Дөңгелек сандарды қосамыз және азайтамыз

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК

 

 

«Бекітемін»___________
Колледж әдіскері: Искакова К.А.
«Келісемін» ___________
Сынып жетекшісі: Құдышева А.К.
Сабақ жоспары

Тақырыбы: « Дөңгелек сандарды қосамыз және азайтамыз »
Өтетін орыны: Н. Есеболатов атындағы орта мектебі
Сынып: 1
Мерзімі: 24.11.20ж
Тобы: 301
Машықкер: Еркінбек Жайдар
Баға: «___» ___________________
Баға: «___» ___________________

Семей 2020 жыл

Пән: Математика

Сабақтың тақырыбы Дөнгелек сандарды қосамыз және азайтамыз

Оқу мақсаты 1.1.2.5 ** 20 көлеміндегі сандарды ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту/ондықтарды ауызша қосу және азайту амалдарын орындау
1.5.2.4 қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда пайдалану
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар істей алады:
Ондықтармен 100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастыра алады.
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
Дөңгелек сандарды қосу және азайту бір таңбалы сандармен орындалатын жұмысқа ұқсас орындалатынын, бірақ соңында 0 қосылатынын түсінеді.
Кейбір оқушылар істей алады:
Разряд арқылы 100-ге дейін аттамай қосу және азайтуды меңгереді.
Бағалау критерийі Оқушылар: 100-ге дейінгі сандарды оқиды, жазады, салыстырады.
Тілдік мақсаттар Ондық — десятки — dozens
Дөңгелек сан -круглые десятки- round scores
Құндылықтарды дарыту Ынтымақтастық, жауапкершілік
Пәнаралық байланыстар Музыка (сергіту сәтінде)
Сауат ашу(мәтіндерді,тапсырмаларды оқу)
АКТ қолданудағдылары Бейнеролик
Бастапқы білім Ондықпен санау

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
(5мин)

 

 

1.Психологиялық дайындық. Шеңберге тұрғызу. Өлең шумағын хормен айту.
Күлім қағып қолымды
1,2,3 деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы-жылы жүзбенен
Маңдайыңнан сипайын.
Жылы-жылы жүзбенен
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен
Қолыңды бер қысайын.

2.Топқа бөліну:
І топ оқушылары:1,2,3,4,5,6,7,8,9,
ІІ топ оқушылары: 11,12,13,14,15,16
ІІІ топ оқушылары: 30,40,60,70,80,90
ІV топ оқушылары: 10 теңге, 20 теңге, 50 теңге
Ендеше, балалар санап болсақ, І топ «Бір таңбалы сандар», ІІ топ «Екі таңбалы сандар», ІІІ топ «Дөңгелек сандар»,
ІV топ «Теңгелер» топтары болып бүгінгі сабақта түрлі жұмыстарды орындаймыз.

Сабақтың ортасы
30 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар, біз бүгін дөңгелек сандарды ондықтан аттамай қосу және азайтуды ауызша есептеу тәсілін үйренеміз.
Дөңгелек сандарды былай қосамыз:
10+20=1 онд.+2 онд.=3 онд.=30
Дөңгелек сандарды былай азайтамыз:
30-10=3 онд.-1 онд.=2 онд.=20
3-тапсырма. Ұжымдық жұмыс.
Тәтті тоқаштар. Аспаздың қанша тәтті тоқаш пісіргенін санау.
Оқушыларға иллюстрацияға қарап, кондитердің қанша тоқаш пісіргенін анықтауды ұсыну. Қосу арқылы тоқаштардың жалпы санын білуді ұсыну. Есептеп шығару үшін сандағы ондықтардың санын қосып, қасына нөл жазу сияқты меңгерілген әдісті пайдалануды ұсыну

30=3 онд. 40=4 онд.
3 онд.+4 онд.=? онд.
30+40=?
Жауабы:
3 онд. + 4 онд. = 7 онд.
30 + 40 = 70.
Аспаз түске дейін 5 ондық тәтті тоқаш сатты. Аспазда сататын қанша ондық тәтті тоқаш қалды? Сен оны қайдан білдің?
Жауабы: 7 онд. – 5 онд. = 2 онд.
70 – 50 = 20
Аспаз 7 онд. Тоқаш пысырды. Оның 5 онд. Тоқашы саылды, яғни 7 онд.- 5онд. Қалғаны 2 онд. тоқаш.
4-тапсырма. Жұптық жұмыс

Жауабы:
А) 30+10+10+10=60
Б) 60-10-10-10=30
Ә) 90-10-10-10=60
В) 0+10+10+10=30

Бағалау: Қошемет жасау арқылы

Жеке жұмыс. 5 -тапсырма. Орындап көр. Барыс балаларына жету үшін қанша қадам жасауы керек?

Жолдың ұзындығын дөңгелек сандарды қосу арқылы тапқызу.
Жауабы:
20+10+10+10+10+10=70
Басбармақ арқылы бағалау

6- тапсырма. Жеке жұмыс. Шығарып көр.
Спорт жарысына 20 ұл және 10 қыз қатысты. Жарысқа барлығы қанша бала қатысты?
Жауабы:
20+10=30

 

7.Сергіту сәті: санау әні

Жұмыс дәптері
8-тапсырма.

Астында мысалдар жазылған есіктерді осы мысалдың дұрыс жауабы жазылған кілтпен сызықтар арқылы сәйкестендіріп қосады.
Жауабы:
60 + 10 = 70;
50 – 10 = 40;
70 + 10 = 80;
40 – 10 = 30.
9-тапсырма.

Жауабы:
30+50=80;
30+40=70;
20+20=40;
50+10=60.
10-тапсырма. Мысалдар мен олардың жауаптарын сызық арқылы қосады.

Жауабы:
3 онд. + 1 онд. ~ 30+10~ 40
7 онд. + 2 онд. ~ 70+20 ~ 90
7 онд. – 5 онд. ~ 70- 50 ~ 20
5 онд. – 2 онд. ~ 50-20 ~ 30
8 онд. – 3 онд. ~ 80-30 ~ 50

Қалыптастырушы бағалау
11- тапсырма.Ағаштар тізбегіндегі белгісіз сандарды тауып жаз.

90 80 50 20

Жауабы: 70, 60, 40, 30, 10.
12 -тапсырма.
3 онд.+2 онд.= 6 онд.-1 онд.=
Жауабы:
3 онд.+2 онд.= 5 онд.
6 онд.-1 онд.= 5 онд

13 -тапсырма. Өрнектердің мәнін табыңыз.

Жауабы:
10+30=40;
60-10=50;
80-50=30;
40+20=60.
Дескриптор:
-ондықтарды кему ретімен жазады;
— дөнгелек сандарды қосады және азайтады;
— өрнектердің мәнін табады.
14.Жеке жұмыс. Ойлан.
Мен бір сан ойладым. Ол санға 50-ді қосқанда, 80 шықты.
Мен қандай сан ойладым?
Жауабы: 30+50=80
Мен 30 санын жасырдым.
(Ө) Сабақты бекіту. Қорытынды бөлім
Бүгін сабақта не білдік?
-Сендерге сабақ ұнады ма?
Естеріңде не қалды?
Сабақта қандай қиындықтар болды ?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күлегештер арқылы бағалау

 

 

 

 

Қошемет
жасау

 

 

 

Басбармақ арқылы бағалау

 

 

Смайлик арқылы бағалау

 

 

 

Отшашулар арқылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнеролик https://youtu.be/RuAgdgXVvUA

 

 

Дәптер
95-бет

 

Өзін-өзі «Жетістік баспалдағы»
арқылы бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзін-өзі «Жетістік баспалдағы»
арқылы бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы
(5мин)

 

15.Рефлексия
«Мен бәрін түсіндім»,
«Мен тағы есептер шығарсам түсінемін»,
«Математиканы кім ойлап тапқан?»

 

 

Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз ? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру
Деңгейін тексеруді жоспарлайсыз?

ҚБ «Жетістік баспалдағы»
ҚБ «Күлегештер» арқылы

ҚБ.»Отшашу» арқылы
ҚБ. «Басбармақ»
ҚБ. «Қошемет жасау»

Рефлексия «Мен бәрін түсіндім»,
«Мен тағы есептер шығарсам түсінеміг»,
«Математиканы кім ойлап тапқан?» Денсаулық және қауіпсіздік техникасының
сақталуы
Денсаулық сақтау технологиялары.
Партада дұрыс отыру
қаламды дұрыс ұстау

 

Сергіту сәті
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?
1:ресурстар
2:сергіту сәті
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: кітаппен жұмыс
2:тапсырмалар, яғни түрлі есептерді шығару арқылы тақырыпты жақсы меңгерді деп ойлаймын.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Слайд жасау керек

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *