Тәуелсіздік қымбат қазынам

Колледжа менеджмента және бизнеса
Жоғары санатты оқытушы
Абилова. А. А.

Колледжа менеджмента және бизнеса
Жоғары санатты оқытушы
Абилова. А. А.

ТӘУЕЛСІЗДІК-ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАЗЫНАМЫЗ

«… қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне
көшіру жұмыстарын бастауымыз керек.
Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік
қажеттігін терең түсініп, байыппен
қарап келеміз және оған кірісуге
Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият
дайындалдық»

ҚР Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Тәуелсіздік – тірегім, Ата заңым – айбарым деп мен , талай қилы заманды бастан өткеріп, ешкімге бас имеген қазақ халқы, қазір әлемдік дүбірге қосылған Қазақстан елінде туғаныма мақтан етем. Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп саналады. Еліміздің тәуелсіздігі — ата-бабамыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс.
Менің Қазақстанымның тәуелсіздігі әлемдік саясатта өз бейнесін еркін танытқан тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың тағдырымен, 1991 жылғы Тәуелсіздік алу жайлы Конституциялық заңмен байланысты басталды
Тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесі, «Мәңгілік Ел» болуға бекінген мемлекетіміздің бүгіні мен келешегі туралы ой қозғағым келіп отыр.
Осы тәуелсіздік жылдарында елімізде сан түрлі ұлттардан құралған ұлт өкілдері қоян-қолтық еңбек етіп, тұрып жатыр, яғни біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты , мәдениет пен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың озық үлгісін көрсетіп келеді. Біз тәуелсіздіктің әр жылын өсу, өркендеу жолында өткізіп келеміз.
Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық еттік, бүкіл дүниежүзі қазақтарының құрылтайын жасап, күллі әлемге татулық пен бірлікті паш еттік. 2017 жылы әлем халқының назарын «ЭКСПО -2017 көрмесі » арқылы басқа мемелекетерге еліміздің жетістіктерін көрсете білдік. Олимпиада чемпиондарын дайындап, дүниежүзіне әнұранымызды тыңдатып,көк байрағымызды көкте шарықтаттық.
Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным — сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке — Қазақстан.
«Отан — оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосып жүрмін деп ойлаймын.
Елбасымыз «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол атты » жолдауында : «Тәуелсіз елді болашаққа бастап барар жалынды жастар сендерсіңдер , мен сендерге сенім артамын»-деп жастарға зор сенім білдірді.
Болашақ ұрпаққа елінің тарихын білу аса қажет. Оны дұрыс та, тұжырымды жеткізу бізге аманат. Шет елге еліктеп өз тілін білмейтін қандастарымыз аз емес. Қазақ тілінің асқан бай, көркем тіл екенін насихаттап оларды өз тілінде сөйлеудің қаншалықты мәртебелі екенін ұғындыруға тиіспіз.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді.
Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті
Елімізде көптеген лицейлер, гимназиялар, мамандандырылған мектептер көбейіп, жастарға білім алуға үлкен мүмкіндіктер жасалуда..Елбасының «Қазақстан- 2050» стратегиясындағы мектептерді компьютерлендіру,бала-лардың мектепке баруын толық қамтамасыз ету шаралары іс жүзінде жалғасын тапты.Білім беру жүйесінде тың өзгерістер енуде. Бүгінгі күннің басты талабы – осы,яғни болашақта елу елдің қатарынан,әлемдік деңгейден көрінетін Қазақ елінің болашағы зор.
Келешекте еліміздегі, интеллигенция тобын, яғыни түрлі мамандық иесі болатын мамандарды дайындайтын колледждер мен жоғарғы оқу орындары көбейеді. Ондағы оқу бағдарламасы әлемнің озық Оксфорд, Кэмбредж сынды оқу орындарының үлгісімен құрылып, әрбір сала бойынша жиі практикалық жұмыстар жүргізіліп тұрады
Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде. Осы мақсаттағы бағдарламаға әлем мемлекеттері қызығушылық білдіруде. Келешекте компьютерді барлық салада толық пайдалану еліміздің дамыған елдер қатарына қосылуының бірден-бір кепілі болмақ.
Мен Абилова Алма Абубәкірқызы 1951 жылы Қостанай қаласында туылғанмын. Қазіргі таңда Астана қаласының Менеджмент және Бизнес колледжінде география пәнінен сабақ берем, білім саласында 44 жыл тәжірибем бар жоғарғы санатты оқытушымын
Білім беру жүйесінің тартымдылығын қамтамасыз ете, бәсекеге қабілеттілікті арттырдым. Инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың білім сапасын көтеріп,құзыреттілігін арттыра отырып, өз бетімен ізденуге баулып,жеке тұлға қалыптастырумен қатар, тұлғаны оқытуға, тәрбиелеуге құштар болдым . Оқытуда түрлі жаңа иновациялық әдістер түрлерін қолданамын. Ерен еңбегімнің арқасында Казахстан, Россия, Беларусь, Армения мемлекеттері кіретін Халықаралық үлкен энциклопедиясында «Құрмет тақтасы» рубрикасында « Білімдегі озат» және Халықаралық алтын диплом мен «Білімді дамытуға үлес қосқан үшін» медаль , сонымен қатар қоғамдық марапаттар мен атақтар жөнінідегі Республикалық Қеңестен еліміздің оқу – ағарту ісіне еңбегі сіңірген үшін «Білім беру саласының үздігі» атты медальмен марапатталдым.
Еңбегімнің жемісін дәлелдеу үшін қалалық депортаментен, колледждерден алған грамоталарымен кәсіби білімімді көтері үшін жылда қалалық халықаралық семиналарға қатысып тұрамын, бірнеше басылымдарым бар және өзімнің «География » оқулығына арнап орысшы-қазақша электронды кітапша, географиядан жұмыс дәптерді басылымға дайындаудамын. Өз білімімді қөтеру мақсатында алған негізгі тақырыбым «География» сабағында «Ақпаратты-комуникативті технологияны пайдалану» технологиясын меңгерудемін. Осы тақырыпты алғаннан бері үлкен ізденістемін. Компьютер мен және Интернет ресурстарымен жұмыс жасаймын. Оқушыларды өз пәніме баулай арқылы белсенділікке, білімділікке , ұстанымдылыққа, шығармашылық жұмыстарын дамытуға қалыптастырамын.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *