Себебі оның астарында баланың таза, ашылмаған шығармашылық бастауы жатыр. О. Бальзактың “Ұдайы еңбек ету — өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Оқу әрекетінің мазмұны арқылы шығармашылық қабілетті ашу, жетілдіру. Оқушының білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдардың үлесін арттыру арқылы оқушыны шығармашылық әрекет жағдайларына әкелетін ішкі байланыстарды ашуға мүмкіндік туғызып, жағдай жасау керек. Оқушы ойлауының барлық түрлерін диагностикалық бірлік арқылы дамыту керек.

Әрине, атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми — ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т. с. с. Өйткені, ХХІ ғасыр — білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан — жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн деп ойлаймын.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *