Бастауыш сыныптарда сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасының стратегияларын қолданудың тиімділігі

Шарзадина Индира Толеутайевна

Автор:  Шарзадина Индира Толеутайевна  Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы  Сарытерек ауылы  Ж.Кеңесбаев атындағы ЖОББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі

                                                          Білім алу – батылдық, оны толықтыру –
                                                                      даналық, ал шебер қолдана білу – өнер.

І. Кіріспе

Елбасымыздың  халыққа жолдауында білім беру мәселесі  жөнінде де көп атап айтылған болатын. Білімді ұрпақ–болашағымыздың кепілі.Егеменді ел тағдыры–жас ұрпақтың қолында болса,ал жас ұрпақтың тағдыры–бүгінгі ұстаздың қолында.Заман талабына сай сабақтарда, жаңа технологияны тиімді пайдалану–бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.Қазіргі даму кезіндегі білім беру жүйесінің алдында өсіп келе жатқан жеке тұлға:дарынды, дүниетанымдық қабілеті жоғары, өнерлі, ізденімпаз,тапқыр,талантты,өз алдына мақсат қоя білгіш, оны орындай алатын,мақсатына жете білетін болуы керек.Жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыратын–бастауыш сынып мұғалімі.Оқушылардың өзбетінше ізденіп,шығармашылықпен жұмыс істеулеріне жаңа технологияның өте тиімді екеніне көзім жетті.

Бүгінде оқыту процесінде соның ішінде бастауыш сыныптарда жиі қолданылып жүрген технологиялардың бірі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы».

Бұл технологияның ерекшелігі білімді жатқа меңгеру емес, оқушылардың өз бетінше меңгеруге ұмтылатындығы, есту,көру қабілеттерін арттыруға,сөздік қорын ауызша,жазбаша дамытуға бағытталады.

 

Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы». Бұл технология Кеңес өкіметі кезінде 1973жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады.Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы» RWCT Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір — түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі.

Сын тұрғысынан ойлау деңгейіндегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру кезіндегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі жақсы болды.

Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Сыни ойлау деген не? Сыни ойлау- өзіндік ойлау. Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. Сыни ойлау- әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Мақсаты: Барлық жастағы оқушыларға кез – келген мазмұнға сын тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға  үйрету. Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден – бір тиімді технология. СТО технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым – қатынасқа деген де көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды.

Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы 3 кезеңнен (ERR) тұрады:

I.Қызығушылығын ояту( «көпір жасау», ой қозғау) – Эвокация – қызу оқу жұмысымен шұғылдануға қызығушылықтың оянуы. Бұл кезеңде мұғалім бұрынғы білетін білімдерін жаңа материалмен ұштастыруға жағдай жасайды. Сабақтың мазмұнына сай алынған стратегиялар арқылы оқушылардың ойы шыңдалып, ашылады. Сабаққа белсенділігі, ынта – жігері артады. Бұл кезеңде мұғалім жаңа ақпаратты таныстырады.Тақырып бойынша жұмыс жасауға итермелейді.Таңдап алынған стратегияларға байланысты өз бетімен білім алуға көмектеседі. Мысалы «Шаттық шеңбері»,«Тілекті тізбек»немесе тақпақтар айту арқылы оқушыларды өтілетін сабаққа тарту.

  1. Мағынаны таныту ( мағынаны ажырату) — Реализация– оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсіну.. Мағынаны тану кезеңі негізгі кезең сондықтан оқылып жатқан материалдың қажеттілігін түсіндіреді. Белсенді түрде оқу.Болжау кестесі,ойлан,жұптас,білгім келеді,үйренгенім,өзара оқыту,топпен зерттеуосы әдіс–тәсілдерді қолдану өзіндік еңбек етуге бағытталады.

Мысалы INSERT стратегиясы бойынша алдымен мәтінді түртіп оқып танысады сол мәтін бойынша белгілерді қояды «v»- білемін, «- » — білмеймін, «+»- жаңалық, «?»-таң қалдырды, өз бетімен жұмыс жасап белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.

III. Ой-толғаныс ( рефлексия, жаңа білім құрастырылады)- Рефлексия – тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту. Бұл бағдарламаның қорытынды үшінші кезеңінде үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен өткізеді, білімді бекітеді. Оқушылар осы кезеңде өз шығармашылықтарын көрсете алады. Өзіне және сыныптастарына сын көзбен қарайды. Өздерін бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды.

Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса,өздері дәлелдейді,бағалайды немесе «Эссе жазу,бес жолды өлең»тәсілдерін пайдаланады

Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларынқалыптастыра отырып,пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін сыни тұрғыдан ойлау әдісін күнделікті сабақ жоспарыма енгізіп келемін.

Бұл технолгияның 100-ден астам стратегиялары бар.

Сын тұрғысынан ойлау  жобасының көптеген әдіс- тәсілдерін қолданамын:

  • Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау,арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, «инсерт» кестесі/
  • Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс / эссе,шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар т.б стратегиялар/
  • әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу,

мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Вендиаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/

  • Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/
  • Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу /авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы
  • Шығармада екі кейіпкердің қарама – қарсы элементтерін сипаттау /қарама-қайшы элементтер стратегиясы/
  • Өлең шұмақтарын құрастыру / 5 жолды өлең/

Құрылым былай болуы да мүмкін: ER ( ERR) R. Бұдан шығатын тұжырым: сабақ кезеңі тізбектей ғана емес, айналмалы циклді құрылым. Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады. Ендеше, дәстүрлі сабақта оқушы мұғалімнің көмегімен білім алса;

оқушы  мұғалім  білім

сыни тұрғыдан ойлау сабағында оқушы білімге өзі жетеді, мұғалім тек бағыт беруші.

мұғалім  оқушы  білім

СТО мен дәстүрлі сабақтарды салыстырсақ:

 СТО сабақтарда   Дәстүрлі сабақтарда
 Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады.  Оқушы бірден жұмысқа кірісіп кетпейді.
 Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері, белсенділіктері басым.  Белсенділік орташа, мұғалімнің көмегін керек етеді.
 Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым.  Шығармашылығы бірқалыпты, ынта-ықыластарын білдіре қоймайды.

СТО — дамыту сабақтарының мақсаты біреу нақты сабаққа байланысты.  Міндеттері үш түрлі болады. Олар: мазмұнға байланысты, СТО -ды дамытуға байланысты, топпен жұмысқа байланысты. Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса береді. Ал, кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған. Сол себептен, орынымен пайдаланған ұтымдырақ болады.

Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен оқу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында қолданып жүрген стратегиялардың мүмкіншіліктеріне тоқталайын:

РАФТ Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.

Жуан—жіңішке сұрақтар: оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.

Қосжазба күнделігі: мәтінде берілген оқиғаларға өзінің пікір жазады, ендеше, оның сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады.

Осындай жұмыстар арқылы ең әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен жұмыс істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады. Бұл кестедегі көрсеткіштер арқылы СТО технологиясының мүмкіндіктері негізінде оқушының субъект ретінде қаншалықты өскенін аңғаруға болады.

Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс –тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы:

— Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды.

— Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады).

– Барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы.

– Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.

ДЖИК СО стратегиясы — ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды. Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 – бөлігін бірлер, 2 — бөлігін екілер, 3 — бөлігін үшіншілер, 4, 5- бөліктерін — бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады.

INSERT немесе түртіп алу стратегиясы — түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» — білмеймін, «-» — мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды — деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады.

Куббизм стратегиясы – Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады. Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды. 1, 2 – сыныптарда үш жағын ғана пайдалануға болады. Бастауыш сыныптарда түрлі – түсті түрде пайдалануға болады.

  • Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы– оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады.

Мен СТО әдісін пайдалана  отырып көптеген міндетті мүмкіндіктерге жеттім.Ең әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты,бір бірімен пікір алмасып,сөздік қоры молайды,еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастырды.Тіпті нашар оқитын баланың өзінде де талпыныс пайда болды.

Қорыта айтқанда, әр сабақта оқушының жан-дүниесіне еніп, бар білімді сан түрлі тәсілдер арқылы оқушы бойына дарытқан жөн. Өйткені, бала – өміріміздің болашағы. Оларды біліммен сусындатып, өмірге деген көзқарасын қалыптастырып, саналы азамат етіп тәрбиелеу – барша ұстаздың қасиетті міндеті. Баяндамамды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»

 

 

 

1.«Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері » С. Мирсеитова, 2011 жыл.

2.«Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары», Н. Қошқарбаев, 2010 жыл.

3.«Интерактивті оқыту әдісін қолданып, сабақты жоспарлау және басқару», Ж.А. Жартынова, В.Н. Ким, Н.О. Қойлық, А.Ш. Орақова, 2009 жыл.

4.К. Өстемірова, А.Айтбаева Қазіргі білім беру технологиялары Алматы 2002ж. 98б.

5.С.К. Исламгулова Білім берудегі технологиялар Алматы 2007ж. 135б.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *