Интеллектуалды сайыс сабақ

Дусимова Замира Абдурахмановна

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Окушыларды жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс ,сұрақ — жауап, әңгімелесу.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, математика, қазақ тілі.
Көрнекіліктері: әдебиеттік оқу, дүниетану, математика, қазақ тілі туралы мақал – мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар. Пәндер туралы қанатты сөздер.

Өтілуі барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім: Бүгін біз сайыс сабағымызды 3 топқа бөлініп 5 кезеңнен тұратын интеллектуалды сайыс түрінде өткіземіз. Сайысымыздың аты: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Бұл сабақта берілген сұрақтарға жауапты тез, толық және нақты жауап берулерің керек. Ал енді сөз кезегін жүргізушілер беремін.

1-жүргізуші:  Армысыңдар, ағайын,
Ағайын тілін табайын

2-жүргізуші:  Бармысыңдар бауырлар
Өкпе жоқ, бізде бауыр бар

1-жүргізуші: Есенбісіз ұстаздар,
Шаршамайтын қыс-жаздар

2-жүргізуші:  Ізетке ие інілер,
Інілер, еті тірілер

1-жүргізуші:  Кешке келген сайланып,
Отырам деп жайланып

2-жүргізуші:  Көрермендер аман ба,
Отырған анау ойланып.

Екеуі бірігіп:   Бәріңізге бір сәлем.

1-жүргізуші:  Енді кешті бастайық
2-жүргізуші:  Екеуміз енді саспайық
1-жүргізуші:  Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, сіздерді «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.
2-жүргізуші:  Бүгін біз математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысамыз.
1-жүргізуші:  Біз бұл әлемнің қаншалықты қызықты,әрі сан түрлі екендігіне көз жеткіземіз.
2-жүргізуші:  Ал енді бүгінгі сайысымызға қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық
1-жүргізуші:
Ашық жарқын жүзді
Әділқазылар біздің,
Әділ баға берерге,
Шақырайық біз төрге.
Шеберлікті, білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңіздер –деп алдымен әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Төрағасы:

Мүшелері:

2-жүргізуші:  Бүгінгі сайысымыздың өтілу барысымен таныстырайық . Сайыс бес кезеннен тұрады.

1кезең «Білгенге — маржан»
2 кезең: «Тіл өнері»
3 кезең: «Кім жылдам?»
4 кезең: «Ойлан, тап!»
5 кезең: « Кім тапқыр? »

1 –жүргізуші:
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректілік,
Жеткізер сіздей өренді,
Білімнің нәрлі сырына.
Қадамдарың оң болсын,
Сайыскерлерге сәт сапар тілейміз! – деп сөз кезегін топ басшыларына береміз. Өздерінің топтарын таныстырып өтсін.
1 топ: «Білімділер» Бұл сайыста қалма бос,
Біліміңе білім қос.
2 топ: «Ойшылдар» Тартысайық сайыста күш — жігермен,
Айырылысайық қимас дос көңілмен.

3топ: «Жүйріктер » Жүзден жүйрік болымыз,

Ақылды болып толамыз.
Әр топтан бір оқушы қарсылас топтарына тілек білдіреді.

1 кезең: «Білгенге — маржан» Сұрақтарға жауап беру.
«Білімділер» тобына
1. Көктем айларын ата / Наурыз, сәуір, мамыр/
2. Табиғат дегеніміз не? / Бізді қоршаған орта/
3. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары? /Заттың атын білдіретін сөздер/ кім? кімдер? Не? Нелер?
4. ҚР — ның тұңғыш президенті кім? / Н. Назарбаев/
5. Қазақстан қандай мемлекеттермен шекаралас? /Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Түркіменстан/
6. Абылай ханның шын аты кім? /Әбілмансұр/
7. Қазақтың ұлттық аспабы /домбыра/
8. Ұлы Отан соғысының батыр қыздары /Әлия, Мәншүк/
9. Біздің облысымызды ата? /Алматы облысы/
10. Әліппенің атасы кім? /А. Байтұрсынов/
«Ойшылдар» тобына
1. Мақал дегеніміз не? /сөз мәйегі/
2. Жылдың неше мезгілі бар? /төрт/
3. Жаз айларын ата / маусым, шілде, тамыз/
4. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын кім? /А. Құнанбаев/
5. Мұқағали Мақатаев қай жылы туылған, қай айда,нешесі?/1931 жылы, 8- наурызда/
6. Қабанбайдың шын аты кім? /Ерасыл/
7. Жырды айтушы адам қалай аталады? /жыршы/
8. Рейхстагқа ту тіккен адам кім? /Р. Қошқарбаев/
9. Біздің мектептің директоры кім? /Әділғазы Омарғазыұлы/
10.. Күй атасы кім? /Құрманғазы/

«Жүйріктер» тобына

1.Абайдың шын аты ? /Ибраhим/

  1. Мітіннің неше түрі бар,ата? /үш, әңгімелеу, сипаттау, пайымдау./
    3. Қыс айларын ата / желтоқсан, қаңтар, ақпан/
    4. Бидай мен қаңбақ мысалын кім жазған ? /Асқар Тоқмағанбетов. /
    5. Үш жүзді сайлаған кім?/Тәукехан/
    6. Мұқағали Мақатаевтың шын аты кім? /Мұхаммедқали/
    7. Күй анасы кім? /Дина Нұрпейсова/
    8. Тәуелсіздік күні қай күн?/16 желтоқсан/
    9. Рамазан айында қандай өлең айтылады? /Жарапазан/
    10.Наурыз мерекесі қай мезгілде тойланады? /Көктем/

2 кезең: «Тіл өнері»
Бұл кезеңде берілген мақалды аяқтау керек
«Білімділер» тобына
Тіл тас жарады,… /тас жармаса бас жарады/
Жақсы сөз… /жарым ырыс/
Ойнап сөйлесең де… /ойлап сөйле/
Әдепті бала — арлы бала,…/ әдепсіз бала – сорлы бала./
Жақсыдан үйрен -…/жаманнан жирен/
«Ойшылдар» тобына
Үлкенге құрмет -…/кішіге ізет/
Бірлік болмай…/тірлік болмас./
Еңбек етсең ерінбей,… /тояды қарның тіленбей/
Туған елдей ел болмас,…/туған жердей жер болмас/
Жүз теңгең болғанша,…/жүз досың болсын/

«Жүйріктер» тобына

Қойдың сүті қорғасын. ……./қойды ұрған оңбасын/

Оқу инемен …… /құдық қазғандай/

Бір тал кессен ……/он тал ек/

Оқусыз білім жоқ, …… /Білімсіз күнін жоқ/

Нар жолында ……/жүк қалмас/

3 кезең: «Кім жылдам?»
Жұмбақтың шешу.
«Білімділер» тобына
1. Жеті қазынаның бірі
Адамды қорғап жүретін досы. /ит /
2. Футболшының алаңдағы ойын заты. /доп /
3. Тұмсығымен қозғалар
Соңынан аппақ із қалар /бор /
4. Үсті толы ине,
Бірақта, іс тігіп,
Қадамайды түйме. /Кірпі/
5. Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. /Жел /
«Ойшылдар» тобына
1. Тілі жоқ өзінде, сөзі бар ізінде /қалам /
2. Сағат сайын соғылады
Мектептен табылады. /қоңырау /
3. Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен /Пияз /
4. Қабат – қабат қаттама
Ақылың болса аттама /кітап /
5. Ашылып жабылады
Әр үйден табылады /есік /

«Жүйріктер» тобына

1.Шыңдары шырқау,

Көшіп жүр бір тау. (Түйе)

  1. Жайған жастық сөгілді,

Аппақ мамық төгілді. (Қар)

  1. Желден желігеді

Судан шегінеді. (От)

  1. Жылт-жылт етеді

Жылғадан өтеді. (су)

  1. Өзімнен өзгенің бәрін көремін. (Көз)

4 кезең: «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде 12 ұяшық, Қалауы бойынша таңдап, артындағы сұраққа жауап беру керек. Дұрыс жауап берсе, ұяшықтағы ұпай саны беріледі.

10 10 10
20 20 20
30 30 30
40 40 40

1 — ші қатардағы ұяшықтар
1. Терең мұхиттардағы су астын зерттеуге арналған арнаулы аппарат

/Көкжиек сызығы/
2. Сөз таптарын ата. /зат есім, сан есім, сын есім, етістік/
3. 1841 жылы қазан айында Қостанай облысы, Зотобол ауданында туған ағартушы кім? /Ы. Алтынсарин/
4. Су астында жүзетін адамдардың тыныс алу үшін арнайы, ішіне ауа толтырылған аппарт қалай аталады? / Акваланг/
3 — ші қатардағы ұяшықтар
1. Қандай кірпінің тікені кірмейді? /жаңа туған кірпінің/
2. Қай құс ерте келеді? /таған/
3. Суда туып, құрғақта өмір сүреді. /бақа/
4. Кеше Айнұрдың туған күні болған. Ертең бейсенбі болады. Айнұрдың туған күні аптаның қай күні? /сейсенбі/

Қорытынды:

Ұпай сандарын анықтап, марапаттау.

Әділқазыларына сөз кезегін беру.

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Перейти к верхней панели