Судың адам ағзасына пайдасы.

Тақырыбы: Судың адам ағзасына пайдасы
Білім беру саласы: Денсаулық, Қатынас, Таным
Бөлімі: Валеология, Тіл дамыту, Экология
Мақсаты:
Білімділік: су — тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: балалардың сөз байлығын, сөздік қорларын молайту, тәжірибе жасай білу қабілеттерін дамыту, өз бетінше әрекет ете білу, бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: қоршаған ортаны қорғау, суды ластамауға, оны үнемдеуге, қастерлей білуге, ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен керекті құрал — жабдықтар: глобус, суреттер, сүт, су, қасық
Қолданылатын әдістер: слайд, түсіндіру, сұрақ — жауап, ойын, көрсету, тәжірибелер, суреттерді құрастыру.
Сөздік қор: су — тіршілік көзі, глобус, мұхит, өзен, көл, суды сақтау, үнемдеу.
Музыка ойналып тұрады. Тәрбиеші көк жамылғы жамылған. Балалар кіреді. Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар, танысып қоялық. Мен — су патшайымы боламын, ал сіздердің аттарыңыз кім? (Балалар өз аттарын айтады)
Су патшайымы: Мен сіздерге жұмбақ жасырайын, ал сендер шешуін табыңдар.
— Шомыласың, жүзесің,
Шөлдегенде ішесің. Бұл не?(балалардың жауаптары) Су патшайымы: мен сіздермен күнде кездесіп тұрамын. Бүгін біз су туралы әңгімелеп және оның қасиетімен танысамыз. Балаларға глобусты көрсетеді.
Глобус — жер бейнесі екендігін түсіндіріп, неліктен көп бөлігінің көк түспен боялғанын сұрайды. Мұхит шуының аудио жазбасын тыңдатады. Жердің көп бөлігін су алып жатқандықтан көк түспен боялғанын түсіндіреді.
— Бізге су не үшін керек?
Балалар: біз суды ішеміз, жуынамыз.
Су патшайымы: дұрыс, балалар. Бізге су өте қажет. Суды ішеміз, тамақ әзірлейміз, шомыламыз, киімдерімізді жуамыз, үй тазалаймыз. Су дегеніміз не? Балалар табиғаттың бізге сыйлаған сыйының бірі — су. Сусыз тіршілік жоқ. Суды көк түспен белгілейміз. Су өмір бойы айналымда болады. Ол қармен, жаңбырмен, жерге түседі, бұлақ болып өзенді құрайды, күн шуағымен бу болады, бу болып аспанға көтеріледі, жер бетіне жаңбыр болып қайта оралады. (Судың айналымын слайд арқылы көрсету). Адамдарға, жан — жануарларға, құстарға, өсімдіктерге су өте қажет. Сусыз тіршілік ете алмайды. Су — тіршіліктің көзі. Балалар, тазалық сақтау ережесін есімізге түсірейікші. Сендер даладан ойнап келген кезде немесе тамақ ішер алдында қолдарыңды жуасыңдар ғой, қолды жуу ретін маған айтып беріңдерші. Ойын — жаттығу: «Қолды дұрыс жуу алгоритмі»
Жуу ретін балалардан сұрау.(Жауабын слайд арқылы тексеру.)
Су патшайымы: Балалар, біздер су туралы, қандай тақпақ білеміз? (Балалар тақпақтарын айтады.)
Сылдырайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Аппақ сенің маңдайың.
Табиғаттың досы,
Су дегенің осы.

Су патшайымы: Көрдіңдер ме, мен сендермен әр кез біргемін, менің жұмысым өте көп, бірақ мен бүгін мұнда дем алып, сендермен бірге ойнаймын. Менің ең сүйікті ойыным — сумен ойнау. Балалар, араларыңда суды ұстай алатын бала бар ма?
(Балалардың жауабы )
Су патшайымы: Алақандарыңды жайындар (алақанына су құяды, су сырғып ағып кетеді) Суды ұстау қиын, ол ағып кетеді. Балалар, біз суды қалай ұстаймыз? (Балалардың ішінен біреуі суды қатырып ұстау керек деп жауап береді.)
Су патшайымы әр баланың алақанына мұз кубиктерін салады. Міне, енді су мұзға айналды, ол ағып кетпейді, ұстауға болады. Судың суық және ыстық күйі болады. Су қайнаған кезде буға айналады. Ал судың пішіні қандай? Қазір біз судың пішіні қандай екенін көреміз.(Су патшайымы балаларды үстелге шақырады.) Үстел үстінде резеңке қолғап, шар тәрізді ыдыс, стақан, әр түрлі пішіндегі ыдыстарға су құяды. Судың пішіні қандай болды?
(балалар судың әртүрлі пішінде болғанын айтады.)
Су патшайымы: Неліктен су әртүрлі пішінге енді. (Су сұйық, ағады.)
Нәтиже: Судың пішіні жоқ, ол сұйық, қандай ыдысқа құйсаң, сондай пішінге енеді.
Әр баланың алдында екі стақан: бірі — су, екіншісі — сүт құйылған. Қасықты суға, сүтке малуды ұсынады.
Су патшайымы: Не байқадыңдар?
(сүт құйған стақаннан қасық көрінбейді, ал судан көрінеді.)
Су патшайымы: Неліктен?
Нәтиже: (Су мөлдір)
Балалар судың иісі барма? Қалай білуге болады?
Нәтиже: Су иіссіз. Иісі жоқ.
Су патшайымы: Балалар судың дәмі бар жоғын қалай білеміз?
(Ішіп көру керек)
Нәтиже: Судың дәмі болмайды, суда дәм жоқ.
Су патшайымы: Балалар су дәмді болу үшін не істеу керек?
(Балалар шекер, қант салып араластырып дәмін көреді.)
Сергіту сәті. Қимылды ойын: «Тамшылар»
Шарты: Тәрбиеші бұлт — ана. Балалар — тамшылар. Музыка ойналып, тамшылар серуенге шығады. Жүгіреді, секіреді, билейді. Тамшылар жерге түседі. Олар бірігіп, ағын су болады. (Бір — бірінің қолдарынан ұстайды.) Бірігіп үлкен өзен жасайды, бір тізбекке тізіледі. Осылайша үлкен мұхитқа тап болады. (Балалар шеңбер жасап, жүреді.) Мұхитта жүзіп жүріп, үйге қайту керектігі естеріне түседі. Сол сәтте күн келіп оларды қыздырады. (Күн бала келіп билейді) Тамшылар жеңіл көтеріліп, жоғарыға созылады.(Отырған тамшылар тұрып, қолдарын жоғары созады). Күннің шуағынан буға арналған тамшылар үйлеріне, Бұлт — анаға оралады. — Жарайсыңдар, тамшылар! Жақсы серуендедіңдер ме?
Дамытушы ойын: «Қайсысына су қажет?» (ұжымдық жұмыс)
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Қайсысына су қажет екендігін тауып, оны фонға орналастыра білуге үйрету. Судың қажеттілігін және маңыздылығын түсіне білуге, суды орнымен пайдалануға тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Суреттен суды қажет ететін нәрселерді тауып, орналастыру.(Балық, гүл, адам, жануарлар, құстар, т. б.)
Су патшайымы: Балалар ойын сендерге ұнады ма?
— Балалар бұл сурет нені білдіреді? (Краннан ағып тұрған су тамшылары). Слайдтан көрсетеді.
(Суды жауып қою, үнемдеу, сақтау керек.)
Су патшайымы: дұрыс балалар. Суды жауып қою, үнемдеу, сақтау керек. Жуынып болған соң, ашық күйде тастауға болмайды. Су үлкен өзендерден құбыр арқылы бізге таза су болып келеді. Егер біз суды жабуды ұмытатын болсақ, онда таза су азайып қалады.
Су туралы қандай мақал — мәтелдер білесіңдер?
Балалар: 1. Су бар жерде ырыс бар.
2. Сулы жер, нулы жер.
3. Судың да сұрауы бар.
Су патшайымы: су туралы қандай тыйым сөздер бар?
Балалар: 1. Су ішкен құдығыңа түкірме.
2. Суды төкпе.
3. Судың бетін ашық тастама
Су патшайымы:
— бүгін біздер не туралы айттық?
— Су не үшін керек екен?
— Сусыз өмір сүруге бола ма?
— қандай тәжірибелер жасадық?
— Су кімдерге, нелерге керек екен? (сұрақ — жауап жүргізу)
— Балалар мен сендермен уақытымды көңілді әрі қызықты өткіздім. Барлығың да менің сұрақтарыма жауап беріп, өздеріңді жақсы жағынан көрсеттіңдер, сендерге рахмет! Мені үлкен жұмыстар күтіп тұ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *