Қашықтықтан оқыту – заманауи форматта оқыту.

Қостанай облысы,

Қарабалық ауданы

М.Горький атындағы №1 Қарабалық

орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі Камалова Г.М

Қашықтықтан оқыту – заманауи форматта оқыту.

 

Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагогтың жанама (алыстан) немесе толық емес өзара сабақ беру барысында  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылады. Еліміздің мегаполистердің карантинге жабылуы, м ектептегі оқу жүйесінің өзгеруі, қоғамдық шаралардың кейінге шегерілуі –біздер үшін күтпеген жаңалық болды.

Бұл қашықтықтан оқыту жүйесі биылғы пандемия уақтында мектептерде енгізілді.  Сонымен 2020жылдың  төртінші тоқсаны 6 сәуірде қашықтықтан оқыту форматымен басталды. Әрине, басында оқушылармен жұмыс бастау, ата –аналармен байланыс орнату ата –аналармен қатар педагогтерге де   қиын болды. Қазіргі кезде  қалыпты жағдайға түстік.

Жұмыс барысында өз тәжірибемізден байқағанымыз қашықтықтан оқытудың мынадай артықшылықтарын байқадық:

  • Заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық құралдардың қолдануды үйрендік;
  • Оқу қызметін видео арқылы қызықты етіп әзірлеудімүйрендік.
  • Сабақты түсінеген жерлерін видеоны қайта қосу арқылы тыңдау мүмкіндігі артты.
  • Дәстүрлі сабақтан жаңа оқу форматындағы сабаққа көштік.

Кемшіліктері:

  • Егер ата-ана тарапынан балаға қадағалау болмаса оқу үлгерімі төмендейді;
  • Педагогпен кері байланыс орнатылмаса толық түсіне алмайды;
  • Оқу материалдарын түсіндіруге уақыттың шектеулі болуынан, балаға тақырып бойынша ақпарат аз беріліп қалады.
  • Порталдың жұмыс жасамауы, интернеттің үзіліп қалуы, ауылдық жерде тұратын оқушылардың интернетке қолжетімсіздігі.

Заман көшіне ілесу біздің мндетіміз, сондықтан білім беруде жаңа технологиялар арқылы оқытуды тәжірибеден өткізуге жүрексінбеуіміз керектігін жұмыс жүргізу барысында байқадық. Әлем күн саййын өзгеріп, түрлі жаңалықтар ашылуда. Сол себепті өмірге жаңаша көзқараспен қарауға үйренуіміз керек. Бұл заман талабы.

Бастауыш сынып оқушылары үшін ата-аналар үнемі қадағалауы керек. Олар әлі шоғырлана алмаған және өздігінен білім алумен айналыса алмайды. Мүмкін, қашықтықтан оқыту орта және жоғары мектеп оқушыларына оңайырақ болар.

Қорыты айтар болсам, Қашықтықтан оқыту жаңа технологияларды, жаңа бағдарламаларды игеріп, профессионалды дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.

Барлық оқытушылар мен мұғалімдерге  тілерім осындай қиын сәттерде еңбектері мен білім алуда үлкен сәттілік, шыдамдылық, төзімділік

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *