Суды қорғау

Кожабаева Дакен Ргебаевна

Дүниетану

Тақырыбы: Суды қорғау.

 Мақсаты:

  • Судың адам өміріндегі маңызы, оны қорғау жолдары туралы түсінік беру. Сабақта алған білімдерін жүйелеу.
  • Дүниетанымын, ой-өрісін пәнге деген қызығушылығын дамыту.
  • Салауатты өмір салтына, табиғатты қорғау сезіміне тәрбиелеу.

Түрі: Бекіту сабағы.

Әдісі: Түсіндіру, мәтінмен жұмыс, жеке, жұппен, топпен жұмыс, топтастыру, кубизм, Венн диаграммасы.

Көрнекілігі: Карта, тірек сызба, ребус, суреттер, магнитофон.

Қолданылатын технология: Сын тұрғысынан ойлау.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең.

а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  1. Психологиялық дайындық.

Шаттық  шеңбері:

Енді бір-бірімізге достық, жолдастық және жүректегі жылы лебімізді қалай сездіреміз?

  1. а) Топқа бөлу. Жыл мезгілдері жазылған парақшалар таратылып беріледі де, сол бойынша топқа бөлінеді.

   ә) Топ жетекшілерін сайлау.

          Бағалау парағын топ жетекшілеріне беру.

 — Әрбір жыл мезгілі неше айдан тұрады?

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күз айларын ата.
  • ҚР-ның рәміздеріне нелер жатады?
  • Тудың авторы, Елтаңбаның авторы, Гимннің авторы кімдер?
  1. Өткен тақырыпты қайталау (кубизм бойынша).
  • Өзен қандай бөліктерден тұрады?
  • Картадан Қазақстандағы ірі өзендер мен көлдерді көрсету.
  • Артезиан құдығының кәдімгі құдықтан айырмашылығы қандай?
  • Жер асты суы қалай пайда болады?
  1. Қызығушылықты ояту.

Тақтадағы ережені оқу.

Топпен жұмыс.

Қыс. 1-топ. Суға байланысты нақыл сөздер жазу.

Көктем. 2-топ. Судың табиғаттағы күйіне байланысты жұмбақ құрастыру.

Жаз. 3-топ. Судың адаммен табиғаттағы маңызы. Венн диаграммасы.

Күз. 4-топ. Табиғатта қоспасы жоқ, тап-таза су бола ма?

  1. Сергіту сәті.
  2. Суретті жұмбақ шешу арқылы тақырыптың атын шығару. Ребус

а) Мақсатын хабарлау.

  1. Мағынасын ашу.

а) Мұғалімнің түсіндірмесі.

Сусыз жер бетіндегі ешбір ағза тіршілік ете алмайды. Ол барлық жануарлармен өсімдіктердің құрамына кіреді. Адам денесі 30-дан 90 пайызға дейін судан тұрады. Салмағы 70 кг адам денесінде 50 кг су болады екен. Оның мөлшері 17 кг кемісе адам өледі. Ендеше адам тамақ ішпей бір айдан астам уақыт өмір сүре алады, ал сусыз үш күнде тура алмайды. Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.

Жер бетінің 2/3 (үштен екі) бөлігін су алып жатыр. Ал судың жетіспеушілігінің екі себебі бар. 1-шіден судың 98% пайызы пайланануға жарамайтын мұхит пен теңіз суы. Жер бетіндегі судың 2% пайызы ғана тұщы су, Судың басым көпшілігі суық аймақтар мен тау басындағы мұздықтарға қатып жатыр. Сондықтан адам судың 0,1% пайызын ғана пайдаланылады. Ауыз су тапшылығы әлеуметтік проблема. Жер шарының 60 пайызында тұратын халық тұщы судың болмауынан зардап шегеді. Мысалы: Грецияның Афинияға жақын аудандарында ауыз суы жоқ. Ал Югославияда су кемемен жеткізіледі. Ал біздің қаламызда бұл проблема бар деуге болады. Мысалы: Қаламыздың Восток жағы Сергипель суын, ал 4, 6, 7  ықшам аудандары Ертістің суын алсақ, Ескі қала (старый город) мен Оңтүстік жағалау (правый берег) (Нижныйбеф) Нұраның су қоймаларынан қолданылады.

2-шіден адам табиғаттағы суды таза күйінде алады да, ластанған күйінде қайтарады. Өндіріс орындарынан зауыттар мен тұрғын үй жайлардан шыққан сарқынды су, улы заттармен уланған су өзен, көл, жер асты суларын ластап,  ондағы балықтар мен жәндіктерді қырылуына әсерін тигізеді. Осының бәрі су қоймаларының суын қорғау қажеттілігін туғызады.

Су қоймаларын қорғау туралы біздің елімізде заң қабылданған. Онда барлық сарқынды сулар міндетті түрде зиянды қоспалардан тазартылу керек делінген.

  1. Оқулықпен жұмыс.

Суды қорғау мәтінін 2-3 оқушыға оқыту.

  1. Алгоритмді сұрақтарға жауап бере отырып, дәптерге жазу.

Не? (су)

Қандай? (түссіз мөлдір, ащы, тұщы)

Түрлері? (сүйық, қатты, бу)

Зиянды заттар? (өнеркәсіп кен орындары, мұнай қалдықтары, шайындылар т.б.)

  1. Ой толғаныс.

Топпен жұмыс.

1-топ. Ластанған судың зияны.

2-топ. Суды қорғау шаралары.

3-топ. Суға байланысты мақал-мәтел.

4-топ. Суды қорғау «эссе» жазу.

Мұғалім: Ластанған суды тазарту үшін не істеу керек? (қайнату, түндыру, сүзу, хлорлау)

  1. Көрініс (Таза бұлақ).
  2. «Бұлақ көрсең көзін аш» — деген сөздің мағынасын ашу.

Осы мақалды ата-абаларымыз текке айтпаған екен. Су біздің байлығымыз, оны таза ұстауға көңіл бөліп, оған қамқорлықпен қорғау әр уақытта есте болсын!

  1. Үйге тапсырма: «Суды қорғау» тақырыбына өлең шыңғару, мазмұндау.

Рефлексия:

Бағалау: Топ жетешілері бағалайды

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *