Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары

Шарипова Г.К.

Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі- бала шығармашылығының бастауын, қайнар көзін ашып, оны тұлғалық тұғырға көтеру.

Шығармашылық — тұлғаны дамытудың ең тиімді тәсілі. Күнде өзгеріп отырған аласапыран өмірде аман қалу, биіктерге беттеу, нәтижелерге жету тек қана шығармашыл адамдардың қолынан келеді және бұл мәселені неғұрлым ерте қолға алса, соғұрлым нәтижелі болатын дығы ғылымда дәлелденген.                                             Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім — білік, дағдыларды меңгерте отырып, жаңа педагогикалық технологияларды шебер пайдалана білу арқылы оқыту үрдісін демократияландыру және ізгілендіру, сабақтағы оқушының шығармашылық рөлін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету, сол арқылы оқушылардың даралық, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, бейімділіктерін ашу және дамыту қажеттігі туындап отыр.

Шығармашылық барлық адамда болуға тиісті сапа. Алайда, біздің өмірімізде әр адамның жаңалық ашуы сирек кездесетін жағдай. Неге? Американдық ғалым Н.Роджерстің әр адам бала кезінен бастап «Сен мынаны дұрыс жасамадың!», «Бұл қате!», «Олай емес!»деген сынау сөздерді көп естиді. Кейде тіпті жаза да қолданып жатады. Адамдардың өз бойындағы,  «ол менің ісім емес» деген сенімсіздік осыдан басталады екен. Осы пікір саналы адамның баршасына ой саларлықтай. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғышарттарына мыналарды жатқызуға болады.

  1. Шығармашылыққа білетінің деңгейін анықтау.(топтау, бақылау, қалыптастыру)
  2. Қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру.
  3. Оқушы мүмкіншілігіне (потенциалына) сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.                                                                     4.Шығармашылық қабілетін тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама- қайшылықтарды есепке алып, зерттеу.                                                                 5.Оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту.
  4. Шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу үрдісін тәжірибе негізінде жинақтап, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын бақылау.
  5. Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.

Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Жоғарыда аталған мәселенің екінші тармағына тоқталатын болсақ, қызығушылық, ақыл-ойды жетілдіру жеке адам тәрбиесінде

Байланыстырушы буын болыпт абылады. Бастауыш класс оқушыларында жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер баланың бар ақыл-ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді. Қызығушылықтың арқасында  білім де, оны игеру үрдісі де, интелекті  дамыту да қозғаушы күш және жан-жақты дамыған адам тәрбиелеудегі маңызды фактор болуы мүмкін.

К.Д. Ушинский: «Еріксіз көндірумен, күштеу мен алған білім дамыған ақыл тудыра қояр ма екен?» — деген екен. Ендеше, оқыту ерікті қызығушылық жағдайда болуы керек.Сондай-ақ оқушы шығармашылығын дамытуға негізделген әдіс — тәсілдерді тек сабақта ғана емес, смыныптан  тыс жұмыстарда үнеміқолданып отырса, сонда ғана көздеген нәтижеге қол жетері сөзсіз.

Оқушы шығармашылығын дамытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру қажет. Дамыта оқытусабақтағы ерекше ахуал,  мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыра тын  ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылық қабілетін дамытады. Шығармашылық тұлғаны дамытуды ең алдымен шығармашылық ойлаудан бастау керек. Ал шығармашылық ойлауды дамыту үшін не істеу керек? Ол үшін әртүрлі жаңа технологияларды сабақта үнемі пайдалана отырып,  жаңа нәтижеге жету қажет. Шығармашылық ойлауды дамытуға жетелейтін тапсырмалар жаңа буын оқулықтарында орыналған.  Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін осы тапсырмаларды түрлендіріп және жаңа технологиялардың түрлі әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану жолдарын үнемі іздестіріп отырамын.  Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы да оқушыны шығармашылдыққа жетелейді. Оның «Синквейн», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Ассоциация» т.б. әдістерін пайдаланып отырамын.  Ал «Ақыл-ой Одиссеясы» технологиясы да оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлес қосады.                                                                                                                                      Шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы қалыптасатындықтан, ойдың жылдамдығы, икемділігі, тапқырлығы, дәлдігі маңызды рөл атқарады.

Қорыта айтқанда ,жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда үнемі түрлендіріп, тиімді пайдалану, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың бірден-бір жолы. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл, елінің ертеңін ойлар жас жеткіншектерді тәрбиелей аламыз.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *